8-Наурыз тәрбие сағаты

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 465
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 05/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21515


Мұнайлы ауданы
№1 орта мектеп

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: 8-наурыз
Сыныбы: 0 «а»
Мұғалімі:Қалдыбай.Қ.С

2015-2016 оқу жылы
Мерекелік тәрбие сағатының басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Кештің көрнекілігі: Суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Ендеше қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңін Айжазықова Ақмерей оқиды.
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

Жүргізуші:Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз, Көбелектер биі
1-Арай 2-Гүлназым
3-Аружан 4-Гүлжайна
4.Жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ... Жанболат Эльвираның орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
5.Мың бұралған бишілерімізді орыс биімен қарсы алайық
1-Альбина 2-Асель
3-Іңкәр 4- Сағира
6.Оқушыларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын тыңдайық
1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

6.Келесі кезекте Грузин биі
1-Нұрмұхаммед 2-Альбина
3-Аян 4-Асель

7.Оқушыларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын тыңдайық

6.Ана-жердің жүрегі,
Ана-елдің тірегі
Бүгін үлкен мереке
Аналардың гүл өңі.
7.Тәуелсіздік теңдігім
Қуанышты келді күн.
Құттықтаймын анашам,
Мерекеңмен мен бүгін.
8.Деп тілейміз бәріміз,
Атсын нұрлы таңымыз.
Құтты болсын мереке,
Сегізінші наурыз
9.Бізді ылғи құшады,
Кеудесіне қысады.
Кіп-кішкентай әженің,
Қандай үлкен құшағы.
10.Әжеме мен еремін
Маржан сөзін теремін.
Достарыммен би билеп,
Әнде салып беремін.
8.Ұлдарымыздың қыздар қауымына арнаған Қаражорға биін тамашалайық.
1-Ақылбек 2-Саят
3-Мирас 4-Шапағат

9.Флешмоб
Келесі сөз кезегін мектеп орынбасары Құлбарақ Рысгул Қожабергенқызына береміз.
Аналарды,қыздарды мерекесімен барлығы құттықтап оларға сыйлықтарын тарату.
Жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын! Тәрбие.орг сайтынан 8-Наурыз тәрбие сағаты Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалдыбай Қарлығаш Сарсенбайқызы

«ММ Ақтау қаласы №1 жалпы білім беру орта мектебі» Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar