Жылулық толы жүректе

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 529
  • Оқушымен жұмыс
  • 11/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19991


Тақырыбы: «Жылулық толы жүректе»

Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету, танымдылық қабілетін дамыту, қарым-қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрену.
І Ұйымдастыру кезең.
Саламатсыңдарма балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Ортаға шығайық.
Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айтайық, бір-бірімізге қуаныш сыйлайық: Балалар, жылуымызды бір-бірімізге жеткізейік.
Жылулық шеңбері:
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

Ал енді әр түрлі әдістермен амандасайық, мұрнымызбен, иығымызбен, аяғымызбен,басымызбен.
Жарайсыңдар балалар, көңілімізді көтеріп алдық.

-Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдерме?
-Мен сендерді ертегілер еліне қонаққа шақырамын.
-Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.

-Мынау не балалар?
-Гүл
-Балалар гүл қандай болу керек еді?
-Иә балалар, гүл әдемі, түрлі түсті болу керек. Гүл әдеміліктін белгісі. Бірақ біздін гүліміз көңілсіз.
-Балалар гүлден сұраңдаршы неге ол көңілсіз? Кім оны ренжіткенін білейік.
-Саламатсызба түймедақ гүлі, сізге не болған? Неге көңілсізсіз, сізді кім ренжітті?
Түймедақ гүлі -Сәлематсыңдарма балалар,
мені бір топ суретші қыздар салған. Олар мені өте әдемі, ғажап етіп салып, түрлі –түске бояған болатын. Өзімнің сұлулығыммен осы гүл бағының сәніне айналып тұр едім, жамбыр жауып бүкіл бояуымды, сұлулығымды алып кетті. Сондықтанда көңілсізбін.
- Мен балалар сендерге көмек сұрап келдім, менің бірақ арманым бар, мені әдемі етіп бояп беріңдерші?
- Гүлімізге көмектесеміз ба?
-Әрине, көмектесеміз. Біз бояуларға айналыуымыз керек. Бірақ та балалар, менің сиқырлы, алтын, ғажайып қорабым бар, сол қорапта бояулар бар. Бұл қорап сиқырлы болғандықтан өздігінен ашылмайды. Оны ашу үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек балалар.
Балалар мынау берілген тапсырмаларды, дұрыс орындасаңдар қораптың сиқыры кетіп қорап ашылады, сонда ғана көмектесе аласыңдар.
-Балалар орындаймыз ба ?
ІІ Негізгі бөлім
«Суретті ретімен қой»
Мынау тапсырмада суретті ретімен қойып,қандай ертегі екенін тауып, суретке қарап ертегіні айтып беріңдер.
- Бұл қай ертегі?
-«Бауырсақ» -ертегісі
-Иа дұрыс ал енді бауырсақ ертегісін айтып берейік.
Жарайсыңдар тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
Ал енді дем алып алайық
ІІІ. Сергіту сәті:
Тәулік бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр (ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
Астан-кестен жасайтын
Өткінші енді біз жаңбыр (тез-тез жауған жаңбыр тырсылын көрсетеді)

Ойлау қабілетін дамыту.( презентация)
1. «Көленкесін тап»
2. «Жіптің ұшын тап»
3. «Не екенің тап»
4. «Суретші нені шатастырды»
5. «Жамауын тап»
6. «Айырмашылығын тап»
7. «Ұқсас суретті тап»
8. «Кімге не жетіспейді?»
9. «Мына жерде не артық?»
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар енді біздің қорабымыз ашылды, ішінен бояуларды алып гүлімізді әдемі түстермен бояйық. Балалар біздер гүлді жәй ғана қарандаштармен боямаймыз, біз гүлге өз жан жылуымызды, мейірімізді тарату үшін саусақтарымызбен бояймыз.
-Балалар біз бүгін үлкен көмек істедік. Өзіміздің мейірімді, қамқор балалар екенімізді көрсеттік. Қарандаршы балалар біз бояған гүлдер гүл бағына қандай әсемдікті беріп тұр.
-Балалар түймедақ гүліміз сіздерге өте риза болып, өз алғысын айтып кетті.
Ал балалар, ендігі кезекте сіздермен ойын ойнаймыз.
«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Балаға қарама-қарсы отырамын, балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты маған қарай кері лақтыру қажет. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады.Жылдам орындалуы қажет Сөздердің нұсқауы:
Лимон ащы, ал қант ...
Шөп жасыл, ал аспан ...
Ағашты аралайды, ал шегені ...
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ...
Құс ұшады, ал жылан ...
Кеме жүзеді, ал машина ...
Шиені жейді, ал шәйді ...
Әнші өлең айтады, ал құрылысшы ...
Түнде қараңғы, ал күндіз ...

ІV. Қорытынды.
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Ертегілер елінде сендерді кім қарсы алды, тағы нелерді кездестірдіңдер?
Балалар сендерге көп-көп рахмет. Тәрбие.орг сайтынан Жылулық толы жүректе Оқушымен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурпейсова Гульзада Алимжановна

БҚО. Казталов ауданы. Казталов ауданының "Психологиялық педагогикалық түзеу кабинеті" Педагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar