Жазғы демалыс - жан саулығы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 171
  • Оқушымен жұмыс
  • 01/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23032


Жазғы демалыс – жан саулығы
Жадыраған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай мектеп жанынан ашылған жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Лагердің ең басты мақсаты оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыт бере отырып, ойын ойнату, ән айтқызып, билету, түрлі тақырыпта шығармашылық жұмыстар атқару арқылы баланың функционалдық сауаттылығын дамытуды көздейді. Міне осы мақсатты басшылыққа алып «Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі» жанынан құрылған 1-4 сыныптар арасындағы «Қарлығаш» лагері өз жұмысын атқаруда. Құрылған жоспар бойынша жас ерекшелігіне қарай балалармен түрлі іс-шаралар өткізілуде. Барлығыда бала бойындағы титтейде болса шам шырақты жағып, оның жаз айларындағы уақытын тиімді де, қызықты өтуіне ықпал ету. Осы шаралар жоспарлы түрде өтуі үшін үнемі мектеп директоры А.М.Қырықбай мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.И.Сералиева, лагерь жетекшісі Г.А.Сералиеваның тарапынан қадағалау жұмыстары жүргіліп отырады.
Салауатты өмір салты- баланың кез-келген жердегі, үйдегі, мектептегі кезеңдерінде белсенді болуың негізі. Осыған байланысты мектебімізде өткізіліп жатқан лагерьде балалар таңғы жаттығулар жасап, түрлі қимылды ойындар ойнайды. Атап айтатын болсақ «Орамал тастамақ», «Қызыл ту», «Ақ серек-көк серек» ойындары балалардың қызығушылығын арттырады. Түрлі тақырыптарда танымдық сабақтар, ағылшын тілі сабақтары ұйымдастырылып оқушылардың мектеп уақытындағы алған білімдерін шыңдап отырамыз. Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, олардың арасынан талантты, дарынды балаларды анықтау мақсатында «Астана – арман қала», «EXPO» -2017, «Табиғат тал бесігім» тақырыптарында бейнефильм көрсетіліп, сурет көрмесі ұйымдастырылды, тақырыптар бойынша өлең шумақтар айтқызылды. Бала ойын арқылы өсіп, дамитыны белгілі. Сол себепті де балаларды ойната отырып, шығармашылық жұмыстарға баулудың маңызы ерекше. Осыны ескере отырып мектеп оқушыларын ауылымызда орналаскан «Балдаурен» балалар саябағына апардық. Онда бабалар түрлі ойындар ойнап өз уақыттарын қызықты өткізді. Баланың бойына барынша ұлттық тәрбиені сіңіре отырып, өз халқының тарихына сусындату біздің алғашқы мақсаттарымыздың бірі. Міне сол себептіде балалармен бірлесе отырып музейге саяхат жасадық. Онда балалар тарихтан сыр шертетін түрлі заттарды көре отырып, түсінік алды. Бұл саяхаттың алдыңғы өткізілген танымдық сабақтармен байланыса отырып бала танымы үшін керемет маңызға ие болды. «Әнші балапан» тақырыбында ән байқауы ұйымдастырылып, балалар ән айтты. Мектебімізде жас таланттардың барына көз жеткіздік. Осы тұста Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ жастардың қолында» деген сөзі еріксіз ойға оралады.
Мектебімізде ұйымдастырып отырған жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы тек белсенді тәрбие және білім беру жұмысына ғана емес, сонымен қатар мұғалім мен балалар, мұғалім мен ата-ана арасындағы алтын көпір екені сөзсіз.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сералиева З.И Тәрбие.орг сайтынан Жазғы демалыс - жан саулығы Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сералиева Зейнепхан Исамқожаева

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Т.Кенжебаев атындағы орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пікірлер: 0

avatar