Ұстаздарым ардақты

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 415
  • Оқушымен жұмыс
  • 13/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20476


Ұстаздарым ардақты
/Ұстаздарыма арнау өлең/
1. Ұстаздарым ардақты
Әрбір сөзі салиқалы, салмақты.
Тәрбие мен білім беріп шәкіртке
Дүниенің қырын – сырын қарматты.
2. Үйреткен қырық екі әріпті,
Инабат пен ибалықты, дәріпті.
Білім деген ұшы қиыр теңізден
Әрбір шәкірт білім алды, мән ұқты.
3. Ел баласын алаламай оң көзбен,
Білім берді тәрбиелеп, бір сөзбен.
«Оқы, оқы және оқы» дегенді
Санамызға құйды жылы лебізбен.
4. Шаршаса да шалдықса да ,күліп кең
Жыл жүзбен жадырады, білдіртпен.
Ел баласын баласынан кем көрмей
Бар білгенін, түйгендерін үйреткен.
5. Ұстаздарым болды ылғи ақылшым,
«ҰСТАЗ» сөзі жүрегіме жақын шын.
Қадірлейік ұстаздарды , мәңгілік
Бұл өлеңім, ұстаздарға АЛҒЫСЫМ!

30. 09 . 2016 ж Тәрбие.орг сайтынан Ұстаздарым ардақты Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сұлтанқызы Қасиет

ОҚО Арыс қаласы С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы

Пікірлер: 0

avatar