«Тілің сенің өміріңнің айғағы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 698
  • Оқушымен жұмыс
  • 05/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18452


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Майдакөл ауылы,№98 орта мектеп

тәлімгері Қалымбетов Шынболат

Төлепбергенұлы

Тақырыбы:
«Тілің сенің өміріңнің айғағы»
(мәнерлеп оқу сайысы)

«Жас Ұлан» ұйымы
Күні: 22 қыркүйек, 2015 жыл

Тақырыбы: «Тілің сенің өміріңнің айғағы»
(мәнерлеп оқу сайысы)

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Жүргізуші:
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер
Жер иесі – менің тілім мәңгі жас.
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Тілің сенің өміріңнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.
Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
Қазақ осы «Өнер алды-тіл дейтін»,
Қазақ осы қарасыңба, ақсыңба,
Қоңырсыңба жатырқауды білмейтін,-
деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 5-6-7а-7б- сынып оқушылары аралығында Тіл мерекесіне байланысты осы сайыс ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Жүргізуші:
Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22-қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды.Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.
Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.
Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.

Туған тілім қазынам, алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке, бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

Мәнерлеп оқу сайысына қатысушы оқушыларды атап айтар болсақ.

1.Оразғалиқызы Айым 5-сынып оқушысы
2.Айдарова Ақерке 5-сынып оқушысы
3.Бұрхан Нұрзат 5-сынып оқушысы
4.Тәңірбай Нұрлан 5-сынып оқушысы
5.Ертасова Зария 6-сынып оқушысы
6.Шарапова Ләззат 6-сынып оқушысы
7.Төлепбергенова Нағима 7а-сынып оқушысы
8.Серік Бекзат 7а-сынып оқушысы
9.Қорғанбек Ардақ 7б-сынып оқушысы
10.Темірхан Аяжан 7б-сынып оқушысы
11.Нұрманова Ақтолқын 7б-сынып оқушысы
12.Жанболатова Құндызай 7б-сынып оқушысы
13.Жанболатова Жұлдызай 7б-сынып оқушысы
Жүргізуші:
Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,
1. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
2. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).
3. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ізтілеуов Т.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Әбдешова Б.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Жүрген А.
Психолог: Сқақов М.

Жүргізуші:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім – дей келе сайысқа қатысушы оқушылар өздері дайындап келген өлеңдерін орындайды.

1.Оразғалиқызы Айым 5-сынып оқушысы
2.Айдарова Ақерке 5-сынып оқушысы
3.Бұрхан Нұрзат 5-сынып оқушысы
4.Тәңірбай Нұрлан 5-сынып оқушысы
5.Ертасова Зария 6-сынып оқушысы
6.Шарапова Ләззат 6-сынып оқушысы
7.Төлепбергенова Нағима 7а-сынып оқушысы
8.Серік Бекзат 7а-сынып оқушысы
9.Қорғанбек Ардақ 7б-сынып оқушысы
10.Темірхан Аяжан 7б-сынып оқушысы
11.Нұрманова Ақтолқын 7б-сынып оқушысы
12.Жанболатова Құндызай 7б-сынып оқушысы
13.Жанболатова Жұлдызай 7б-сынып оқушысы

Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Келесі кезекті жеңімпаздарымызды анықтап беру үшін, Әділ-қазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!

Назарларыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Тілің сенің өміріңнің айғағы» Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалымбетов Шынболат

Пікірлер: 0

avatar