"Сарысудың құпиясы"

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 491
  • Оқушымен жұмыс
  • 28/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23628


Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ орта мектебі

Ғылыми жоба тақырыбы: «Сарысудың құпиясы»

Бағыты: Ғылыми-жаратылыстану

Секциясы: Биология

Орындаған: Қасымхан Гүлфайруз Баршабекқызы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ орта мектебі
3-сынып оқушысы
Жетекшісі: Ижанова Нургуль Алпысбаевна
Қарабұтақ орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

2017 жыл

Қарабұтақ орта мектебінің
3-сынып оқушысы
Қасымхан Гүлфайруздың
«Сарысудың құпиясы» атты
зерттеу жұмысына

Пікір

3-сынып оқушысы Қасымхан Гүлфайруздың «Сарысудың құпиясы» тақырыбына жазған ғылыми жобасы өзіндік ізденіске толы, зерттеу объектісі қол жетімді, оқушы барынша ізденген.
Сарысудың іш құрылысының ауруларына бірден- бір ем және тек емдік мақсатта емес, сонымен қатар косметикалық, тағамдық, тұрмыстық-шаруашылық мақсатта пайдалануға болатындығын, қышықл сүт өнімдерінен алынатын сарысу түрлерін, жасалу жолдарын жақсы жеткізген. Сарысуды пайдаланатындар сирек болғанымен ізденудің арқасында зерттеу тақырыбына негіз болатын, ауыл тұрғындарынан алынған сұхбаттарынан кейін бағалы сусын түріне бей –жай қарамай, іс-тәжірибе тарату арқылы қолданысқа енгізуге ат салысу қажет деп ойлаймын. Жобада аталған ұсыныстар ата-бабаларымыздан мұра боп келе жатқан сүт өнімдерін жоғары бағалауға, ысырапшылдыққа жол бермеуге септігін тигізері сөзсіз.
Бұл 3-сынып оушысы Қасымхан Гүлфайруздың «Сарысудың құпиясы» атта тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауына ұсынуға болады.

Жетекші: Бастауыш сынып мұғалімі
Ижанова Нургуль

Мазмұны
1.Аңдатпа (аннотация)
2.Кіріспе бөлім
- Сүт және қышқыл сүт өнімдері.
3. Негізгі бөлім
-Сарысу –табиғи таза өнім.
-Сүт сарысуының құрамы.
-Сарысудың пайдасы.
- Сарысудың қасиеттері туралы жергілікті тұрғындармен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері.
-Сарысу –халық ауыз әдебиетінде.
-Сарысу тектес атаулар.
4. Қорытынды бөлім
-Қазақстанның ұлттық бренді-сарысу.
- Ұсыныс.
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аңдатпа

Бұл жоба қышқыл сүт өнімдерінен алынатын, өзіндік құны төмен болғанымен, емдік жолы жоғары, қол жетімді , қалдық деп саналатын –сарысуды зерттеуге арналған. Біз зерттеп , бақылаған қышқыл сүт өнімінің қалдығы- көпшілік үшін сирек кездесетін тақырып.
Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ертеде ата – бабаларымыз амандасқанда «мал – жан аман ба?» — деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен -ақ қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін білуге болады. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдына елестету мүмкін емес. . Соның ішінде ұлттық тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттен алынатын- сарысу өнімі. Көпшілік сарысудың емдік, тағамдық, косметикалық, тұрмыстық-шаруашылық пайдасы барын және ең маңыздысы зиянсыз табиғи зат екенін ешкім біле бермейді.
Сондықтан жобамда сарысудың құрамы, оның ішкі ағзаға пайдасы, нәтижесі туралы талқылап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сұхбат алып, үлкен сұранысқа ие болу керектігін атай отырып, ұсыныстарымды жолдадым.

Кіріспе бөлім
Сүт және қышқыл сүт өнімдері.
Сүт – адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Халқымыз мал өсіруді, мал өнімдерін пайдалануды шебер меңгерген.
Төрт түлік малдан әр түрлі сүт өндіріледі. Түйеден – шұбат, биеден – қымыз, сиырдан – сүт, қойдан – қоймалжың, ешкіден – сүт. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенгенді үйренген секілді. Келе – келе біздің ата – бабаларымыз сүтті рәсуа етпей сақтау жағын да ойластырған, сондай – ақ құрамында майлы, ақуызы, дәрумендері жеткілікті сүт саууға тырысқан . Осы жағдайға байланысты сүт тағамдары дүниеге келсе керек.
Сүт – ең жұғымды тағамдардың бірі, өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, адам ағзасына сүттің құрамдас бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сүттің тағы бір қасиеті - түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Неге дейсіз ғой? Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, көмірсу, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, әлгі қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.Сүттің құрамында: сүт, су, сүт қышқылы, ақуыз, сүт қанты, минералды тұздар және майдан тұрады. Сүт құрамында он екі түрлі A, B, C, D дәрумендер, екі жүзден аса органикалық минералды қосылыстар бар. Сүттегі витаминдер адам мен малдың бір қалыпты өсіп жетілуін қамтамасыз етеді.
Сүт және қышқыл сүт өнімдеріне мыналар жатады: сүт, қымыз, шұбат, құрт, айран және қаймақ. Сүт және қышқыл сүт өнімдері Қазақстанда жасына, тұрғылықты орнына және материалдық әл-ауқаттылығына қарамастан халықтың барлық санатына танымал. Қышқыл сүт өнімдерін жиі тұтыну денсаулықты нығайтып, өмірді ұзартады. Қышқыл сүт өнімдері дәл сүт сияқты жүрек қан тамырларының, сүйек және жүйке жүйесінің жұмысына қажетті ағзаның толыққанды ақуыз бен кальцийге деген сұранысын қамтамасыз етеді. Қышқыл сүт өнімдерінің басты артықшылығы олардың құрамындағы бифидобактериялардың ағзаны улайтын, ауру тудыратын және әлсіз микроағзаларды өлтіретіндігінде. Адам үшін қажетті сүттің қасиеттерін барынша пайдалану үшін сүт өнімдерін өңдеуде жоғары сапаны қамтамасыз ету қажет.
Жобаның негізгі мақсаты: «Ізденген- жетер мұратқа» деген ата-бабаларымыздың дана сөзі бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, тереңіне бойлау- адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Сарысу - табиғи таза өнім. Тағамдық, емдік, ауыл шаруашылығында қолданысқа жарамдылығымен құнды. Алайда сарысудың бұл қасиеттерін халық барлығы біле бермейтінін диогностикалау арқылы біліп, сарысудың құпия сырлары мені қызықтырды. Ал, сарысуды бағалап қажеттілігімізге жаратпасақ, табиғаттың адам баласы үшін тартқан сиын бағаламаған болар едік. Сарысудың ыдысты ағартқыш қасиетін көріп, оның қандай қасиеті мен пайдасы бар және халық қалай пайдаланып жүр деген сұрақ туындады. Сол себепті сарысудың ерекше құпияға толы сырларын білгім келді. Бұл ретте өзімізге әрі тиімді, әрі қол жетімді сүт өнімі, қалдық деп санаған сарысудың пайдасы зор екендігі туралы зерттедім.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Қазіргі нарық заманында әр адам осындай пайдасы мол, жасалуы қарапайым, өзіндік құны төмен болғанымен емдік ролі жоғары қол жетімді өнімді тиімді қолдану.
Жобаның міндеттері:
-Сарысу құрамы және оның адам ағзасына әсерін білу.
-Сүт өндірісі қалдығы - сарысудың тағамдық, дәрілік, косметикалық препараттар алу мақсатында шикізат ретінде қолдану мүмкіндігін зерттеу, қолдануға бейімдеу.
-Сарысуды жасау технологиясы
-Қазақстанның ұлттық бренді –сарысу.
Зерттелетін зат: Сарысудың тұрмысқа және денсаулыққа қажетті құндылығын зерттеу.

Негізгі бөлім
Сарысу – сүтті өңдеу арқылы сүзбе мен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның адам ағзасына пайдасы өте зор. Адамзат баласы сарысуды сол күйінде де, өнеркәсіп орындарында өңдеп шығаратын өнімдері күйінде де қолданады. Сондықтан құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға бүгінгі таңдағы халықтың талап-тілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару- сүт өңдейтін орындардың төл міндеті.
Қазіргі таңда дамыған елдерде дұрыс тамақтану тәртібі мемлекеттік деңгейде талқыланатын мәселе болып табылады. Себебі, дұрыс тамақтану адам тағамының биологиялық құндылығын арттырып, ағзазадағы иммунитетті көтереді, организмнің дұрыс дамуына, аурудың алдын алуға және еңбекке қабілеттіліктің жоғарылауына әсер етеді. Яғни, ең бастысы дұрыс ішек микрофлорасын қалыптастыру және оны сол қалпында сақтау болып тұр. Осы мақсатта пробиотиктік, пребиотиктік және синбиотиктік препараттар өндіруге басты назар аударылуда. Осындай өнім қатарын құрайтын Лактулоза шырыны тағам өндірісінде, өндірістің түрлі салаларында, мысалы денсаулықты нығайту мақсатында экологиялық аумақта жұмыс жасайтын адамдар тағамында емдік препараттар ретінде кең қолданылады. Лактулоза өндірісінде шикізат ретінде сүт қантын қолдану тиімді, ұзақ сақталады, тұрақты құрамы бар, дегенмен, шикізат ретінде, бағасы қымбат. Сүт сарысуының құрамында табиғи күйде сақталатын аминқышқылдар, ақуыз өнімдер, пайдалы микроағзалар, қосымша психрофильді бактериялар Pseudomonas, Achromobacter және Flavobacter және жаңа өнім лактулозаның құрамына еніп, бифидобактериялардың көбеюіне әсер етеді. Лактулоза шіріту бактерияларының өсуін тежейді, сол арқылы қандағы аммиак мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, сүт өндірісінің қалдықтарын өндіріске шикізат ретінде қолдану арқылы қалдықсыз технологияны құрастыруға болады. Осы ізденіс нәтижесінде жүргізілген эсперименттік талдау өндіріске шикізат ретінде сүт өндірісінің қалдығы- сүт сарысуын қолдану мүмкіндігін растайды. Сүт сарысуы ірімшік, сүзбе және сүтті ақуызды қосылыстар өндірісіндегі табиғи күйін сақтайтын қосымша 11 өнім болып табылады.
Сүт сарысуы арзан және кең қолданылатын шикізат түріне жатады. Дегенмен, сүзбенің сарысуында лактоза мөлшері сүт қышқылды ашу процесі арқасында біршама аз, бұл сарысудың қышқылдылығына алып келеді. Сүзбенің сарысуында глюкоза мөлшері 0,7-1,6% құрайды.
Сүт сарысуының құрамы. Сүт сарысуы – біздің денсаулығымызбен сұлулығымыз үшін табиғаттың берген ғажайып сыйы. Сүт сарысуы лактозаға және ақуызға бай. Сүттің сарысуының барлық бөлімінің - 93,7%. судан құралады. Ал қалған - 6,3% сүтте кездесетін барлық дәрумендердің жиынтығы. Оның 50%-ы құрғақ заттан, оның ішінде 70%-ы лактозадан тұрады. Сүттің сарысуының құрғақ затының негізгі бөлігі - лактоза, сүт қанты. Лактоза - "үйлесімді" көмірсу, майдың бөлінуін төмендетеді. Сарысу ақуыздары – құрамы тұрақты, калориясы төмен, артық заттан арылтылған алмастырылмайтын аминқышқылына бай, толыққанды ақуыз.
Оның калориялығы сүттен үш есеге кем. Ақуызды аз мөлшерде пайдалану, білеміз, ішкі органдар қызметінің бұзылуына әкеледі.
Тіпті казіргі көкөністер мен жеміс- жидектердің құрамында кездеспейтін кейбір құндылығы жоғары дәрумендерді сарысудың құрамынан кездестіруге болады. Сарысу калий, кальций, магний, фосфор және де көптеген дәрумендерге бай, және өсу гормонына әсер етіп, жаңа жасушаның түзілуін қамтамасыз ететін ұсақ молекулалы ақуыздардың бар екені анықталды. Сары судың құрғақ затында басты компоненттері былай орналасады (%): лактоза – 70%; ақуызды заттар – 14,5%; май – 7,5%; минералды тұздар – 8%. Сүт сарысуындағы органикалық (0,1-0,4%) және бейорганикалық заттар (0,6-0,7%) қышқылдар калий, натрий, магний, кальций және т.б. кездеседі.
Сүт сарысуының - ішкі ағзаға пайдасы. Сарысу - бұл өте айырықша өнім. Өзінің қарапайымдылығына қарамай, ол адам ағзасына пайдалы көптеген қасиеттерге ие.
Сүт сарысуы ішек микрофлорасын қалпына келтіріп, газ түзілу және шіру үрдістерін баяулатады, сол себепті оны асқорыту жолдарының ауруларында емдік мақсатта пайдаланады. Лактулоза басқа қанттармен салыстырғанда тісті шірітпейді, өйткені шіріткіш бактериялар оны сіңіре алмайды. Қарапайым қанттар сияқты лактулоза аш ішекте қорытылмайды, себебі фермент активттілігі жоқ, ол тіке тоқ ішекке барады. Тоқ ішекте лактулоза бифидобактериялардың көбеюіне әсер етеді. Бифидобактериялар шығаратын органикалық қышқылдар шіріту бактерияларын өлтіреді, сондықтан ағзада шіріту өнімдерінің саны азаяды Лактулоза іш қатудың алдын алады және емдеу кезінде кең қолданылады. Кейбір елдерде антрахинді препараттарды лактулоза шырынына алмастырған. Оның сальмонеллез, бүйрек жетіспеушілігі және тоқ ішек аденомасы сырқаттарына ем екендігі дәлелденген. Фармацевтика саласында лактулозаны созылмалы энцефалопатия және созылмалы іш қату кезінде қолданады.
Ірімшіктен, құрттан, айраннан қалған сарысуды төгуге асықпаңыз. Сарысудың пайдасы көп. Сарысуды тек қана тағамдық мақсатта емес, косметикалық, емдік және тұрмыстық- шаруашылық мақсатта да қолданады.
Емдік мақсатта: Сүт сарысуы халық медицинасында .Сарысумен емдеу жолының қысқаша тарихы . Сарысумен емдеу жолы грек елінде өте ерте заманда-ақ белгілі болған. Гиппократ тері, туберкулез , сары ауруларына қолдануды ұсынған. Бұл емдеу жолы әсіресе ХҮІІІ ғасырда жан-жақты кең дамыды. Дәрігерлер оның құрамы мен емдік қасиеттеріне аса назар аударып зерттей бастады. Европа елдерінде сарысумен емдеуге арналған арнайы қала шеттеріне демалыс орындары ұйымдастырылды. ХІХ ғасырда Ресейде де бұл тәсілді қолданғаны туралы оқулықтарда жазылған. Кейінірек белсенді тыныштандырғыштық, иммунетті жоғарлаттың, несепқуғыш зат ретінде және әр түрлі тері ауруларына, несеп жолында тастардың пайда болуынан емдейтін, іш өту және дизентерий ауруларына емдік қасиеттерін анықтаған. Қазіргі заманғы ғалымдарының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде басқада жаңа қасиеттері анықталды. Стресс және жүйке жүйесі бұзылған кезде психологиялық тұрғыдан көмектесіп, көңіл-күйін реттейді. Сонымен қатар көптеген жүрек қан тамырлары ауруларына, әр түрлі улану кездерінде ем екенін анықтады. Соғыс кезінде ауыр операциядан кейінгі аурулардың иммунитетін арттыру үшін тиімді әрі арзан тағам ретінде госпиталдарда қолданды.
Құрамында В дәруменінің болуынан жүйке жүйесін тыныштандырушы сусын ретінде пайдаланылады. Көңіл-күйіңізді көтергіңіз келсе, кешке 1 құты сарысуды ішсеңіз болады. Себебі, оның құрамында қуаныш гормоны – серотонин бар. Қарттар үшін де тағаммен емдеуде аса пайдалы. Егер тамақ алдында ішсеңіз, асқазандағы тұз қышқылын төмендетуге септігін тигізеді , яғни асқазан қыжылын басады. Қанайналым жүйесін жақсартады, атеросклероз, ревматизм және гипертониялық аурулардың алдын алады; Бауыр жұмысын реттейді және бүйрек қызметін жақсартады. Геморрой кезінде ашқарында 200-400 мл сарысуды ауырудың асқыну деңгейіне қарай ішу керек. Тағамнан улану,екіншілік гипертония, пиелонефрит, созылмалы гломерулонефрит, мидағы қан айналымының бұзылуы, қант диабеті ауруларына да пайдаланылады. Несеп жолында тас пайда болған ауыруларға, бас ауырған кезде, жүктілік кезінде күніне 1 стаканнан ішу керек. Бронхитте сүтсарысуы қақырық түсіруге көмектеседі. 100 мл-ден күніне 3-4 ішу немесе 1ас қасық пыреяның тамырының ұнтағын 2 стақан сарысумен қосып күніне ½ стаканнан 3-4 рет тамақтан бұрын ішу керек; Көк тамырдың жарылуы (в варикозе вен ) кезінде 1 ч. қасық жалбыз жапырағын 100 мл қайнатпаға қосып, 20 минуттай қойып, тұрамыз. Дәл сондай көлемде сарысумен араластырып, күніне 3-4 рет ас ішерден 30 минут бұрын ішу керек. Артрит, артроз, полиартрит, остеопороз, подагра, ревматизм секілді буын аурулары әсіресе көктемде көп мазалайды. Буындар ісіне бастайды. Оған айранның сары суы - дауа. Үлкендеу эмаль ыдысқа керегінше сарысуды құйып, оны аздап қыздыру керек. Ауырған буынды 10 күн¬дей осы жылы саысуға салып отырасыз. Бастапқы кезде ол буындарды қақсатып, ауыртады. Сосын біртіндеп ауру басылып, ісік жойылады, дұрыс қолдан¬ған жағдайда аурудан айығып кету мүмкіндігі жоғары.
Ескерту: Қарсы көрсетімдері бар. Егерде сіздің сүт сарысуының құрамындағы кейбір заттарға сезімталдығыңыз жоғары болып, аллергия шақырса, қолданбаған абзал.
Сарысудың қасиеттері туралы жергілікті тұрғындармен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері.
Жалпы , иммунитетіңізді нығайтып, әртүрлі ауруларға төтеп бергіңіз келсе, күнделікті таңертең аш қарынға бір кесе сарысу ішіп тұрғаныңыз абзал. Мәселен, Ішек жолдарын тазалауда 1 стакан сарысуға 2 ш.қ тұз қосып араластырып, таңертең аш қарында ішу керек. Ол аздап іш жүргізеді, сондықтан маңызды шаруаларыңыз жоқ күндері қолданыңыз. Нақтырақ айтқанда ағзадан артық сұйықтықты, уыттарды және қоқыстарды шығаруға көмегін тигізеді; Осыған дәлел ретінде мысал келтіре кетейін. Мен ұстазым екеуіміз ауыл тұрғыны Тазагүл апайдан сұхбат алған болатынбыз. Ол күніге таңертең аш қарынға 1 стакан сарысу ішетіндігін айтты. Нәтижесінде ішкі ағзаны зиянды заттардан тазартып, асқазан қыжылын басады. Ішек жолдарының қалыпты жұмыс істеуіне бірден-бір ем.
Косметикалық мақсатта: Артық салмағы бар адамдарға және қартаю үрдісін баяулататын антиоксидант ретінде күнделікті колдануға ұсыныс береді. Семіздіктің алдын алу және емдеу кезінде де өте пайдалы, ішектің жұмысын ынталандырып, артық майдың жиналуына кедергі жасайды. Сүт сарысуы вирусқа және бактерияға қарсы құрамға негізделген. Оның құрамына лактоферрин, лактопероксидаза және лизоцим енеді. Лактоферин темірден құралған ақуыздан тұрады. Лактопероксидаза – микробқа қарсы қызмет атқарады. Лизоцим – түрлі бактерияның түзілуін қамтамасыз етеді. Сүт сарысуының құрамында «өсім факторы» бар. Бұл дегеніміз – төмен молекулярлы ақуыздар. Ол жаңа терінің қалыптасуына әсер етеді. Сол себепті теріңізді нәрлендіріп, балғындығын сақтап, ағартқыңыз келсе, бетіңізді үнемі лимон шырыны араласқан сарысумен сүртуге болады. Бұл тек майлы немесе қалыпты теріге арналған.
Бетіңіздегі сепкілден арылғыңыз келсе, 3 ас қасық ірімшік пен сүт сарысуын араластырып маска жасаңыз. Оны тазартылған бетке жұқалап жағып, 10 минуттан кейін жылы сумен немесе көк шаймен жуу қажет.
Беттегі безеулер не бөртпеден құтылғыңыз келсе, сарысуды 2 ай бойы күнделікті жарты лимон шырынын 0,5 л қайнатылған салқын сүтке араластырып ішуге болады.
Дене терісі жарылса (құрғаса) күніне 30-40 минуттық, жеңіл жылытылған ванна жасау. Ал шаштың ұштануынан құтылу үшін айранның сары суынан артық көмек жоқ. Жуар алдында шаштың ұшын сары суға шылап, аз уақыт ұстасаңыз жеткілікті.
Бастың қайызғағын кетіруде, шашыңыз мықты, әрі жылтыр болуы үшін сарысумен жуыңыз. 1 литр суға – 1 лимон. Оған дәлел, менің ұстазым өзінің қызы Арайлымның шашын үнемі жаз мезгілі келісімен сарысумен жуады. Сабынмен жумас бұрын сарысуға батырып,одан соң 10 минуттай ұстай тұрып, кейін сусабынмен жусаңыз, көлемін ұлғайтып және шаштың түбі бекіп, жылтырайды, әрі ұзара түседі дейді.
Тағамдық мақсатта: - Сиыр сүтіне қарағанда, сарысу ақуызы ана сүтінің құрамына жақын келеді, сондықтан балалар тағамын дайындауда қолданылады.
Табиғи ірімшік сарысуын нан өнімдерін пісіруге қолданады. Нан толық ақуызбен қамтамасыз етіліп, оның биологиялық және дәмділік сапасы артады. Сарысу қосу арқылы ашытылған қамырдың да сапасы артып, нанның сақталу мерзімі ұзарады. Нанды көгеріп кетуден сақтайды. Сонымен қатар, сарысуды кондитер өнімдерін жасауда пайдаланады (вафли, печенье, пряник).
Тұрмыстық, ауыл шаруашылығында: Ірімшік сарысуын өңделмеген түрінде ауыл шаруашылығында, шошқа және ірі қара малдарға жем ретінде қолданады. Сарысуды жемге қосқанда жемнің биологияық бағалылығы артып, жануарларда ас жақсы қорытылады. Ал іркіттен бөлініп алынған сарысудың да адам пайдасына қосары мол . Мысалы, сіздің қандай да бір малыңыздың ыстығы көтерілсе сарысуды шүберекке малып алып ауырған жануарды орап тастаса ыстығы бірден түседі. Ірімшіктен алынатын сарысуды өнеркәсіпте сүт орнына жас бұзауларға, төлдерге майсыз сүт ретінде береді.
Сонымен қатар, құрт сарысуының алюминий сынды ыдыстарды ағартуда пайдаланылады. Оған дәлел, менің әжем құрттың сарысуын алюминь ыдысқа құйғанда, ол ағарып, су жаңа ыдысқа айналып шыға келді.
«Кейкі батыр мазары» Сәрсенбаевтың айтуынша, ертеректе қазақ халқы сәулет ғимараттарын тұрғызу барысында сүт сарысуын қосып отырған. Бұл тәсіл ежелден қолданылады. Яғни цементпен суды емес, сүт сарысуын араластырады. Бұл тәсілді құрылыс нысаны кепкен соң, ол уытылып кетпес үшін пайдаланады. Бір қызығы, жақын маңда сүт зауыты болмағандықтан, жергілікті тұрғындар көмек ретінде күніне 200 литр сарысу әкеп беріп отырған. Халықтың арқасында мазар сапалы әрі жылдам тұрғызылды», – деп атап өтті Бақытжан Сәрсенбаев.Танымал құрылысшы Абай Мұқанов мазардың сапасын жоғары бағалап, оны заманауи сәулет өнерінің үздік
өрнегі ретінде атап өтті. Сөйтіп Амангелді ауданы Тасты ауылына жақын маңда Кейкі батырдың мазары ашылды.
Сарысуды тұтыну жөніндегі диагностикалық талдау нәтижесі.
Сарысуды естуі және тұтынуы туралы оқушылардан, ұстаздардан, жергілікті тұрғындардан сұрастырғанымда төмендегідей көрсеткіштерге ие болды. Яғни дені таза өнімді пайдаланбайды екен.
Сарысудың түрлері және жасау технологиясы. Қышқыл сүт өнімдерін дайындаудағы басты технологиялық ерекшелік оған сүт қышқылы бактериялары немесе ашытқыларының дақылдарын (қолдан жасалған ашытқы немесе дайын ашытқы) енгізу жолымен ашыту болып табылады. Өз зерттеулерімдегі қышқылдығы жоғары сарысуларды атап өтсем: құрт сарысуы, айран сарысуы, сүзбе сарысуы, ірімшік сарысуы жатады.
Құрт сарысуы.Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады. Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды. Оны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды. Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызып алады.
Айран сарысуы. Сүтті пісіреміз. Қанжылым етіп алған соң мөлшері бір шелек (қазан) ыдыстағы сүтке шамамен оның оннан бір бөлігіндей ұйытқыны қосып, баяу араластырып, аузын мықтап жауып, суып қалмас үшін жылылап орап таң асырады. Салқандатылған айранды шетінен қасықпен алады. Сол алған орнында сарысу пайда болады.
Сүзбе сарысуы. Бастырылған айранды қалтаға құйып, әбден сарқылтады. Сол кезде cүзбеге айналған айраны қалтада қалып, сарысуы ағады./суреттермен жұмыс/
Сарысу- халық ауыз әдебиетінде. Ертегі «Сүт қалай ұйықтайды?»
Сүт бір күні ұйықтапты.
Қатты ұйықтапты.
Ұйықтағаны соншалық,
Ұйып қапты.
«Ойбай, сүт ұйықтап қапты,
Ұйықтап қапты!
Қарап отырып,
Айран бопты»,-
Деп ел - жұрт қайран қапты.
Сүт ұйқысын қоя алмапты,
Айқайлап жатса да оянбапты,
Мүлде берекесі қашыпты,
Айран болу оңай ма?
Бықырып тұрып ашыпты.
Ашыған айран быжынап,
Қазанға сыймай құтырыпты.
Сүт ұйқысын қоя алмапты,
Аттандап жатса оянбапты.
«Ұйқы -дұшпан» деген ғой,
Сүт бір күні іріп қапты.
Сүттің мұндай қылығын
Әжем ғана біліп қапты,
Не дерін білмей тұрып қапты.
«Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты»
Депті де әжем айранды
Бір дорбаға құя салыпты.
Сүт сонда ғана оянып,
Еңіреп тұрып жылапты,
Көзінің жасын бұлапты.
...Бәлкім жұрттың өсегі,
Әңгіме ғой кешегі.
«Дорбадан аққан сары су-
Сүттің көз жасы, деседі.
«Мұнымыз өтірік» десең де,
Ертегіге сыяды – ау.
Әй, дегенмен, балалар,
Көп ұйықтаған зиян- ау.
Бұл өлеңді оқи отырып, сары су-жалқаулықтан, ысырпашылдықтан аулақ болып, еңбек құмар болуға тәрбиелейді. Себебі, көп ұйықтаудың нәтижесінде сарысу сияқты ағып кетесің дейді. Сондықтан сарысуды айтқанда керісінше батыл, еңбекқор болуға тырысамын.
Сен білесің бе?
Сарысу ауданы – Жамбыл облысының батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы — 31,3 мың км², тұрғыны 41 761 адам (2010). Аудандағы 26 елді мекен 9 ауылдық округке және 1 қалалық әкімшілікке біріктірілген. Аудан орталығы – Жаңатас қаласы.
Сарысу өзені - Телікөл алабындағы өзен. Қарағанды, Қызылорда облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 800 км. Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу өзені қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды.
Сарысу, киста (грек. kystіs — көпіршік) — әр түрлі патологиялық процестердің нәтижесінде тіндер мен органдарда пайда болатын қуыс. Сарысудың құрылысы, көлемі мен мөлшері оның пайда болу себептеріне, организмнің қай жерінде орналасуына, мерзіміне және Сарысудың айналасындағы қан тамырларына байланысты.
Сарысу ауылдық округі – Ұлытау ауданындағы әкімшілік бірлік.
Құрамына Жыланды, Жиделі, Қазыбек, Тасоба, Түйемойнақ ауылдары кіреді.
Сарысу – сөзінің мағынасы да сарысу, су деген мағынаны береді. Ірімшіктен қалған сарысуды ұзақ қайнатып,қоюланған кезде арнайы қалыпқа құйып,өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі.

Қорытынды
1.5. Қазақстанның ұлттық бренді –сарысу.
Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге сарысуға аудармасқа?! Менің арманым ұлттық құндылықтарымыздың өндірілуі қарапайым, қол жетімді, зиянсыз сүт сарысуына ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысу. Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті мәселесі. Сондықтан қазақтың байырғы өнімі сарысуды әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар және бүгінгі күнге дейін сарысудың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Менің келешектегі мақсатым сарысудың технологиясын жетілдіріп, түрлі қышқыл сүт қалдықтарының түрлерін жасау және ұлттық брендке айналдыру, оның жасау технологиясын жоғалтпау. Мен өскенде сарысу өндіретін цех ашар едім. Ол үшін сарысуды жетілдіру бойынша зауыттар жүйесін ашу қажет. Сүт өнімдері нарығында ұсыныстардың көптігіне қарамастан, дұрыс ұйымдастырылған жаңа бизнес әрқашан өз орнын таба алады деп ойлаймын.
Сарысу – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Зерттеу барысында сарысудың жасалу жолы Батес апаның еншісінде болды.Мен бақылап сол апамның жанында қалай жасады,не қосты деп,сұрақты үсті-үстіне жаудырып,ақтың соншалықты құнды екенін білдім. Иммунитетті көтеруде химиялық қоспалары бар дәрі –дәрмектің орнына сарысуды неге ішпеске? Қымбат, қалтаға салмағы бар маскалар, шашқа арналған сусабындар не жақпа майлардың орнына неге пайдаланбасқа? Улы қоспасы бар ыдыс жуғыштардың /мысалы комет т.б/қауіпті екенін біле тұра қолданамыз. Алайда қышқылдығы жоғары сарысумен жусақ, ағзаға келетін зияндар шектеулі болар еді. Сарысу өндірісін жолға қойып, әр қазақтың күндік тағам рационына қоссақ , косметикалық препаттар алсақ, тұрмысқа қолдансақ қана денсаулығы мықты, қазақтың батыр жігіттері мен әдемі қыздары бар ұлт боламыз.Біз, Қазақстанның жастары осы құнды өнімнің жойылуына жол бермей, қайта жаңғыртуымыз керек.
Сондықтанда осы тақырыпта көбірек іздеп, насихаттап, газет журналдарға жазу керек деп санаймын. Қолда бар табиғи таза өнімдеріміздің қасиетін біліп бағалай алсақ, денсаулығымызды сақтай алған болар едік.



Менің ұсынысым:

Қышқыл сүт өнімі сарысуды зерттеуде оның қасиеті мен пайдасына деген қызығушылығым арта түсті. Кітаптан, баспасөз материалдарынан, ғаламтордан қызықты да, танымдық құндылықтарды білуге мүмкіндік болды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің айтар болсам:

- Әрбір адам дәрумен /емдік, косметикалық/ ретінде пайдаланса;

- Тұрмыстық-шаруашылық мақсатта жиі қолдану жолға қойылса;

-
Сарысудан шайға тәтті тіскебасар әзірлеуге болады. Сарысуға иленген қамыр өте иілгіш әрі дәмді келеді. Cондықтан әр шаңырақтың ас мәзіріне сарысуды қолдану ендірілсе;

- Сарысуды өндейтін зауыттар ашылса;

- Сарысуды Қазақстанның үлттық брендіне айналдырса;

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
2. Анфимова Н.А., Татарская Л.Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж.
3. Матюхин З.П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері
Просвещение 1999 ж.
4. Сен білесің бе? Энциклопедиясы. Аруна баспасы.
5. «Шаңырақ» үй -тұрмыс энциклопедиясы, Алматы
6. Қазақтың ұлттық тағамдары Алматы 2000 ж
7. Қазақ халқының салт–дәстүрлері Алматы «Рауан» 1994
8. Ана тілі, 2 – сынып Атамұра 2014 ж
9. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 8 – том Алматы 2006 ж
10. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 7 – том Алматы 2006 ж
11. Қазақтың мақал – мәтелдері ҚКӘБ. 1951 ж
12. А.И. Ивашура., Сүт-тіршілік тірегі. Алматы 1979ж
13.Қымыз-шұбат., Алматы 1980ж
14. Ғаламтор ақпараттары.

. Тәрбие.орг сайтынан "Сарысудың құпиясы" Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ижанова Нургуль Алпысбаевна

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar