«4 саны және цифры», логикалық тапсырмалар.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 258
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 10/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19981


А. Тайманов атындағы № 34 мектеп гимназиясы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Қарапайым матемеатикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «4 саны және цифры», логикалық тапсырмалар.
(0 «ә» мектепалды даярлық тобы)





Тәрбиеші: Жасанова Г.Ж



2016-2017 оқу жылы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 08.11.16ж
Тәрбиеші: Жасанова Гүлжиһан Жолдасқалиқызы
Білім беру саласы: таным
Тақырыбы: 4 саны және цифры . Логикалық тапсырмалар.
Бөлімдері: Қарапайым матемеатикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты: - 4 және цифрмен таныстыру; цифр және заттың санын сәйкестендіре білуеге үйрету, заттарды санауға машықтандыру, 4 цифрын тануды және суреттеуді үйрету.
-Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;
- Эстетикалық тәрбие беру;
Көрнекілік құралдар: слайд, плакаттар,теледидар, жапсырмалы қағаз және жіп,үлестірмелі дидактиктикалық материалдар.

Қызмет кезеңі Тәрбиешінің іс-шарасы Балалардың қызметі
Мотивациондық түрткі болатын

І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын аудару.Үш тілде амандасу.
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты,
Қайырлы күн кок аспан!
Қайырлы күн Жер Ана!
Қайырлы күн қонақтар!
Қайырлы күн достарым!
Добрый день , всем нам,
Добрый день всем гостям.
Good avternoon, Good avternoon,
Good avternoon to you.
Good avternoon, Good avternoon,
You are glad to see you.!
ІІ.Өткен сандарға шолу.
- Балалар, экранға назар аударайық.
1.Қашып бара жатыр ма?
Қояндар қорқып құмда тұр
Ал бұзау шымда тұр..
Сүңгіп кетсе екеуі,
Нешеу екен шын батыр.? ( 1)
2.Үшеу еді қолында,
Бірі қалды оның да
Неше жаңғақ, есепте,
Түсіп қалды жолында? (2)
Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар.
Қорапқа кірді біреуі,
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі? (3)

- Балалар, сонымен өткен ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде қандай сандармен таныстық?
3-ке дейнгі сандарды үш тілде атап корейік.
Амандасу тренингі. Балалар үш тілде амандасады.

Откен сандарға байланысты логикалық есептерге жауап береді.

- 1 санына байланысты тапсырмаға жауап береді.

- 2 санына байланысты тапсырмаға жауап береді.

- 3 санына байланысты тапсырмаға жауап береді.

- 1,2,3 сандарымен.
Бір, екі, үш!
Один, два, три!
One, two,three!

Ұйымдастырушылық-ізденістік



ІІІ. Жаңа сабақ.
- Енді, балалар, көңілімізді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетдегі жаңа санмен танысу үшін мына жұмбаққа назар аударайық.
- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған,
Барлығы қанша балапан?

- Дұрыс балалар, ендеше бүгінгі танысатын санымыз : 4 саны және цифры.
1. 4 санына байланыстырып қандай ұғымдарды атауға болады?
Мысалы, Үштен кейін төрт болар,
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Төрт жыл мезгілі 4 санымен белгіленеді.
Төрт санын төрт түлікпен және пішіндер арасындағы төрт бұрышпен байланыстырып атай аламыз.
Билингвизмдік компонент: 4 санын үш тілде төрт, четыри,four деп атайды.
2. Алдымен 4 санын ауада жазып кореміз.
-Мұғалім тақтаға 4 саны цифрының жазба түрін ережесі бойынша: (қысқа қисық сызықты жоғарыдан томен қарай сызып, содан соң колденең сызықты солдан оңға қарай сызамыз және тағы да қисық ұзын сызықты жоғарыдан томен қарай сызамыз) көрсетіп жазады.
Даптермен жұмыс:
1. Тапсырма: 22-беттегі 4 санын саусақпен бастыру.
2. Тапсырма: 22-беттегі 4 санын қарындашпен бастырып жазу.
Сергіту сәті: « Коңілді қимылдар.»
Таңғажайып сәт: (Сандар әлемінің ханшайымы келеді. Алған білімдерін шыңдайды.)
- Сандар әлемінің ханшайымы балалармен амандасып , 4санына байланысты санамақ үйретіп , білгендерін сұрайды.
- Қаздың да екеу аяғы ,
Құрдың да екеу аяғы,
Екеуінің аяғы...
Тортеу болар баяғы.

Дидактикалық ойын: « Терек түбіндегі аңдар саны қанша?»
Мақсаты: Жасырынған аңдардың құйрықтары мен құлақтары арқылы санын анықтап, жаңа тақырыпты қорытындылау. (Шешімін жіп арқылы топшамаға санын анықтап жапсырмалап жүргізу).
1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау.

- 4 балапан.Құстарды санайды, цифрды көрсетеді.

-Жыл мезгілдері: қыс , коктем, жаз, күз.

-4 санын үш тілде төрт, четыри,four деп атайды.

-ауаға санды жазады.

Жұмыс дәптерлеріне 4 саны және цифрының жазба түрін жазады.
Тапсырмаларды зейін қойып тыңдап, орындайды.


-саусақ арқылы бастырып жазады.

-қарындашпен бастырып жазады.
Сергіту сәтін орындайды.

-Сандар әлемінің ханшайым
ымен амандасады.
-Тапсырмаларын орындайды.
-Санамақтар айтады:
-Бір, екі ,үш
Бойға жинап күш.
- Бір адым- самал
Екі адым-амал
Үш адым-жамал,
Торт адым –қамал.
-Бір-екі, бір-екі,
Аяқты аламыз,
Алдымен бір келкі
Сап түзер баламыз.

-Дидактикалық ойынға белсене қатысады.
- Жапсырма қағазға 4санын бейнелейді.

Сандар ханшайымымен қоштасады.
1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санайды.

Рефлекті-коррегирлық Балаларға алғыс білдіреді.
Келген қонақтармен қоштасайық!
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетін қорытады.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Білу: 4 саны мен цифрды табуды;
Алу: 4 санының жазылуы туралы түсінікті;
Үйрену: 4 заттан тұратын топты табуды, 4 цифрын тануды. Тәрбие.орг сайтынан «4 саны және цифры», логикалық тапсырмалар. Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жасанова Гулжихан

Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы мекетепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar