Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
АҚБЕРЕН
  • 10.10.2016
  • 245 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19628

«Ақберен»
(Ұлттық -танымдық сайыс)
Байқаудың мақсаты мен міндеті: жас дарындар арасынан гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан –жақты өнерлі балаларды іздеп табу, кәсіби бағдар беру, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп, шешендік әмбебаптыққабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.
Жүргізуші: Тілімде менің- Бабамның батырлығы да
Махамбет пен Абайдың ақындығы да.
Дүниеге келе, Айқайды салған іңгәләп,
Тілімде менің- Сәбидің батылдығы да,
- демекші , тіл-әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы.
- Тілді әр уақытта аялай, шұбарламай таза күйінде мұра етіп, қалдыру-біздің борышымыз.
Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауының тілдерді дамыту саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында өткізілгелі отырған «Ақберен» тіл танымдық сайысын бастайық.
Жүргізуші:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-дей келе, өзінің туған тілін жан-тәнімен жақсы көретін, баба рухына, тіліне нәр алып, сусындап жүретін сайыскерлерімізді шақырайық.

Жүргізуші: Сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
1. «Шығарма жазу»
(Бұл кезеңнің шарты бойынша ойыншылар берілген тақырыптар бойынша шығарма жазу.)
2. «Көркемсөз оқу»
(әр топ сайыскерлері мәнерлеп,нақышына келтіріп көркемсөз оқиды,проза,поэзиядан үзінділер оқиды.)
3. «Шешендік өнер»
(Шешен,билердің сөздерінен үзінді айту.)
4. «Ұлттық аспапта ойнау»
5. «Ақындар айтысы»
6. «Ақындар мүшәйрасы»
Жүргізуші:
-Олай болса, Бүгінгі ойынымыздың сарапшыларымен таныс болыңыздар

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты
Білім мен тапқырлықты бағалайтын
Әділ-қазылар алқасы әділ, мықты
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ салайық

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би
Жүргізуші: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»
Ғ. Мүсірепов
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл «ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»
Б.Момышұлы
Жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастамас бұрын, берілген ою арқылы топқа бөлінейік.
Жүргізуші : «Шығарма жазу»
(Бұл кезеңнің шарты бойынша ойыншылар берілген тақырыптар бойынша жарыстың соңына дейін шығарма жазу.) Мына конверттер арқылы өз тақырырыптарыңды таңдаңдар.
Жүргізуші: «Көркемсөз оқу»
(әр топ сайыскерлері мәнерлеп,нақышына келтіріп көркемсөз оқиды,проза,поэзиядан үзінділер оқиды.)
Жүргізуші: «Шешендік өнер»
(Шешен,билердің сөздерінен үзінді айту)
Жүргізуші: Ұлттық аспаптарды әр түрлі жағдайда пайдаланған. Белгі беру, аң аулау, билеу, бұғы шақыру, жан келгенін білдірту т.б. Олай болса,ұлттық аспаптарымыздың бірі қобыздың дауысын тыңдайық.Ортада 5 «Г» сынып оқушысы Садвакасова Дария
Жүргізуші:
Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл-сәл кім бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра-деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ендігі кезегімізді «Ұлттық аспапта ойнауға» берсек.

Жүргізуші:
Айтып қойшы қарағым,
Қандай боп жүр сабағың.
Жайын біліп қояйын
Сендей жақсы баланың.
Жүргізуші:
Сөзді тыңда қарағым
Мен секілді баланың
Сен осында қаласың
Мен лагерьге барамын-демекші ендігі кезекті ақындар айтысына берейік.

Жүргізуші:Шығарманың уақыты аяқталды.Жазған шығармаларымызды қазылар алқасына берейік .
Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Ақындар мүшәйрасында» өзіміздің жас ақындарымызды тыңдап көрелік.
Жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша,Бір көңілді әуенге кезек берейік.5 «В» сынып оқушысы Қайратқызы Назерке
Жүргізуші: Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.
Жүргізуші :"Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі " - деп І. Омаров ағамыз айтқандай, өзінің байлығын , сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілінің бар екенін ұмытпаңыздар. Өз ана тілімізді қадірлеп, қастерлейік. Тіл болашағы мына сіздердің де қолдарыңызда!
Жүргізуші: Осымен «Ақберен» сайысысы өз мәресіне жетті.Жақсы күндерде кездескенше сау-саламатта болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан АҚБЕРЕН Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Машакова Назгул Мұқанқызы

Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы№123 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 245 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar