Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Абайды білмек парыз ойлы жасқа
  • 23.02.2016
  • 438 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16606

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (23.4Kb)

МАҚСАТЫ: Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы
оқушылармен әңгімелес отырып,топтық сайыс жүргізу.
Абай өлеңдері арқылы өзге ұлт оқушыларының сөздік
Қорларын байыту, мәнерлеп оқу үлгісін алға тарту.
Тіл байлықтарын, оқу қабілеттерін дамыту. Абай оқуын
жалғастыра отырып, оны терең білуге шақыру. Абай
мұрасын өнеге тұтуға, Абайды оқыған сайын таңырқай
отырып, терең білуге, қазақтың жерін Абайша сүюге шақыру.

Ойынның әдістері: ойлану, көрініс көрсету, өлең оқу, сұрақ – жауап, топпен
жұмыс, т.б.
Көрнекілігі: Хронологиялық кесте, портрет, буклеттер, Абай
өлеңдерінен үзінді жазылған слайдтар
Барысы: Кабинетте Абай әні ақырын естіліп тұрады («Көзімнің
қарасы»)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған» деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын да жалынды бейнесімен бізбен бірге жасап келеді.
Қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:
«Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары
«Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып,дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды,қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды,ғасырлар бойы қалың елін,қазағын жаңа биіктерге ,асқар асуларға шақыра береді.
Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата – бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтынына, қорғайтынына сенемін.Ылайым,халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін» деген.Міне, өздеріңіз куәсі болып отырғандай данышпан Абайдың ұлылығын Елбасымыз да өз сөздерімен дәлелдеп берді. Абайдың ұлылығын паш ете отырып, шығармашылығын, тағылымын келешек ұрпақ санасына сіңіру мақсатында бүгінгі сайсымызды

ұйымдастырған болатынмын.Олай болса, сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.

1. Таныстыру.
2. «Өлең- сөздің патшасы» ( Абай өлеңдері жатқа мәнерлеп
оқылады.)
3. «Абай аудармашы» (Абайдың қарасөздерінен, аудармаларынан
көрініс көрсетіледі.).
4 «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндері орындалады.)
5. «Абайды тану». (Сұрақ - жауап()

2. - Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ,ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп тегіс, жұмыр келсін айналасы, - деп жырлағандай ,сайысымыздың келесі бөлімі Абай өлеңдерін оқуға кезек берейік.
1. «Балдырған»тобы. «Ғылым таппай мақтанба»өлеңі (Хабибуллина Лилия)
2. «Ұлан» тобы «Қыс»өлеңі (Жаржанов Альберт)
3. «Абай немерелері»тобы. «Адамның кейбір кездері»өлеңі
(Слюсар Вика)

3. Абай – қазақ және орыс әбебиетін жақындастырған ,үндестірген аудармашы.Өзінің ааудармалаында,әділдікті ең негізгі моральдық ұстаным ретінде көрсетіп отырады.Абай даналығы «Еңбек ет, мал тап» деген ақылға саяды.Тек еңбек,еңбексүйгіштік халықты өнерге үйретеді,білімге меңзейді,ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады деген Абай даналығы бүгінде өз күшін жойған жоқ.
Мысалдарынан көрініс.
1. «Балдырған» тобы. Абайдың «Шегірке мен құмырсқа »аудармасы.

Қарасөз арабтың «ғақлия»деген сөзімен мәндес. «Ғақлия»көркем сөз,дана сөз,асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

2. «Ұлан» тобы.Абайдың он жетінші қара сөзі.
3. «Абай немерелері»тобы.Абай аудармасы. «Қарға мен
түлкі»
4. Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй! – деп ақынның өзі айтқандай, тұла бойы тұнған өнер, дарын иесінің сазгерлігін құр сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Абайдың саз әлеміндегі орны – Абай шығармашылығының жеке бір бөлігі. Абайдың әндері мен күйлері – басқа сазгерлердің туындыларына ұқсамайтын, классикалық, ұлттық нақышта шығарылған құнды мұра.Абай әндері дүниенің әр түкпірінде аса кең тараған.Ал, енді ,Абайдың әндеріне кезек берейік.
. 1. «Балдырған» тобы «Желсіз түнде жарық ай».
2. «Ұлан» тобы «Қөзімнің қарасы».
3. «Абай немерелері» тобы «Өзгеге көңілім тоярсың».
.
5. Қазақ халқының алғашқы тіл жанашырларының бірі, аудармашы Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.Онан асқан біз білетін ақын болған жоқ»,- десе,тағы бір қазақ халқының зиялы азаматтарының бірі Мағжан Жұмабаев:
«...Сөзің асыл – баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес», - деп өз бағаларын берген болатын. Міне осындай ұлылығын біртуар азаматтарымыз мойындап кеткен ұлы Абайдың мұраларын қазіргі ұрпақ санасына сіңіру мақсатында дайындалған сұрақтарға да кезек жетті.
5 бөлім сұрақтары:
1. Абай кім ?
2. Абай қай жерде туды ?
3. Ұлжан Абайға кім ?
4. Зере Абайға кім ?
5. Абайдың ағасының ақын баласының аты кім ?
6. «Абай жолы» романын кім жазды ?
7 Әбдірахман Абайға кім болады ?
8 Абайдың қанша қарасөзі бар ?

9. Әйгерім кім ?
10. Атасының баласы деп кімді айтты ?
11Абайдың шәкіртінің аты кім ?
12.«Көксерек» әңгімесін кім жазды?
Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің бастауы, қамқоры. Ұлы Абай бабамыздың өмірі мен шығармашылығын, әсем әндерін кейінгі ұрпақтары жақсы біледі. Біз солардың ізбасарларымыз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ:
« Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұранымыз болуы тиіс».
Абай сөзі – адамның жанына азық,
Ақылдың таразысы, алтын қазық,
Абайдың өсиетін түсінгендер,
Кетпейді деп сенемін дүниеге азып.
Сенбе жұтқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өіңе сен ,өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап Тәрбие.орг сайтынан Абайды білмек парыз ойлы жасқа Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дуйсенбаева Гулнур Султангаликызы

Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебі Орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 438 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar