ТЕКТАНУ АМАЛЫ-ТАМАША ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 171
  • Оқушымен жұмыс
  • 14/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23088


Тектану амалы-тамаша тәрбие құралы
Қазақ халқының тектілік туралы түсінігінің мәні терең, өрісі кең.Барлық құндылықтармен сабақтас ұлттық қасиеті¬міз тектілікпен беріліп, тектілікпен өрілген. Бұдан ажыраған қазақта тұлға жоқ, барлығыда көнеден бастау алған халық дана¬лығымен сусындаған, ұлттың рухани ұйыт¬қысына айналған төл мұраның өрісіне аянбай қызмет етіп отырған. Адамның ақылы мен дене күшін қатар талап ететін тарихи дәуірде адам тану түгіл адамды тәрбиелейтін рухани дүниелерді ұрпақтың жан-дүниесінен шығарып, халықтың жан әлеміне жеткізіп отыру оңай нәрсе емес.Қазақ ұлты тектілік ұғымымен адамды танудың, тәрбиелеудің,қорғаудың, рухын шыңдаудың тұлғалық деңгейдегі жолын қалдырып отырғанҰрпаққа тәрбиемен берілетін ұлттық ұғым адамның ұлттық зердесін, ұлттық рухын, ұлттық қасиетін Тектілік қазақ бол¬мы-сының қазығы. Рух азығы – ақыл, ақыл¬дың негізі бойдағы қасиеттің, адам¬гершіліктің нығаюына ықпал ететін тектілік. Тектілікпен келген білім адамды сақтайды, қандай қыйындыққа кезіксе де адамның ақылдан таймайтын күші тектілікте.
Адамның алдыменен өз қадірін өзі та¬нуы тектілік. Адамның жаратылысынан белгілі оның өмірге келу мақсаты мен өмір сүру мақсаты бір, бір-бірімен тығыз ба鬬ланысты. Қанағатшыл, турашыл, сезімтал, түсінігі мол, талғамы биік, адам¬гершілігі зор, жақсыға жақын, әл¬сіз-ге көмегін есептемейтін адам текті адам.Ұлттың ұғымы тарихтың есігіне адамды бағыттайтын, мәдениетінің, рухани өмірінің жолын адамға анықтап отыратын білім. Ұғымы бар адам елінің өмірін сүйіп өседі, елінің ырысы мен несібесін бар өмірінде қорғап өтеді. Өзінің өмір сүріп отырған уақытындағы елінің бар нәрсесіне қанағат етіп өседі, жоғын жоқтайды, тарихта жо¬ғалтқаны болса оны ақтап, қайта әкелуді мақсат етеді. Ұлттық қасиетінен қуат алады, кемелділігімен ұлтына тәуелсіздік, ұрпаққа үлгі болатын тарихты қасиетімен жасайды. Тұлғаларымыз үлгі еткен қазақ баласының қазақтығын мақтан тұтуы ерлік қасиет, тарихта елінің алдына ата-баба ұранымен шығуы елдік қасиет, елінің өмірінен ал¬шақтамай оның ертеңі үшін тер төгіп өтуі ұлы қасиет.Бұл қасиеттің бойға қонуы,тектілік ұғымының жас ұрпақ санасына ұяла аракідік айтылатын әңгіме,ата-ана ұстаздар мен тәрбиешілердің ұйымдастыратын ашық сабақ,тәрбие сағаты,сыныптан тыс ұйымдастыратын ертеңгілік,кешкілік,кездесулер мен жиындар, отырыстар мен басқосулардың сыртында арнаулы іс-әрекеттерді талап етеді.
Солардың бірі-баларларға «Менің шежірем» атты белгілеу кітапшасын істеп бкріп,оны олар қалай толтырып пайдаланғаны туралы қысқаша әңгімелекпіз.
Мұқабаның тысы

\

Мұқабаның ішкі беті
ё Кітапшаның әр беті А4 парақтың 4/1-ндей аумақпен пішіліп беттелген.Ата-аналар өз қалауымен кейінен «Әулет шешіресі» деген атпен қалаған форматпен,өзіндік дизайнмен өзгертіп жаңалап алған-ды.Мына үлгіні керектенемін деушілер ешкімнің рух-сатынсыз,өз қалауымен өзгертіп,хаңалап,көрнекті дизайнмен жасап алуына жол ашық.)
Қазақ ұғымында тектілік іздену, жан-жағыңды көру, біліп тану. Көрген білген нәрсеңнен пайдалыны жию, игілігі жоқ нәрседен өзіңді тыйып отыру. Қазақ руханиятында, «Көргені жақсы көш бастар» – делінген. Жаңаны біліп, жақсыны тану, танып білген нәрсеңді халыққа тарату жақсы қасиет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтып кеткен: «Ғылымды үйреніп әркімнің өз бойына сіңіруі де біле білсеңдер парыз. Сол себепті алыстығына қарамастан қайда болса содан үйрену керек». Білім мен ғылым жолында халыққа үлгі болатын бағытта адамның адамгершілігін сақтайтын тектілікСол тектіліктің басы баланың өзін-өзз танып білуі.Ата-баба,ағайын туыс,ұрпақ заузат кімде жоқ,бәрінде бар.Бірақ оларды танып біліп,сыйлап құрметтеу,қажетті шағында қолұшын беріп көмектесу,ағайын-туған,құда-жегжатты құдйдай сыйлау қасиет-ниетіміз өз денгейінде емес екні баршаға аян.Келер шақта бұданда нашарлауы мүмкін.Осыны ойлап жасаған бір амалды ұсынғаным ғой.Сыни көзқараспен,өз таным елегінегн өткізіп байқап көріңіз.Пікір айитсаңыз ыстық ықыласпен қарсы аламын.

Мен .......жылы ....айдың.....
жұлдызында,,..........күні ....
........... деген жерде(перзентханада), сағат щамасында,өмірге келіппін.Кіндік шешем ......... деген кісі екен..
-3-
Мен 1991 (қой) жылы,сәуір айының10- (тоқты) жұлдыз-ында Сәрсенбі күні, Теміртау қалалық перзентханада, таңғы 6 (азанда) сағат шамасында өмірге келіппін.Кіндік шешем Разиға Елеуова екен.
-3-
Белгілеудің бұл бетін бала өздігінен толтырса,әуелі қарындашпен нобай жасап,әбден нақтыланған соң,ашықтап жазу керек.Белгілеу мектепте, «Өзін-өзі тану» пәні аясында толтырылса,бесінші сыныптан бастап бұл белгілеуді пайдалану нәтижелі екенін тәжірибе көрсетті.Себебі,генетика,астрология,хиромантия,нумерология қатарлы ғылымдардың алғашқы ұғымдарын игеру мүмкіндігі осы жастағыларда толық бар.Екінші жағынан, баланың өзін-өзі тану дағдысы қалыптасып,өзінің қадір-қасиетін түсініп, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым -қатынас жасау машығын игереді. «Өзіңді өзің сыйласаң,жат жанынан түңіледі»» емес пе?

Менің әкем ................ұлы...
..............,....жылы... айлың...
......жұлдызында,.....күні.......
............................................
деген жерде өмірге келген.
Руы .............................
Әкем... ағайынлы.Олар.......
.........................................
............................... -4--
Менің анам ......... ... .қызы.
................. жылы.....айының
..........жұлдызында,.....күні .
........................................
деген жерле өмірге келген.
Руы ......................................
Анам...ағайынды.Олар;..........
.................................................
................................ -5-
Менің атам ...........ұлы..
.... ....... жылы .... айдың ...
..... жұлдызында, ... күні
.........................................
деген жерде өмірге келген.
Руы ...................................
Атам ...ағайынды.Олар: ....
.............................................
...................................... -6-

Менің әжем .................қызы
.............. жылы ...айдың ...
... жұлдызында... күні ......,,
.............................................
деген жерде өмірге келген.
Руы ....................................
Әжем ... ағайынды Олар:......
.............................................
.............................. -7-
Нағашы атам.................ұлы
.................үжылы ... айдың
.....жұлдызында,... ...күні
..........................................
деген жерде өмірге келген.
Руы ..................................
Нағашы ата ... ағайынды
Олар....................................
...................................... -8-
Нағашы әже ..................... қызы
.......................жылы айдың ......
....жұлдызында ... күні .............
................................................
деген жерде өмірге келген.
Руы........................................
Нағашы әже .... ағайындыОлар
.................................................
-9-

Менің жеті ата-бабам
1.Әке ..............ұлы ............
2,Ата: ..............ұлы ..........,
3.Баба...............үлы ............
4Ұлы ата .........ұлы ...........
5Ұлы баба .......ұлы ..........
6.Әзата .............ұлы ...........
7.Әзбаба ...........ұлы ..........
Егер біле алсаң ата бабалардың туған және змірден өткен жылын көрсетіп қою керек
10- Менің бірге туған аға-бауыр әпеке қарындастарым:
1......................(туған,ай,күн,жыл)
2...............................................
3..............................................
4...............................................
5............................................... 6...............................................
7.................................................
8................................................
9 ..............
10..............................................
-11-
Менің талғамым:
сәтті күнім,............................
айым,мезгілім.....................
өң-түсім,............................
саным .................
ғұмырлық саным ................
Ерекше қасиет тұтып құрметтейтін,еліктейтін адамдарым...........................
...............................................
...............................................
...............................................
-12-

Менің ерекшелігім
1.Қан тобым .................
2.Қолтаңбамның дамуы
А,( )
Б,( )
зТыңдау,есту,дыбыс-үн ажырату қабылетім
(екі жылда бір рет өлшету)
4Көру қабылет дәрежем
(қажет деп көрсең жылына қаралып жүр)
-13- Менің сырлы өлшемдерім
1.Саусақ,Білезік,Алақан:Табан
сызықтарымның үлгісі
2Бет пішін үлгісі
3.Құлақкүнқағар,көз аласы-ның тамырларының орналасуы
4Мең,қал саны мен орналасуы
5Жүрек соғысы қан қысымының өзгерісі мен шамасы

-14- Ата –бабамнан қалған мирастар мен мақтанышым
................................................
.................................................
-15-20-
Бала талғамын анықтау амал ы
................................................
.................................................
21-28
Зерттеу жасату жолдары:......
.................................................
29-32
Бұл үлгіде 35 беттік белгілеу кітапшасының әр бетінде нелер жазылғандығы туралы,оның қысқаша мазмұнын көрсеттік.Мұндағы 21-28 беттердегі «Бала талғамын анықтау» туралы кеңестер мен 29-32 беттегі «Зерттеу жасату жолдары» маңызды мағұлматтар болып табылады.Оны ғылыми негізде талдап,түсіндіріп жазу қажет.Ол үшін Тектану,(родология),жұлдыздама (астрология),ғұмырнама (нумерология) сияқты ілімдердің пайдаланамыз.Сондай-ақ генетиканың да қажеті бар,,көмегі көп.Айталық,сәтті ай-күн,сан,өң түсін анықтауда жұлдыздамаға жүгінсек,ғұмыр жасын анықтау,тектілік тегіне болжам жасау баланың ата-тегінің өнері мен дарынына керек десеңіз қандай науқас пен өмірден озғанын,нендей тарихи оқиғалаларды басынан кешкеніне зерттеу жасауға тура келеді.Бұл ата-ана,мұғалім және мамандар көмегімен жүзеге асырылады.Он үштен асқан соң жылына бір рет болса да био ритмін жасату қажет болады.Бұлшық еттерінің орналасуы мен қуатына өлшеу жүргізуді болмағанда екі жылда бір рет өлшеу жасауға тура келеді.Бұдан мынандай қорытынды жасаймыз; «Менің шешірем» атты белгілеу кітапшасын толтыруды асығып-аптығып бір-екі жылда бітіріп тастауға болмайдыТолтыру ісі 25 жасқа дейін жалғасып,пайдалану өмір бойы жүріледі.Небәрі 35 беттік бұл кітапшаға қосымшалар жалғанып,қомақты кітап болып ұрпаққа аманатталатынын ,жалғасатынын ескерген жөн.Кеңеске келейік.
1.Ғұмыр санын анықтау «Сан туралы ілім» біздің мінезімізді, болмысымызды, табиғи ерекшелігімізді, тағы басқа қасиеттерімізді қандай планета билеп, әсер етіп отырғанына түсініктеме жасайды. Мәселен былай: сіз өз тағдырыңыздың санын білгіңіз келеді дейік. Ал сол әр санның (тоғызға шейін, әрине), аржағында тоғыз планета тұрады. Мысалы «27-шілде, 1962 жылы»туған екенсіз дейік. Олай болса, осы сандарды бір-біріне қосыңыз. Қосындыны тағы бір-біріне қосыңыз. Шыққан жалғыз сан-сіздің Тағдыр саныңыз. Мыса-лы:2+7+0+7+1+9+6+2=34. 3+4=7.«7»-Сіздің тағдыр саныңыз.Кейде қосынды екі саннан тұрады.Ондайда оларды қашан жалғыз таңбалы сан қалғанша бір-біріне қосу керек,\Егер сіз «1» саны аумағында дүниеге келсеңіз- онда сізді жебеп-желейтін шырақ -Күн. Олай болса, осы сан құзыретіндегі кісінің өмірі қиыншылық пен қайшылыққа толы. Қол жеткізген атақ-даңқ, табыстар тек тамшылатып төгілген термен, табандылықпен келген. Ол үшін талай-талай нәрселерді құрбандыққа шаласыз.Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік сізді көп ортадан шеттетеді. Шын берілген дос адамның өзін тек жеке бастың қамы үшін пайдаланып кетесіз.Қандай жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем болуға тырысу - «1» санына орайлас туғандардың басты қасиеті. Олардың ылғи да шоқтығы биік тұрады.Егер ойланғандары іске аспай қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей, төңірегіндегілерді жүндей түтеді.Егер «2» санына орайлас тусаңыз...қорғайтын нысаныңыз (шырақ) – Ай. Ай жарығындай жүзіңіз нұрлы, әрдайым көңілдісіз. Тек достық шыраймен қарайсыз. Өміршеңдік, қиынның өзін қиыстырып жіберетін мизам шуақтай мінезіңіз айналаңызда көп адамды жинайды. Бәрі сізге ұмтылады. Соған орай ылғи да жолы болғыш, ештеңкені күшпен, зорлықпен алуға, белден басуға тырыспайды. Өзінен-өзі-ақ келеді.Егер «3» санына орайлас дүниеге келсеңіз, онда - планетаңыз Юпитер. Басты қасиеті - кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ. Жамандық тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен дейтін. Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып кеткен жағдайда, қайтадан қаз тұра қойғыш, жүні жығылып, бәзбіреулерше еңсесі езіліп кетпейді. өн бойы желі оңынан соғады, қиын проблемаларды шешемін деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе, ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат - ол үшін ауадай қажет. Сізді желеп-жебеп қолдайтын планета - Сатурн. Егер «4» тез байлыққа ие болса, қолдаушысы оны қашанда қуаттағаны. Еңбекте жетістікке жетсе, өз маңдай тері, табан ақысы. Жұрт қашанда оған сенім артады, бірақ достарының көбі - бәтуасыз. «Төрттіктер» - ырымшыл жандар, отбасында мәйін де жұмсақ. өйткені, өздерін ең жақын адамдарынсыз бейшара сезінеді. өмірге реалистік көзқараспен қарайды.«5» санына орайлас туған болсаңыз... Онда сізді желеп-жебейтін планета - Меркурий.Олардың айырықша мінезі - тас бұлақтай шамырқанған, күш-қажыры бойында буырқанған болып келуі мүмкін. Өмір деген олар үшін - кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Біркелкі қалыпты өмірге, мидай тірлікке төзімсіз. Сезімтал, интелектісі бай, бір қиын мәселе шешу керек болса, құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп жауапкершілікті ала бермейді. Жеке өз басы жауап беретін шаруа болса, жалтарып кетуге әзір. Өмірі тек қана қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді. Қызметте менменсіп, шірене бергенді онша қаламайды.
Егер сіздің Тағдыр саныңыз - «6» деген сан болып келсе... Онда Венера планетасына орайлас болғаныңыз..Сіздің жебеушіңіз мықты, мақсатты іске өне бойы жетелейді. Арман-аңсар,биік мұраттарға жеткізбей қоймайды. Өмірлік мән - сұлулық, гармония - үйлесімділік.Осыдан өнерге, музыкаға, жалпы әдемілікке ұмтылыс.Сүйсіну, әуестену. Сөйте тұра, өзін сынағанды ұнатпайды, алда-жалда біреуге мін таққысы келсе, оның өзінің тігісін жатқызып, «тістерін сындырып» барып жеткізеді. «6»-ның астында туғандар - әсілі консультанттар, өз жеке өміріне үстірт қарайтындар. Бірақ айналасына үлкен сенім артады.Егер сіз «7» санына орайлас тусаңыз, сізді қолдаушы планета - Уран. Көбіне-көп сізді ойлануға, философиялық, толғаныстарға бастайды. Ойшылықта жақсы, бірақ өз өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да мезеттер аз емес. Жалғыздыққа да бейім тұрасыз. Техника, ғылыми-зерттеу жұмыстарында зор табыстарға жетуіңіз. «7» санының астында туғандардан таудағы ұлардай, тек жалғыз-дара тұлғалар, ұлы философтар, өнер мен сахна шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады.«8» саныныңаумағында жарық дүниеге келсеңіз. Қолдаушыңыз Меркурий планетасы. Осы жебеушілеріңіздің арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз болып, үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Бай бола тұра дүниеқоңыз, ақшаның құлы болмайсыз. Егер жақын адамдарыңыздың басына күн туса, алдымен қол созатын өзіңіз...«9» санынына байланған тағдырлы болсаңыз- Желеп-жебеушіңіз - Нептун. Мінезіңіз, осы айбынды су Құдайындай сан-құбылады, аумалы-төкпелі. Жеке басының жағдайына онша-мұнша мән бермейтіндері де бар. Көшкен қаңбақтай, өмір толқынында домалай береді. Кейде аспандағы айға шауып әлек. Онысынан түк шықпайды, өз ортасынан бөлініп, сопайып жалғыз қалады. Рас, достарының әлсіз жақтарын ой таразысына салып, дұрыс қорытынды түйе біледі. Әсершілдік, сезімталдық-оның басты қасиеті. Үлбіреген гүл, шабытты салынған сурет көрсе, қызығып қарап қалатын әсемпаздығы да жоқ емес. Қысқасы, бір жұмбақ, табиғаты алабөтен ерекше
2.Нақты өлшемдер жасау;табан,алақан,білезік сызықтарын белгілеп алу жәй ғана жолмен қотарғыш парақтар,бояулы парақтар,сазды текшелер өте жақсы түсіріп бере алады.Ал. кәзіргі таңда оларды фотообсеттік (сканирлеу) жолмен жылдам жасап аламыз.Ал,оларды оқудың әр дәрежедегі жолдары барМысалы саусақ сызығын оқып көрелік.

1 2 3
1.Саусағында ілмек тәрізді сызығы бар адам салмақты әрі байыпты мінезді келедіі. Мұндай адамдар досының басына сын сағат туғанда бей-жай қарай алмайтындар санатында. Олардың жауапкершілігі бар, барар жерге ешқашан кешікпейді, алайда көшбасшы қасиеті жоқ. Мұндай адамдар жаңа мәлімет-терді адамдармен араласу арқылы алады. Олардың эмоциясын оқып қою оңай, себебі олар ашық адам. Денсаулықтары да жақсы, тіпті жақсы дамыған болады. Ілмек сызхықты адамдардың мінез-құлқы – сангвиник. Жалықтыратын және жалғыз ілікті жұмыстан безеді. Егер ілмек сызық барлық саусағында болса, бұл оның қиялы аса дамығанын, кейде тіпті өмір шындығына жанаспайтын нәрсені көп ойлайтынын көрсетеді. «Қойдай қоңыр, қозыдай момын» деген мақал осы адамдар жайында айтылған.
2.Саусағында толқын сызығы бар адамдардың энергиясы әрқашан тасып тұрады, олар өзіне сенімді. Сенімділік бар қасиетінен көрінеді: еңсесін тік ұстауы, жүрісі, тәртібі, ым-ишарасы. Оларды алған бетінен қайтару мүмкін емес, қателескенін де мойындату оңайға соқпайды, олар әр жасаған шешімін соңына дейін дұрыс деп дәлелдеуден шаршамайды. Нақты ойлау жүйесі бар. Қоршаған кеңістіктегі өзгерістерге бейімделу мәселесінде мұндай адамдар тығырыққа көп тіреледі және айналасындағы адамдардың пікіріне мойынсынуды білмейді. Бар ой-өрісі қарапайым әрекеттерден туындап отырады. Алайда алға қойылған тапсырманы орындау үшін өзге адамдардың көмегіне жүгінуді әдетке айналдырған. Саусақ ізінде иін суреті бар адам – холерик. Шығармашылықты сүйеді. Ым-ишарасы анық, әртістікіндей болады. Қиын сәттерде ол көрінген іспен айналыса жөнеліп, осылайша өз назарын басқаға аударуға бейім. Қарым-қатынаста ерекше биязылықты суқаны сүймейді, дегенмен өте адал дос әрі ешқашан сатып кетпейді.
3.Саусағында ирек сызықтары бар адамдар ашушаң келеді, қайтымы тез адам. Шығармашылық дарыны бар, қабылдауы жақсы, тез үйренеді және кез келген оқиғаны сараптап отырады. Бірнеше істі қатар бастап, орта жолда тастап кетеді және қызығушылығы жоғалады. Психикасы тез қозғыш, тұрақсыз. Көңіл-күйін тап басып айту қиын, сезімі мен уайым-қайғысын ішке жасырады. Жалғыз болуға және өз-өзіне есеп беруге құмар. Көп жағдайда өзіне көңілі толмайды, күмәні көп адам. Негізінде сезім ішкі ойдан туады, ал мәліметті жазбаша хаттар деректерінен алады. Ирек сызықтары бар адамның темпераменті – флегматик. Сөйлеген сөзі анық емес, жай әрі баяу шығады. Сол немесе оң қолындағы сұқ саусақта ирек сызық болса, онда мұндай адам туа бітті ойшыл. Бағдарламалауға, заңгерлік іске және ғылыми жұмыстарға бейімі бар. Жалпы қорытынды жасайтын болсақ, саусағында ирек суреті бар адамдардың мінезі ауыр, қолынан не келетінін біле бермейтін адам.(Массегат порт. Алынды)

Қобдамай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Күннұр Қайратқызы (Теміртау қаласы №8 мектеп мұғалімі)
12 қыркүйек 2017 Тәрбие.орг сайтынан ТЕКТАНУ АМАЛЫ-ТАМАША ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы

Теміртау қаласы №8 мектеп мұғалімі шет тілі мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar