Ақпарат елінде

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 237
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 24/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21270


«Ақпарат елінде»

А.О. Кожанов
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі
информатика пәні мұғалімі

Оқушылардың жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдаланбайды. Сол үшін оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылық дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы ір түрлі, жан жақты болуы керек. Сонымен қатар сабақты түрлендіріп қызықты өткізуіне көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Осы мақсатта 8 сыныпта өткізілген «Ақпарат елінде» сабағыма тоқтала кетейін. Сабақты ұйымдастыру барысында Үш тілдік негізінде ағылшын тілінен аздаған сөздер пайдаланып өткіздім. Сабақта оқушылар маршрут арқылы кемемен «Ақпарат еліне» саяхатқа шығады, аралдарға соғып тапсырма орындайды.
Good morning children!
Today we will go on a visit to the country information.
«Ақпарат елінде» біз мәтіндік редакторды, калькуляторда, Power Point бағдарламасында жұмыс істейміз.
Кеменің жүзу маршруты:
І. «Қиын сұрақтар» аралы\island troon questions
ІІ. «Ертегілер» аралы \tales island
ІІІ. «Көркем бейне» аралы\
ІҮ. «Сиқырлы әріптер» аралы\ island magical letters
Ү. «Ғажайып қалам» аралы \island fairy pen
Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау

І. «Қиын сұрақтар» аралы
1. Информация өлшем бірлігі (бит, баит, byte, bit)
2. Сурет салуға арналған программа (paint)
3. Мәтіндік құжаттар құруға арналған программа (мәтіндік редактор, text editor)
4. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады, memory)
5. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (процессор, processor)
6. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор,calculator)
7. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон,microphone)
8. Жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор, curcor)
9. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер, printer)
10. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет, internet)

ІІ. «Ертегілер» аралы
Бір күні сиқыршы сандарды сиқырлап тастады. Оқушылар әдеттегі сандарын түсіне алмай әлек. Ертегілер аралында оқушылар берілген сандарды белгілі жүйемен түрлендіру керек.
1. 78 10 = 1000101102\1168\4Е16
2. 8910 = 10110012\1318\5916
3. 4510 = 1011012\558\1С32916
4. 6110 = 1111012\758\3D16
ІІІ. «Көркем бейне» аралы
MS Power Point прграммасында «Менің Отаным Қазақстан» атты тақырыпта 3-слайдтан тұратын презентация жасаңдар. Слайдтарды компьютердің барлық анимациялық мүмкіндіктерін қолданыңдар.
ІҮ. «Сиқырлы әріптер» аралы
Сөзжұмбақ шешу:
1. Латынның «information» сөзі қандай мағына береді \АҚПАРАТ\
2. Ақпарат өлшем бірлігі \БАЙТ\
3. Санау жүйесі \СЕГІЗДІК\
4. Графикалық редактор \PAINT\
5. Пішімдеу әрекеттерінің түры \ҚАРІП\
6. Программалау тілі \ПАСКАЛЬ\
7. Ақпараттық прцестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы \КОМПЬЮТЕР\
8. Мәліметтер жинағы \ФАЙЛ\
9. Дүниежүзілік желі \ИНТЕРНЕТ\

Ү. «Ғажайып қалам» аралы
Бұл аралда оқушылар «Туған жер», «Туған ел» т.б патриоттық жатқа білетін өлеңдерін оқып Мәтіндік редакторды kz Times New Roman 14 қаріппен теріп жазу қажет.

Сабақта оқушылар “Microsoft Word” “Power Point” “калькулятор” программа бойынша алған білімдерін компьютерді орындауға мүмкіндік алды, әрі мұндай сабақтардың оқушының ой өрісін жан жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуға ықпалы зор. Белсенділік танытып, тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылар марапатталды. Бағалау оқушылардың сабаққа қатысуына, белсенділігіне, орындау шеберлігіне қарай жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы Тәрбие.орг сайтынан Ақпарат елінде Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кожанов Алмас Орынбасарұлы

БҚО Теректі ауданы Чапаев ЖОББМ Информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar