Көркем жазуға үйрету

  • Жүктеулер: 23
  • Көрсетілім: 873
  • Оқушымен жұмыс
  • 25/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20692


Шериева Ақмарал
№7 арнайы түзету мектеп-интернаты
Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы: Көркем жазуға үйрету
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды әріптер мен әріп элементтерін бұзбай
жазуға үйрету. Соңғы элементтері имек сызықтарға
аяқталған бас әріптер мен кіші әріптердің өзара
дұрыс байланыстырып жазу машықтандыру.
Тәрбиелік: көркем жазу арқылы оқушыларды әсемдікке,әдемі-
лікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Ұжымда ойын
жүйелеуге,өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін
тыңдауға баулу.
Дамытушылық: әріптердің негізгі элементтерін біркелкі келбетпен
жазуға дағдыландыру. Оқушылардың зейінін,ойын
сөйлеу тілін , көру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: көркем жазу үлгілері,суреттер,
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ой қозғау,мағына ашу,өзіндік жұмыс,
сұрақ-жауап.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ә) Оқушылардың оқу құралдарының дайындығын тексеріп,назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп,өткен сабақты пысықтау кезеңі.
а) Үзіліссіз және үзіліспен жазылатын әріптерге байланысты берілген тапсырманы дәптерлерінен тексеру.
ә) Білімдерін жан-жақты тиянақтау мақсатымен сұрақтар беріліп,оның жауабын тақтада жазу.
1. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер тобын жазып бер.( ә,б,в,г,е,о,с,ь)
2. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер тобын жазу.( а,д,з,и,л,м,н,ң.п,т,у,һ,ц,ч,ш,щ,ы,ю,я.)
3. Бір үзіліспен жазылатын кіші әріптер тобын жазу.(ғ,й к,қ,ө,р,ұ,х,і,э.)
4. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер тобын жазу.( ё, ф,ж.)
5. Үзіліссіз жазылатын бас әріптерді жазу( Ә,В,Д,Е,З,И,Л,М,Н,О,С,У,Ү,Ц,Ч,Ш,Щ,Ы,Ю,Я)
6. Бір үзіліспен жазылатын екі элементті бас әріптер тобын жазу( А,Б,Г,Р,Х,К,Қ,Ұ,Ө,Э)
7. Екі үзіліспен жазылатын бас әріптер тобын жазу( ё,Ғ,Ж,П,Ф)
8. Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріптерді жазу ( Т)
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Мұғалімнің кіріспесі:
- Көркем жазу көзбен қабылданады да,қолмен іске асады. Жақсы үлгілерді көп қайталап жазудың арқасында көркем жазу туады.
Көркем жазу табиғаты ,әрине асықпай жазуды талап етеді.Алайда жазудың өте баяу болуы біздің сабағымызға кедергі келтіреді.Сынып жоғарылаған сайын жедел жазу міндеті жүктеледі.
Әдемі,көркем жазу сендердің мінез-құлықтарыңды тәрбиелейді.Таза,сұлу,көркем жазылған жазба жұмыстары даоңай ,тез оқуға мүнкіндік беріп қана қоймайды,сонымен қатар көрер көзге де сүйкімді.
2) Ой қозғау
Интерактивті байланыс тақтасынан бірнеше суреттер көрсетіледі.
( торсық,ою-өрнек,ер-тұрман,гүл,аққу)
Сұрақтар беріледі.
- Осы суреттерді мұқият көріп алып,барлығына ортақ белгіні анықтаңдар.( оқушылар ортақ белгі имек болып тұрғанын айтады)
3) Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.
4) Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Әріптердің бір-бірімен қосылу ерекшеліктеріне қарай қазақ тіліндегі әріптер екі топқа бөлінеді
Бірінші топ.Соңғы элементтері имек сызықтарға аяқталған бас әріптер мен кіші әріптер.
Екінші топ. Оң жағы дөңгеленген элементтерге аяқталған бас әріптер мен кіші әріптер.
- Бүгін біз бірінші тобымен танысамыз.Бұл топтағы әріптердің соңғы негізгі элементтері келесі әріптермен үзіліссіз жазылады.Мұның өзі жазу жылдамдығын жеделдетуге айтарлықтай мүмкіндік береді.( тақтадан әріптер тобы көрсетіледі)
5) Тақтадан даярлық жаттығулары көрсетіледі.
6) Дәптермен жұмыс
Күн ретін,сабақтың тақырыбын, даярлық жаттығуларын дәптерлеріне жазып алады.
7) Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Бұл топтағы әріптердің ішінде кейбір ғ,ё,и,ө,ұ,і сияқты әріптердің үстіне,ортасына қойылатын қосымша белгілерсөзді үзіп жазуға мәжбүр етіп,жазу қарқынын баяулатады. Мұндай әріптерді жазған кезде қосымша белгілерін қоймай кету немесе бұрмалап жазу сияқты қателер кетеді.
-Бұл әріптердің басым көпшілігі келесі әріптермен төменгі жағынан қосылады. Кейбір дөңгелекшелермен жазылатын әріптермен жоғарғы немесе ортаңғы жағынан байланысады.
8) Жаттығу жұмысы.
9) Балаларды сергіту мақсатымен «Тізбек сөздер» ойыны ұйымдастырылады.
Ойынның шарты: берілген әріптерді пайдаланып, тек сол әріптерден құралған сөздерден сөйлем құрастыру. Жақсы бір сөйлем тақтаға жазылады.( берілетін әріптер Т, Ш, Е, Ж, М, Ә .)
10) Жазу дәптерінің сатылары түсінік. ( мүғалімнің қосымша түсіндірмесі)
а) -Көркем жазу техникасының аса бір қажетті шарты-солдан оңға қарай көлбеу жазуға машықтандыру. Көлбеу жазу-икемді жазу.Оның ерекшелігі-әріп құрауға қатысты негізгі штрихтар дәптер сызығына солдан оңға қарай көлбеу орналасады.Көлбеу жазу жұмысы оң қол арқылы орындауға бейімделген. Бұл дәптерді пайдаланған кезеңдерде бас әріптің биіктігі 8 мм, кіші әріптің биіктігі 4 мм болады.
ә) – Екінші сатысы одан әрі жетіле түседі. Дәл осындай дәптерді пайдаланамыз,бірақ оның көлбеу сызықтары болмайды. Себебі көлбеу жазуға дағдыланған болатынбыз.
б) - Бұл үшінші кезеңде жазуды толығымен меңгеріледі. Қолданылатын дәптерімізде ара қашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықтар болады.Бас әріптердің биіктігі 7мм, кіші әріптердің биіктігі 3мм болады.
ІV. Алған білімдерін тиянақтау
а) - Балалар, көркем жазу сабағы бойынша білімдеріңді тиянақтау мақсатымен сұрақтар беріледі. Сендер қаншалықты меңгергендеріңді осы сәтте көрсете аласыңдар.
ә) Оқушылар тақтадан көрсетілген тірік сөздерді пайдаланып, соңғы элементтері имек сызықтарға аяқталған әріптерді қатыстырып тілек жазу. Ол тілекті алдан-ала дайындаған гүл,күн секілді қағаздарға көркем жазумен жазады.
( тірек сөздер: шаттық,көңіл,дәулет,денсаулық,береке,жігер,бірлік,бақыт,күн,ай )
V. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: соңғы элементтері имек сызықтарға аяқталған әріптерден басталатын сөз тіркестерін жазып,байланысын анықтау.
VІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Көркем жазусыз оқу тиянақты болмайды.
« Сөйлегенде сөздің жүйесін , қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса,жазғанда да сөздің кестесін көркем жазу сондай керек» деп жазған ғұлама ғалым,дарынды ақын Ахмет Байтұрсыновтың осы сөзін үнемі естен шығармауымыз керек. Тәрбие.орг сайтынан Көркем жазуға үйрету Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шериева Акмарал Умирбековна

Қызылорда қаласы №7 арнайы түзету мектеп-интернаты Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar