Сәуір айының 15 жұлдызы «Қыз Жібек пен Төлеген» ғашықтар күні құрметіне өтетін «Жігіт сұлтаны – Көктем аруы» байқауы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1176
  • Оқушымен жұмыс
  • 08/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18521


Сәуір айының 15 жұлдызы «Қыз Жібек пен Төлеген» ғашықтар күні құрметіне өтетін «Жігіт сұлтаны – Көктем аруы» байқауы

Мақсаты :Атадан балаға мирас болып келе жатқан , халқымыздың ұлттық нақыштары мен салт – дәстүрін үйрете отырып, талапты жастарымызды өнердің кәусәр бұлағынан нәр алғызып,өскелең жеткіншектерді ұлттық рухта тәрбилеп және қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуына , білімдерін шыңдауға ықпал ету.

Басталуы : Уақыты :
Өткізілетін орны: Мәжіліс залы

Безендірілуі:
Шарлар
Безендіруге арналған гүлдер
Мерекеге арналған қабырға газеттер
Фанфары (30 сек)
Жүргізуші : Көктем тойы - әніміз.
Көркемөнер сәніміз.
Өлең, әнімен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.- дей келе бүгінгі байқауымызға қош келіпсіздер! Енді бүгінгі байқауымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік
1. Таныстыру 3- минут
2. «Сұрақ - жауап» қыз бен ұл балаға ұлттық дәстүрде кездесетін сұрақтарға жауап беру
3. Сахналық көрініс. Есімдері ел есінде мәңгі сақталған қос ғашықтарымыздың бейнесін сомдау (Баян сұлу мен Қозы көрпеш,Балуан Шолақ пен Ғалия,Қыз Жібек пен Төлеген,Қалқаман-Мамыр, Қамар сұлу романдарынан үзінді)
4. Ұл балалар өз қолдарынан жасалған бұйымдарын таныстыру және де өз өнерлерін көрсету, қыз балалар өз қолдарынана дайындаған салат түрлерін көрсету және де, өз өнерлерін ортаға салу
5. Қыздар шаш өру, ұлдар

Жүргізуші : Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға келіп тұрған
Сайыскерлерді ортамызға шақырамыз
Енді ортаға бағын сынауға келген қазақтың салт –дәстүрлерін жетік білетін, өнерлерін ортаға салып, тамаша талантымен таңдатамын деген ұл – қыздарымызды ортаға шақырамыз
Жүргізуші : -Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Жүргізуші : Ал , құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазылар алқасы
Әділ баға беріңдер – дей келе бүгінгі байқауды бағалайтын әділ қазылар мүшесімен таныстырып өтейік
1.Арман ағай
2.Мейрам ағай
3.Қуат ағай
Жүргізуші:
Өнер қуып, қыз бенен жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Жарысқа түскен қыз бен жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
-Байқауымыздың бірінші кезеңі таныстыру.
Музыкалық нөмір
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады «надан» деп.
Ата –бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты. – дей келе, қазақ халқының салт – дәстүрлері бойынша 2 –ші «сұрақ – жауап» кезеңін бастайық.
Музыкалық нөмір
Жүргізуші: «Қайдасыңдар Қыз Жібегі елімнің,
Қайдасыңдар батыр қызы жерімнің.
Қайдасыңдар сыңғырлаған шолпысы,
Тоғжан менен Әйгерімдей керімі».

Сері болған баланың,
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Қуанышпен жанары,
Шоқтай болып жанады.
Ендігі кезекте сахналық көріністен өнер көрсетеді.

Музыкалық нөмір:
Жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер
Өнерлеріңді тексеріп,
Бәйгеге қатысып көріңдер.
Мың бұралып биленген,
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға,
Кімдер басын имеген.
– дей келе 4 кезеңіміз би өнері. Өнерлерін тамашалап, әділ баға берейік!

Музыкалық нөмір: Бастауыш сынып қыздарының қолдан жасаған сән үлгісін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Ал ,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
– деп ендігі байқауымызда қыздар өз қолдарынана жасалған салат түрлерімен қоса өз өнерлерін көрсетсе,
Мен жаспын деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы, жарқырап тұрар бойында. Ал қазақтың сұлтаны деген атқа сай жігіттеріміз өз өнерлерін 5 кезеңде паш етпек.

Жүргізуші: Қарайды – ау қыздар қарақат көзін төңкеріп,
Жанарды ғажап,
Байлайды сиқыр ерекелік.
Мұндайда тіпті құрып-ақ кеткім келеді-ау
Қыз – дүниенің
Ыстық деміне өртеніп

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес , жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын!
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық,байқаудың шешімін оқиды.

Жүргізуші: - Махаббат ең ғажайып, аса биік сезім адам қалауының үш қайнары бар:
Жан қалауынан – достық,
Сана қалуынан – сыйласу,
Тән қалауынан- құмарлық туады. Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады.
Бәрінің бастауы махаббат,
Жаныңа нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рахатын сездірген
Гүлдерге құлпыртып сән берген.
Сәбидің шыраған жандырған,
Бұлағы мейірім қандырған
Шуағы жылытқан жүректі
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы махаббат!

Құрметті сайысқа қатысушылар , көрермендер, ұстаздар сіздерді келе жатқан 17 сәуір ғашықтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Сәуір айының 15 жұлдызы «Қыз Жібек пен Төлеген» ғашықтар күні құрметіне өтетін «Жігіт сұлтаны – Көктем аруы» байқауы Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar