Шеберлікті шыңдай түс.

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 423
  • Оқушымен жұмыс
  • 13/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19673


Шеберлікті шыңдай түс.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы.
Ұстаздардың жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуін бағалау.
Ұстаз - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік, іске батыл кірісуге септігін тигізу, шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасау, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан, кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті, адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғаны жасына қарамай силау, құрмет тұтуды қажет етеді. Тәрбие.орг сайтынан Шеберлікті шыңдай түс. Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Омаров Мейрам Полатович

ОҚО, Мақтарал ауданы, Қараөзек ауылы, "Қараөзек" ЖОМ КММ Информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar