«Тапқыр достар»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 449
  • Оқушымен жұмыс
  • 05/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20337


Алматы қаласы Алатау ауданы
№179ЖББМ
Мұғалім: Саркытбаева Эльмира Қайыржановна
Сайыс сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Мақсаты:
1.Білімділік: Физика ғылымы туралы ұғымдарын кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.Тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа баулу
3.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Cабақтың түрі: Интеллектуалдық сайыс
Көрнекілігі: слайдтар, әріптер, сөздер жазылған үлестірмелер
Сабақтың барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер! Бүгінгі біздің «Тапқыр достар» атты кешімізге хош келдіңіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын саған қояр бір сұрағым бар еді. Бізге мұғалімдер кішкене білмей қалсақ, «су мисың» деп ұрсады, сол дұрыс па?
Ой, сен де қоймас сұрақты қояды екенсің. Дегенмен дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организміндегі затттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3%-ын, сүйектің 22%-ын, бұлшық еттің 76%-ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83,3%-ы судан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген.
«Ішің күйсе, тұз жала» дегенді қалай түсіндіресің?
Күн ыссыда адам шөлдейді. Өйткені термен бірге денедегі тұз да шығады. «Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар» демекші шыққан тұздың өтеуін тұз ғана өтейді. Сондықтан қатты шөл қысқанда 5гр ас тұзын жеп немесе құрғаған тамақты тұзды сумен шаю керек. «Ішің күйсе, тұз жала» деп іші тар адамдарға емес, шөл қысқан адамдарға айту керек.
Мен тестке күні-түні дайындаламын. Бірақ жадымда бәрібір ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты. Бұған не істеуге болады?
Күндіз-түні оқи беремін дегенің мені онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болмақ. Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар. Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді: -Менің телефон нөмірім 24-361, есте сақтауға қиын болар ма екен,-дейді. Сонда физик:-Жоқ ешқандай қиындық жоқ, жай ғана 12-ні 2-ге көбейтем және 19-ды квадраттаймын,-деген екен. Айта берсек мұндай мысалдар көп, енді кешіміздің әділ-қазылар алқасын сайлап алайық... Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтар:
І топ: «Архимед»
ІІ топ: «Галилей»
І бөлім.
«Танымдық сайыс»
Архимед тобының сұрақтары
1.«Физика» гректің қандай сөзінен алынған, мағынасы.
2. Жаңғырық қайдан пайда болады?
3. Кемпірқосақ дегеніміз не?
4. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?
5. Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?
6. Атмосфералық қысымды немен өлшейді?
7. Ұшақтың ұшу биіктігін немен өлшейді?
8. Электр сымдарында отырған құстарды неге ток ұрмайды?
9. Күндіз теңіз желі қай бағытта соғады? Неге?
10. Автобус кілт тоқтағанда қандай қозғалысқа түсесің? Неге?
Галилей тобының сұрақтары
1. «Электрон» сөзі қай елдікі, мағынасы.
2. Кемпірқосақ қалай пайда болады?
3. Неліктен құрылыста қуыс материалдарды пайдаланады?
4. И.Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды?
5. Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратамыз?
6. Сұйықтың тығыздығын немен өлшейміз?
7. Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымды немен өлшейді?
8. Сұйық отын таситын автоцистерналы машинаның корпусына темір шынжырлар орнатылады, олардың ұшы жерге тиіп жүреді. Неге?
9.Түнде теңіз желі қай бағытта соғады? Неліктен?
10.Автобус кілт қозғалғанда қандай қозғалысқа түсесің?
ІІ бөлім.
«Сөз тапқанға...»
Сайысымыздың ІІ бөлімі «Сөз тапқанға...». Ұпай саны топтардың ұшқыр ойларына, тапқырлығына байланысты қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай.
Архимед тобына қойылатын сұрақтар
1.Қыстыкүні пеш тұтанбай қалса, не істейсің?
2.Тонның жылуы несінен?
3.Жаздыкүні қандай киім киген дұрыс?
4.Қаз судан неге құрғақ шығады?
5.Газды су неліктен жабық ыдыста тыныш, ал тығынын ашқанда көпіршіп тасиды?
Галилей тобына қойылатын сұрақтар
1.Пеш мұржасының биік болғаны дұрыс па, әлде пәс пе? Неліктен?
2.Қыстыкүні қандай етіктен аяғың тоңбайды, тардан ба, кеңнен бе? Неліктен?
3.Үйді кесек кірпіштен соққан дұрыс па, әлде күйдірілген кірпіштен бе?
4.Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
5.Неліктен спортшылар алақанын магнезиямен, шаңғы табанын конифольиямен сүртеді?
III.СЕРГІТУ СӘТІ.
(Кел, күлейік!)
Тапсырма:
Адамға қарағанда
5 қабырғасы артық,
30 қабырғалы,
517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы
бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіреді, 60 метр
қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?
ЖАУАБЫ:МЫСЫҚ
IV. «КІМ ТАПҚЫР!
Ой жинақтау.
* 10 Ғалымдар - Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген үлы ғалым.
* 20 Ғалымдар - 1969 жылы айға алғаш табан тіреген американ ғалымдары кім?
* 30 Ғалымдар - Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым.
* 40 Ғалымдар - Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған қай ғалым еді.
* 10 Формула – Бұл қандай формула.
* 20 Формула – Бұл қандай өрнек.
* 30 Формула – Бұл қандай формула.
* 40 Формула – Бұл қандай формула.
* 10 Өлшем бірлік - м/с қандай формуланың өлшем бірлігі.
* 20 Өлшем бірлік - м2 қандай формуланың өлшем бірлігі.
* 30 Өлшем бірлік - Паскаль қай формулаға тиісті.
* 40 Өлшем бірлік - Ньютон қандай формуланың өлшем бірлігі.
* 10 аспаптар – Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.
* 20 аспаптар – Сұйықсыз сөзінің грекше баламасы.
* 30 аспаптар – Ұшақтардың ұшу биіктігін қадағалап отыратын аспап.
* 40 аспаптар – Сфигмотанометр дегеніміз қандай аспап
* 10 Салт-дәстүр – Айтыстың ен көне түрі
* 20 Салт-дәстүр – Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ?
* 30 Салт-дәстүр – Өмілдірік деген не?
* 40 Салт-дәстүр – Үш қуатты ата
IV бөлім.
«Кім жылдам»
Сәйкестілік тесті
Формулалардың сыңарын тап
І топқа: ІІ топқа:
ρ= A=
p= Ek=
Ep = W=

Рефлексия кезеңі
1. Мен бүгін не үйрендім?
2. Не ұнады?
3. Ұнамаған жер болды ма?
4. Қандай ұсынысың бар?


Бағалау
V.Қорытынды Тәрбие.орг сайтынан «Тапқыр достар» Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Саркытбаева Эльмира Қайыржановна

Пікірлер: 0

avatar