Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 743
  • Оқушымен жұмыс
  • 05/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18940


Интеллектуалдық ойын
«XXI ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,
шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды қазақ тілінен
басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде
пайдалануға үйрету.
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, тақта, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Іс-шараның барысы.

Ойынға қатысушылармен танысу.
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бұл ойын бастауыш сыныптар арасында өтетін іс-шара болып табылады. Оқушылар өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпен, байқауымызға қош келіпсіздер! Соған орай қазақ тілі мен дүниетану, математика пәндері бойынша және Қазақстан бойынша сұрақтар қойылады. Біздің мектептің оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» деген интеллектуалдық ойынды өткізуге рұқсат етіңіздер.
- Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1-ші қатысушы – 4 «А» сынып оқушысы Бердімұрат Қанағат
2-ші қатысушы - 4 «Ә»сынып оқушысы Цыбанев Руслан
3-ші қатысушы – 3 «Ә» сынып оқушысы Қасым Мөлдір
4-ші қатысушы -– 3 «А» сынып оқушысы Алдияр
5-ші қатысушы – 2 «Ә» сынып оқушысы Қасым Қарақат
6-шы қатысушы –– 2 «А» сынып оқушысы Түйен Айсана
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
1. Абай аудандық білім бөлімінің әдіскері – Шагираова Сая Дәулетовна
2. Мектеп директоры- Юсупова Бижамал Тұяққызы
3. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі- Кемелхан Гүлжазира
4.Тарих пәнінін мұғалімі – Қолдаспай Мұрат Амантайұлы
5. Ағылшын пән мұғалімі- Мигджигитова Мұқадас Алтынбековна
6. Есепші - Әбілдина Перизат Азатқызы

Сонымен қатар, біздің ойында есепші барлық ұпайларды санап, тақтаға жазып, көрсетеді. Есепші әділ-қазыларға санауға көмектеседі.
2. Кіріспе сөз.
Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.

- Бүгінгі интеллектуалды ойын бес кезеңнен тұрады:
I кезең – «Бәйге»
II кезең – «Полиглот»
III кезең – «Ғажайып алаң»
IV кезең – «Қиял әлемінде»
V кезең - «Жорға»

3. Ойынның барысы:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе, біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
жүргізуші:
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген, оған бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Кезеңнің соңында Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
1 жүргізуші:
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай..
1жүргізуші:
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білемін деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайдық жүйе беріледі. Бұл кезеңде 1 оқушы ойыннан шығады
1 жүргізуші:
4 кезең «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек. Бұл кезеңде ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады

1 жүргізуші:
5 кезең «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
1-жүргізуші:
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Ал енді, бірінші кезеңді бастайық.
«Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1 кезең БӘЙГЕ«
Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі
1.«Кел, балалар, оқулық!» өлеңінің авторы . Алтынсарин
2.Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының батыры? Бегелдинов
3.Азайтудың компонентін ата.
4.Нар деген не? (жалғыз өркешті түйе)
5.Ата заң қашан қабылданды?
6.Судың үш күйі
7.Абайдың бес нәрседен қашық бол дегені?
8.Қазақ билерін ата.
9.Бітеу буын дегеніміз не?
10.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
11.Төрт түлікті ата.
12.Тұйық буын дегеніміз не?
13. Абайдың бес нәрсеге асық бол дегені не?
14.Жүз жасаған ақын? Жамбыл
15.Тоқтар Әубәкіровтың туған жері? Қарағанды
16.Тудың авторы? Ш.Ниязбеков
17.Елтаңбаның авторы? Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов
18.Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов.

II кезең – «Полиглот»
«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар.
Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі. Керекті сөздің орнын тауып, үш тілде аудармасын табу керек.
Кім жылдам, әрі тез болса сол оқушы табысты болады.
1.Гүл өссе – жердің көркі,
. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка- гёл)
2. Ел іші – алтын ... (бесік – колыбель - )
3. Білімді өлсе,
Қағазда ... қалар (есімі- имя - нейм)
4. .... - үлкен мектеп (Өмір – жизнь-лайф)
5.... – алтын қазына ( тіл – язык-ленгвич)
6.... – отбасынан басталады (отан – родина-мазеленд)
7. ... – ақылдың көркі (Білім – знание -наулеж)
8. ... - білім бұлағы (оқу – учеба-стади)
9. ... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга- бук)
10.... алды – қызық тіл (өнер – искусство-аам)

Қорытынды жасаймыз.

Сөз әділқазы алқасына беріледі. Келесі кезеңіміз III – «Ғажайып алаң»
Бұл кезеңде қазақ тілі мен дүниетану,математика, қазақстан пәнідері бойынша сұрақтар беріледі.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын!
Ғажайып алаң
қазақ тілі дүниетану математика қазақстан
10 10 10 10
20 20 20 20
30 30 30 30
40 40 40 40
50 50 50 50

Қазақ тілі пәні бойынша
1. 10 ұпай- Зат есімнің сұрақтары?
2. 20 ұпай – Күн жылынды. Лепті сөйлемге айналдыр.
3. 30 ұпай- Жомар –сөзінің қарсы мәндес сөзі?
4. 40 ұпай- Мәтін түрлерін ата. (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)
5. 50 ұпай - Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді қалай атайды? (күрделі)
Дүниетану пәні бойынша
1. 10 ұпай – Сезім мүшелерін ата? (көз,құлақ,тіл,мұрын,тері)
2. 20 ұпай -Түсті металдарды ата?
3. 30 ұпай- Гүлзар деген не? (ГҮЛ)
4. 40 ұпай - Қазақстанның ірі өзендерін ата? (Іле )
5. 50 ұпай - Қ.Р.Конституциясы қашан қабалданды? (1995 жыл)
Математика пәні бойынша

1. 10 ұпай – 40 пен 30-дың қосындысы нешеге тең? (70)
2. 20 ұпай – 4 пен 3-тің көбейтіндісі нешеге тең? (12)
3. 30 ұпай –9 бен 7 нің айырмасын 9- ға көбейт? (18)
4. 40 ұпай - 3 тәулікте неше сағат бар? (72)
5. 50 ұпай – Амалдарды орында. 2 мин 30сек- 56 сек (1 мин,34 секунт)
Қазақстан саласы бойынша
1. 10 ұпай – Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы? (Алматы)
2. 20 ұпай ұпай – Орталық Қазақстан қалай аталады? (Сарыарқа)
3. 30 ұпай - Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр? (Рақымжан)
4. 40 ұпай – Ұлы жүздің биі? (Төле би)
5. 50 ұпай - Қазақтың батыр қыздары? (Әлия, Мәншүк)
Ән: «Балдәурен» Адарыңызда 3 «ә» сынып оқушылары

Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Келесі кезең 4 кезең «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ»
Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастыру керек. 5 минут уақыт беріледі.
А) «Қазақстан» тақырыбына эссе жазу
1-жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асыл тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

Жанкүйерлерге сұрақтар:
1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
3.Халқаралық тіл (ағылшын)
4.Бала дәрігері (педиатор)
5.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
6.Мұсылмандар діні (Ислам)
7. Жаздан кейін не келеді? (күз)
8. Бір жылда 12 не бар? (ай)
9. Наурызда пісірілетін тағам? (наурызкөже)
10. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)
11. Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)
12.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
13. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
Мектебіміздің жас скрипкашы қызымыз Мутай Алинаны қарсы алайық.
Бұл кезеңде өз мәресіне жетті. Ендігі, сөз әділқазылар алқасынының назарына беріледі. Бұл сайыта ең үздік деген екі оқушы алдыға шығады.
V кезең - «Жорға»
1- жүргізуші:
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!
Ең үздік деп аталған екі оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!
Алдымен, ұпай аз оқушыдан бастап, сұрақтар қойылады.
Бірінші оқушыға қойылатын сұрақтары:
1. Астана қаласындағы өзен? (Есіл)
2.Барлық қабырғалары тең фигура? (шаршы)
3. Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (шаңырақ)
4.Алғаш мектеп ашқан қазақ педагогі? (Ы. Алтынсарин)
5.Қазақстан Республикасының алғаш призиденті? (Нұрсұлтан Назарбаев)
6. Не істеді? Қайтті? Сұарақтарына қай сөз табы жауап береді? (етістік)
7. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
8. Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап. Нағашы атасы
9. Әбілхан Қастеев- кім? Суретші
10. Балалар әдебиетінің негізін салушы? Алтынсарин

Екінші оқушының сұрақтары:
1.Жазуға арналған құрал? (бор)
2.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3)
3.Бас қала? (Астана)
4. Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды? (кереге)
5. «Адам болам десеңіз» өлеңін кім жазды? (Абай)
6. Қыс мезгілінің екінші айы? (ақпан)
7. Сын есімнің сұрақтары? ( )
8. Шешесінің анасы балаға кім болатынын тап. ( Нағашы апасы)
9. «Ана» сөзі ағылшын тілінде қалай болады? (мазе)
10. Алғаш рет ғарышқа ұшқан орыс ғарышкер (Юрий Гагарин)

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!
Жеңімпазды анықтап, марапаттау.
Хор: Ортамызда «Арай» тобы «Астана» әнімен
Жүргізуші:
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Әділ-қазылардың назарына!
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген, оған бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Кезеңнің соңында Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.
1жүргізуші:
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білемін деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайдық жүйе беріледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады
1 жүргізуші:
4 кезең «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.Ұпай саны аз бір оқушы ойыннан шығады.
1 жүргізуші:
5 кезең «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс. Тәрбие.орг сайтынан Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы» Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айгерим Абеуова

Пікірлер: 0

avatar