Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ИНФОРМАТИКА 8 СЫНЫП ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
  • 28.11.2016
  • 124 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20251

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (953.0Kb)

Кіріспе

Бұл жұмыс дәптері 8 сыныптың «Информатика» оқулығына негізделіп дайындалды. Дәптерде үлгермеуші оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және пән бойынша игере алмаған білімдерін толықтыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырмалар берілген.

Оқушыларға арналған «Жұмыс дәптерінің» басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше еңбектене отырып, өзінің ойын тұжырымдап, қорытынды жасауға үйрету.

Олар сабақты түсіндіру, пысықтау барысында және үйге тапсырма ретінде беріледі.

«Жұмыс дәптерін» пайдалану барысында оқушыларда көптеген біліктер қалыптасады:

1. Әр түрлі суреттерді, кестелерді толтыру арқылы оқушылар оқулықтан алған білімдерін молайтады.
2. Әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына жауап жазу, кестені толтыру арқылы білім деңгейі жоғарылап, белгілі бір қорытындыға келеді.
3. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының ойлау қабілеті дамып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады.

Мұғалім материалды алған білімді бекітуге де, сонымен қатар оқушылар білімін тексеруге де пайдалана алады.

Күні____________ Сабақ №1
1.Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК-де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
5. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
6. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын кауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін
және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне
көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі кою керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең колайлы кашықтығын (60-
70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету
әдістерін, өрт сөндіргіпшен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды
немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға
болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды
пайдаланып босатуға болады. Тәрбие.орг сайтынан ИНФОРМАТИКА 8 СЫНЫП ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Назген Мейрахат

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №50 орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Оқушымен жұмыс
Көрсетілім: 124 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar