№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілер арасында өткізілген «Көңілді мәре» спорттық сайыс ойыны

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 579
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 22/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22851


«Көңілді мәре» спорттық сайыс ойыны

Мақсаты: Y-PEER репродуктивті денсаулықты сақтау орталығының волонтерлары мен №8 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілер арасында тығыз байланысты нығайтып, қолдау көрсету.Тең-теңіне тәсілі арқылы салауатты өмір салтын жүргізуді алға бастыру және жастарға өз денсаулықтары үшін жауапты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Қапшық, теннис шары, доп, айналмалы дөнгелек (обруч), газ тұтқыш (противагаз), секіргіш (скалкалка), арқан.
Өтілетін орны: № 8 балалар үйінің спорт залы
Өткізу формасы: Спорттық сайыс
Өту барысы:
1. Жүргізуші сөзі
2. Сайыс кезеңдері
3. Қорытынды
Жүргізуші: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы –Сарсенбаев Бауыржан Серікжанұлы
2. № 8 балалар үйінің дене тәрбиесі оқытушысы-Қалиев Ермек Гинаятұлы
3. № 8 балалар үйінің тәрбие ісінің меңгерушісі –Нұрғалиева Рымхан Асановна
4. Y-PEER ресурс орталығының жетекшісі-Куспанова Лаура Узакбаевна
Жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топ аттарын айтыңыздар.
Ойыншылар шығып өздерін таныстырады.
Енді топтарды ортаға шақырамыз.
1. «Лунатики»
2. «Барселона»
Сайыс барысы:
Кезеңдері:
1. «Секіргіш» сайысы.
2. «Пингвин» сайысы.
3. «Доп лақтыру» сайысы.
4. «Теннис шарымен жүру» сайысы.
5. «Қаппен секіру» сайысы.
6. «Газ тұтқыш (противагаз)» киіп жүгіру сайысы
7. «Доп үстінде отырып секіру» сайысы
8. «Айналмалы дөңгелек» сайысы
9. «Арқан тартыс» сайысы
Жүргізуші: 1 кезең «Секіргіш» сайысы. Скалкалкамен секіріп инструктордың алақанынан ұрып, қайта секіріп қайту керек.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Жүргізуші: 2 кезең: «Пингвин» сайысы.
Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, қайтар жолда жүгіріп кетеді.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Жүргізуші: 3 кезең: «Доп лақтыру» сайысы.
Баскетбол добын жерге соғып барып сеткаға лақтыру, қайтарда тағы соғып келу.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Жүргізуші: 4 кезең: «Теннис шарымен жүру».
Ойыншы тенис шарымен жүгіріп, жалаудан айналып, кері қайтадан жүгіреді. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
Жүргізуші: 5 кезең «Қаппен секіру» сайысы
Ойыншы қапты киіп, секіріп барып, алда тұрған шарды алып себет ішіне түсіру, кері секіріп қайту. Келесі ойыншылар ойынды жалғастырады.
Жүргізуші: 6 кезең «Газ тұтқыш (противагаз)» сайысы.
Әр топтағы ойыншылар кезекпен газ тұтқышты киіп жүгіру. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
Жүргізуші: 7 кезең «Доп үстінде отырып секіру» сайысы.
Әр топтағы ойыншылар кезекпен доп үстінде секіру. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады
Жүргізуші: 8 кезең «Айналмалы дөңгелек» сайысы. Ойыншылар айналмалы дөңгелек (обруч ) ішінен өтіп жарысады.
Жүргізуші: 9 кезең «Арқан тартыс» сайысы.
Топтағы ойыншылар команда болып арқан тартысады.
Енді кезегімізді сайысымыздың жеңімпаздарын таныстыру үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Көңілді мәре» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, достар! Тәрбие.орг сайтынан №8 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілер арасында өткізілген «Көңілді мәре» спорттық сайыс ойыны Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Куспанова Лаура Узакбаевна

ШҚО, Семей қаласы, «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Y-PEER репродуктивті денсаулықты сақтау орталығының жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar