Гүлдер,гүлдер, әсем гүлдер

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 100
  • Оқушымен жұмыс
  • 18/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23340


Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
Ораңғай ауылы
«Шұғыла» бөбекжай балабақшасы.
«Гүлдер,гүлдер, әсем гүлдер»
Мақсаты: Көрікті көктем мезгілінде өсетін дала гүлдерімен таныстыру,көргендерін бейнелеу іс-әрекетінде қағаз бетіне түсіре білуге үйрету, тіл байлықтарын дамыту, ұқыпты жұмыс жасауға, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Ойын түсіндіру, көрсету, жұмбақ айту, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Көктем мезгілінің, гүлдердің суреттері, атрибуттар.
Оқу іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық «Тілек шоғы»
Тәрбиеші қолындағы гүлді оң жағында тұрған балаға есімін атап тілек айтып ұсынады.
Кімде-кім жақсы айтып, жылы ниет білдіріп тілек тілесе,ол өзіне «Тілек шоғы» болып оралады екен. Балалар тәрбиеші ұсынған гүлін өзінің гүлімен бірге тілек айта отырып келесі балаға ұсынады. Гүлдерін көбейтіп «Тілек шоғы» болып тәрбиешіге беріледі.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік

I-топ

II- топ

III- топ

IV- топ

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын

Рефлекциялық-түзетушілік

-Балалар сендердің көктем мезгілінің ерекшеліктерін қалай білетіндеріңді байқау үшін «Сөйлемді жалғастыр» ойынын ойнайық. Балалар бұл ойында мен сөйлемнің басын айтамын, сендер сөйлемді жалғастырып айтуларың керек.

Көктемде
Құстар
Ағаштар
Малдар
Гүлдер
Өте жақсы біледі екенсіңдер. Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Адамдардың бәрі қызығады Ұстай берсең сәні бұзылады.
Дұрыс гүл екен. Көктем мезгілінде далада, қырда әдемі гүлдер шыға бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек деп аталады. Содан соң қызғалдақ, бақбақ гүлі шығады.

Көктем гүлдері туралы кім-қандай тақпақтар біледі.

Балалар біз бір апта бойы гүлдер әлемімен танысып келеміз.

Балалар мен сендерге тағы жұмбақ айтқым келіп тұр.

Киген қалпағы аппақ,
Басында тұр қаптап.
Бір өсімдік бар
Бір көргенде сап-сары
Бір көргенде аппақ
Үрлесең ұшып кетеді
Бұл не?

Қызғалдақ туралы түсінік беру, қызғалдақ гүлі сәуір айынан бастап гүлдейді. Қызғалдақ дала гүліне жатады. Қызғалдақ дәрілік өсімдік болып есептеледі. Қызғалдақтан түрлі дәрі-дәрмек дайындайды.

Балалар, бақбақ гүлінің, қызғалдақ гүлінің қандай екенін білдік.

Енді осы гүлдердіі 4-топқа бөлініп жұмыс жасайық.

Ақ қағаз бетіне бақбақ гүлінің суретін салыңдар.

Балалар құмды себу арқылы қызғалдақ гүлінің суретін салыңдар.

Гүлдердің сәйкесін табыңдар.

Дала гүлдерінен мойыншақ жаса.

Күндей болып күлеміз.
Гүлдей болып өсеміз
Құстай болып ұшамыз
Көбелектей қонамыз.
«Гүлдерді аяқпен баспа»
Ойын шарты:
Тәрбиеші еденге қағаздан жасалған гүлдерді, жайып тастайды. Балалар гүлдерді баспай, арасымен өтулері тиіс.

Бүлдіршіндердің салған суреттерін, жұмыстарын мадақтап жұлдызша беру сұрақ қою.
Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?
Тағы қандай көктем гүлдерін білесіңдер?
Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?
Қандай гүлдердің сәйкесін таптыңдар?
Ендеше осындай жақсы көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.



Қар ериді
Оралады
Бүршік жарады
Төлдейді
Шыға бастайды

Гүл

1-бала.
Қара торғай келіпті,
Үйшік жасап берейік,
Алғашқы гүл көрікті.
Бәйшешекті терейік.
2-бала
Алғаш рет күркіреп
Ағыл –тегіл жауса күн,
Қырға шығар қызарып.
Әдемі гүл қызғалдақ.
3-бала
Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ
Уф десем бақбақ
Ұшасың ғой қаптап.

Бақбақ гүлі.

Балалар ақ қағазға бақбақ гүлінің суретін салады

Балалар құмды себу арқылы қызғалдақ гүлінің суретін салады.

Балалар гүлдерді бір-біріне салыстыру арқылы гүлдің сәйкесін табады.
Балалар гүлдерді бақбақ,қызғалдақтан мойыншақ жасайды.

Балалар өлеңге сай қимыл –қозғалыс жасайды.

Балалар гүлдерді баспай арасынан өтеді.

-Бәйшешек
-Бақбақ,қызғалдақ

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: көктем мезгілінің ерекшеліктерін.
Меңгергені: көктемгі әсем гүлдер жайлы түсініктерді.
Нені білген: берілген сұрақтарға толық жауап бере алады. Құмды себу арқылы гүлдің суретін сала алады. Гүлдердің сәйкесін таба алады Тәрбие.орг сайтынан Гүлдер,гүлдер, әсем гүлдер Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Макураш Патцаева

Оңтүстік Қазақстан облысы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar