«Табиғатты аялайық»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 301
  • Оқушымен жұмыс
  • 27/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21331


Бозайғыр орта мектебі

Танымдық сайыс сабақ
«Табиғатты аялайық»

География

Сыныбы: 6-7-8 б

Өткізген : Батхан Еркегүл



2015 оқу жылы
Өткен күні: 26.02.15 Пән:География Сыныбы:6-7-8б
І.Бөлім
Тақырыбы:»Табиғатты аялайық»
Сабақтың мақсаттары:1.Білімділік қоршаған орта жайлы танымдық экологиялық білімдерін жетілдіру;
2.Дамытушылық оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру табиғатты сүюге, қорғауға,қамқор болудың маңыздылыңын түсінуге дағдылану дамыту.
3.Тәрбиелік оқушылардың туған жердің табиғатын қорғау, табиғат кешендеріне құрметпен қарау экологиялық тәрбиеге баулу
Сабақтың түрі:сыныптан тыс
Жабдықтары:Жарты шарлар картасы,Қазақстан физикалық картасы,слайд, табиғат суреттері,қималар жапсырмалар.
ІІ.Негізгі бөлім Әділ- қазылар алқасын тағайындау.
Сабақтың барысы:1.Өзін таныстыру.Табиғатты дәріптеу.А.Құнанбайев жыл мезгіл туралы лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқыту.



2.Білгірлер сайысы.Сұрақ-жауап және картамен жұмыс
3.Геогрофиялық жұмбақ
4.Географиялық көрніс
5.Көрермендерге тапсырма:

2.Сұрақ-жауап және картамен жұмыс
1.Күн жүйесіндегі ірі планеталар саны қанша?
2.Экология қандай ғылым?/өмір сүрген орта туралы
3.Жер экваторының ұзындығы қанша км? картадан көрсет
4.Гринпис «Жасыл әлем»қандай ұйым? Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы.
5.22-науырыз қандай күн ?Дүниежүзілік су күні
6. Материктерді ата. картадан көрсет
7.22 сәуір қандай күн? –жер күні
8.23-науырыз қандай күн?Дүниежүзілік метеорологтар күні

9.Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі қанша м?

10.2 ақпан қандай күн дүниежүзілік сулы- батпақтар күні.

11.Ауданы жөнінен ең кіші мұхит.

12.Жер шарындағы ең биік сарқырама –

13.Қазақстандағы ағынды көл:

14.Жер шарындағы тіршілік қабаты.

15.Дүниежүзі бойынша қоршаған ортаны қорғау күні: 5 маусым
16.Солтүстік Америка тау жүйесі. картадан көрсет
17.Оңтүстік Американың көлемі: картадан көрсет
18.3-мамыр қандай күн-Күн күні
19.Қазақстан мен шектесетін ең қысқа мемлекет. картадан көрсет
20.Қазақстан Ғылым Акедемиясы құрылған жыл.
21.16-қыркүйек қандай күн- Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні



3.Геогрофиялық жұмбақ
1.Есік ашсаң лап етер –
Сабалақ ит сап етер.

2.Жүре алмайсың, жолы болсада,
Жырта алмайсың, жері болсада,
Шаба алмайсың, нуы болсада
Іше алмайсың суы болсада

3.Қолы да жоқ, көзі жоқ,
Сурет салар өзі көп

4 Суда таралады.
Суда жоғалады.

5.Бар ма, жоқ па білмейсің
Ол жоқ жерде жүрмейсің
6.Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал
7.Су да өседі.
Судан шықса өледі.
8.Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен
9.Жасыл тонның бояуы
Жыл 12 ай оңбайды.
10.Сылдырдан қорқады
Шалынып жортады

4.Географиялық көрніс
Ерте ,ерте ертеде жасыл желекке оранған ну орман болыпты.Ағаштары мен жемістері
Күн жарыса өсіп,ал жануарлары жарыса сайраған құстары орманың сәнін көркейте түсіпті.
1 күні сол орманың ағаштарына құрт түсіпті.Құрттар күнен күнге көбейіп, ағаштар
-Ух жаным –ай!Енді не қыламын!Құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады.Топырағым сыздайды, ағаштарым сырқырайды жасыл желек жапырақтарымнан айырылдым жәрдем ете көріңдер!- деп орман күні-түні зарлайды.
Оның дауысын тауға қарай ұшып бара жатқан Бүркіт естіп қасына келіп:
-Орман ата, ауруыңыз жаман екен:Мен биіктіктің құсы болғандықтан басқаларға жақындайын десем олар мені жем етеді деп қорқады,дегенмен естір құлақ болса дабыл қағармын деп ұша жөнеледі.
Бүркіт көл жағасында жүрген Дуадаққа кезігіп болған жағдайды баяндайды.Дуадақ әр кімнің өз жұмысы бар, менің көмкетесуге уақытым жоқ дейді.
Мұғалім:Уақыты жоқ болса,біз кемектесіп жіберейік.Ол үшін мақал- мәтел айтайық.және Орман суретіндегі құрт суретін алып тастап жапалақты жабыстырамыз.
Дуадақ Бүркіттің сөзін жерге тастағысы келмей, қамыс арасындағы Қазға кездеседі.Қаз балапандарымды ұшырып үйретудемін көмектесе алмаймын дейді.
Мұғалім:Ендеше біз көмектесейік.Жемістердің суретін алып сондағы сұрақтарға жауап берейік.
1.Табиғат дегеніміз не
2.Жыл мезгілдерін ата
3.Тірі табиғатты ата
4.Өлітабиғатты ата
5.Гүлдерді ата
Қаз Дуадақтың сөзін жерге тастай алмай,ару құс Аққуға өтініш білдіріпті.Аққу: мен киелі құспын ғой, көп құстар келіп –ақыл-кеңес сұрайды.Саған да ақыл айтамын.Тоғайда жүрген бір құс бар.соған өтініп көрейін дейді.
Мұғалім:біз де сол құсты іздейік. Ол қандай құс. Тоқылдақ
Содан бері әлгі орман жайқалып өсіп құстар мен жануарлар өз мекендеріне оралыпты.ал табиғатты күтпесек айнала қоршаған ортаны аяламасақ біздің денсаулығымызға зиянекенін білесіздер.
5.Көрермендерге географиялық жағдаят.
1.Сіз жидек теріп жүріп адастыңыз.Алдыңыздағы жидектер жол көрсете ала ма?
2.Сіз орманға барып адасын кетіңіз дейік.Жолыңызда құмырысқаның илеуін көрдіңіз
Осы илеу сізге жол табуға көмектесе ме?
3.Темірқазық жұлдызы әрдайым қандай бағытты көрсетеді?
ІІІ.Қортынды Марапаттау.Қатысқан оқушылар мұғалімдер назарларынызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Табиғатты аялайық» Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Батхан Еркегүл

Пікірлер: 0

avatar