"Мен елімді сүйемін"

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 177
  • Оқушымен жұмыс
  • 28/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23629


Пәні Әдебиеттік оқу Сынып 3
Тақырыбы: Мен елімді сүйемін. Сырбай Мәуленов.

Мақсаты Мен елімді сүйемін мәтінінің мазмұнын ашу, әр түрлі идеялар ұсыну, тақырып бойынша ой қорыту.
Міндеттері - Балалардың бойында туған жерге, елге, тілге деген ыстық сезімдерін ояту.
- Өзінің ішкі жан-дүниесін өмірмен байланыстыра талдату
- Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу
- Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;
- Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже Мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық.
Қатысушылардың орындықтарының арқасында жасыл, сары, қызыл, көк, ақ түсті қағаздар ілінеді.Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады.
1 қатар -(қызғыш) Сәлем! деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады
2 қатар-(сары түстілер) бір –бірімен қол алысып амандасады
3 қатар- (қызыл түстілер) қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді. Қызғыш, сары, қызыл түсті парақтар
Үй тапсырмасын сұрау «Бостандық таңы атты» өлеңі
3-4 оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды. Тәж, алқа, белбеу. Тәж, алқа, белбеу.
Ой қозғау Бір оқушы «Мимика» ойыны арқылы тақырыпты бейнелеу Оқушылар тақырыптың атауын табады.
Мағынаны тану -«Мен елімді сүйемін» Сырбай Мәуленовтың шығармасымен танысатын боламыз.
1. Мәтінді мұғалім оқиды.
-Қандай әсер алдыңдар?Қалай суреттеген? Теңеулер бар ма?
-Ендеше,әрі қарай еңбектенетін боламыз.
Үш топқа үш түрлі әдіспен тапсырма беру.
І топ: «Балық қаңқасы»

ІІ топ: «Сөзтізбек» ойыны

ІІІ топ: «Алты қалпақ» әдісі

Сергіту сәті: «Сәлеметсіз бе?» әні
-оқушылар көзің жұмып тыңдайды, елестетеді.
-тамаша, ғажап

-Мәтіннің тақырыбы / //балықтың басына жазу/
-Туған тілге себепкер кімдер?/Себептеріне: ана, әже,туғандар, жеңгелер/
-Бұған не дәлел?/Дәлелдеріне: ана әлдиі, әже ертегісі, туғандардың мейірбан күлкілері, жеңге әзілдері/
- қорытынды: Туған тілді құрметтеу керек.

-Мәтіннен әдеби тілмен көркемделген сөз тіркестерін теріп жазады.
- Ақ қалпақ. Мәтінде нелер туралы айтылған?
Сары қалпақ • Ойлан! Неге туған жер ыстық деп ойлайсың?
Көк қалпақ • Дәлелдеу.Туған жер несімен құнды?
Қызыл қалпақ • Ойлан! Мәңгілік, дамыған ел болуға нелер кедергі болады деп ойлайсың?
Жасыл қалпақ • Туған жерін, елін, тілін көркею үшін не істер едің?


Мәтін мазмұнын түсінуі, жеткізе білуі, өзгені тыңдап, есте сақтай алуы
Өзіндік талдау жасай алуы

Мәтіннен мәселені анықтай алуы
Себептері мен дәлелдерін табуы

Деңгейлік сұрақтар қою, жауап бере алуы

Балық қаңқасы-ның суреті

Алты қалпақ суреттері
Ой толғаныс Шығармашылық жұмыс
Тақырыптар бойынша өлең шығару. І топ: Туған тілім
ІІ топ: Туған елім
ІІІ топ: Туған жерім Білімін пайдалануы
Ой қорытуы, өмірмен байланысты руы
Бағалау Тәж-5
Алқа -4
Белбеу-3 Бағалау карточкалары
Үй тапсырмасы Сырбай Мәуленов туралы мәлімет қарау. Тәрбие.орг сайтынан "Мен елімді сүйемін" Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ижанова Нургуль Алпысбаевна

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar