Еуразия материгінің өзендері мен көлдері

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 491
  • Оқушымен жұмыс
  • 08/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21608


Сабақтын тақырыбы: Еуразия материгінің өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Еуразия материгінде орналасқан өзендер мен көлдердің географиялық орнымен таныстыру, ірі өзендер мен көлдерге жекеше сипаттама беру.
Түзете-дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Топпен және жекелей жұмыс жасаумен бірге шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Туған жерін, Отанының табиғатын сүюге тәрбиелеу және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: жарты шарлар картасы, Еуразия материгінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, мультимедиялық проектор.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу
- оқушыларды түгендеу
- ″орныңды тап″ ойыны арқылы 2 топқа бөліну.
ІІ. Үй тапсырмасын бағалау.
″Білім жинақтау″
1. Біз тұратын ғаламшар қалай аталады?
2. Жер ғаламшары неден тұрады?
3. Дүние жүзінде неше материк бар?
4. Неше мұхит бар?
5. Еуразия материгі қай жарты шарда орналасқан?
6. Еуразия материгінің қандай ерекшелігі бар?

Географиялық дуэль .
(2 топ бір-біріне сұрақ қояды, географиялық объектілерді картадан көрсетеді)

1 топ (Бірлік) 2 топ (Кирилл)
Скандинавие түбегі Камчатка түбегі
Үндістан түбегі Арабия түбегі
Жаңа жер аралы Шри-Ланка аралы
Сахалин аралы Жапон аралы
Исландия аралы Ирландия аралы

ІІІ. Жаңа сабақ
Еуразия материгі өзен көлдерге бай. Өзендердің басым көпшілігі таулардан басын алып мұхиттарға құяды.
Ірі өзендері: Дунай, Волга, Амудария, Сырдария, Лена, Объ, Енесей, Хуанхэ, Үнді,Ганг т.б.
Ірі көлдері: Каспий, Арал, Онего, Ладого, Байкал, Балқаш т.б
Өзендердің қоректенуі:
- Мұз суымен
- Қар суымен
- Жаңбыр суымен
- Жер асты суларымен

Өзен суының шектен-тыс молаюы табиғи апатқа да әкеп соғып
жатады.
Халық шаруашылығындағы маңызы:
- Егін, бау-бақша суару
- Мал шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Қатынас құралы (транспорттық жол)
- Демалыс орны
Су-тіршілік көзі. Ол адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын береке бастауы.
Судың қадірін қасиетін ата-бабамыз ежелден білген.
Қандай мақал бар?
1. Су-жүрген жер береке
Ел-жүрген жер мереке
2. Судың да сұрауы бар
3. Су бар жерде-өмір бар.
4. Сулы жер-нулы жер.
5. Өзен бойлағанның-өзегі талмас.

Жаңа сабақты бекіту тапсырмасы.
І Топ. Сәйкестендір

Ертіс
Амазонка
Волга
Еуразия Сырдария
Ніл
Амудария
Енесей
2 топ. Сәйкестендір

Байкал
Чад
Еуразия Каспий
Онего
Балқаш
Титикака
Қорытынды.
Үйге тапсырма: Еуразия материгінің өзендері мен көлдері.
Бағалау:
1. 1 Тәрбие.орг сайтынан Еуразия материгінің өзендері мен көлдері Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Пангалиева Фарида Маханбетовна

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты География-жаратылыстану пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar