"Алтын қақпа" интеллектуалды ойын

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 664
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 03/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18915


ШҚО Ұлан ауданы. Манат ауылы.
Ақжолов атындағы негізгі мектептің
математика пәні мұғалімі
Нурханова Зульфия Турусбековна
«Алтын қақпа»
интеллектуалды ойын cабағы.
Мақсаты: Оқушылардың математикадан алған білімдерін жинақтау, ой- өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, жауапкершілікке тәрбиелеу, білімге құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: Викториналық ойын.
Көрнеліктер: Ғылым-білімге байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, алтын қақпа, сандық.
Жүргізуші: Бүгінгі «Алтын қақпа» атты интеллектуалдық ойынымызға хош келіпсіздер. Алдарыңызда 8 сынып оқушылары математика пәнінен білім сайысына түскелі тұр.
Сыр сандықтың құпиясын ашпаққа,
Құпияның сырын көпке шашпаққа
Алғырлар мен тапқырлар келді міне.
Бар өнерін алдыңызға салмаққа.
Ал, кәнеки, шығады кім ортаға
Біліміне сенімділер қорқама
Бастайық енді ойынды бөгелмей біз,
Отырсын сайыскерлер партаға,
«Әділқазы алқасы емес нанымпаз,
Кім көп білсе сол болады жеңімпаз.

Ал балалар бүгін біз сендермен бірлесе отырып, «Сыр сандықтың» құпиясын ашып көрейік. Алдымен ойынның шартымен таныстырып өтейін. Алдарында тұрған қақпаларды ашу керек. Әр қақпаның өз сыры бар. Ең алдымен осы қақпаларды ашатын ойышыны анықтаймыз.

Ойынға қатысушылар: 1. 8-сыныпоқушылары
2. Әділқазылар алқасы
3. Көрермендер

Ойынның шарттары:
1-ші қақпа «Тас қақпа» -викториналық сұрақтар қақпасы. Бұл қақпаны ашу үшін 1 минутта 16 сұрақ қойылады. 10 сұрақтан жоғары дұрыс жауап берген оқушы тас қақпаны ашып, келесі қақпаға өтеді. Ал10 ұпай жинай алмаған оқушы орнына отырады.
2-ші қақпа «Күміс қақпа» тапсырмалар қақпасы. Сандар жазылған карточкаларды тандап артындағы тапсырмаларды (формулалар) орындайды.Тапсырмалардың дұрыс шешімін тапқан оқушыға күміс қақпа ашылады. Ойыншы келесі «Алтын қақпаға» өтеді.
3-ші қақпа «Алтын қақпа» есептер қақпасы. Тақтада 3 сан көрініп тұрады. Сол нөмірдің артында есептер тұрады. Есептің дұрыс жауабын тапқан оқушыға «Алтын қақпа» ашылады.
Алтын қақпаның арғы жағында «Сыр сандық» бар. Сыр сандықтың құпиясы бүгінгі күннің «жемісі» болып табылады.
Ал енді «Алтын қақпа» атты ойынымызды бастайық. 3 оқушы ортаға шығады. Тас қақпаның шартын орындауда мынадай сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар.
1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180º)
2. Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш. (параллелограмм)
3. Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм. (тіктөртбұрыш)
4. Барлық қабырғалары тең параллелограмм. (ромб)
5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш.(квадрат)
6. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш. (трапеция)
7. Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесінді. (Үшбұрыштың орта сызығы)
8. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (360º)
9. Бүйір қабырғалары тең болатын трапеция. (тең бүйірлі)
10. Барлық қабырғалары тең болатын үшбұрыш. (тең қабырғалы)
11. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш. (тең бүйірлі)
12. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы. (бұрыштың косинусы)
13. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы. (бұрыштың синусы)
14. Синустың косинусқа қатынасы.(тангенс)
15. sin30º неге тең? (1/2)
16. tg45º неге тең? (1-ге тең)

10 ұпайдан артық алған оқушыға «Тас қақпа» ашылады. Енді «Күміс қақпаның» шартын орындайды.
«Күміс қақпаның» тапсырмалары: Формулаларды анықтап, түсіндіру.
1. – кесінді ортасының кординатасы
2. – екі нүктенің арақашықтығы
3. – шеңбердің теңдеуі
4. - түзудің теңдеуі
5. sin - ромбының ауданы
6. - үшбұрыштың ауданы (табаны мен биіктігі)
7. – Герон формуласы.
8. - трапецияның ауданы

Күміс қақпаның шарттарына дұрыс жауап бермеген оқушылар ойыннан шығады. Қалған оқушы келесі қақпаға өтіп, «Алтын қақпаның» шартын орындайды. Тақтада жазылып тұрған кез-келген санды таңдайды. Сол санның артындағы есепті шығарады.
Олар есепті шығарып жатқанда көрермендерге жұмбақтар айтылады.
Жұмбақтар шешу: 1. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
2. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қай сан,
Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан)
3. Тар шеңберді айналып, тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды, әдетінен танбайды. (сағат)
4. Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

«Алтын қақпаның» шартындағы есептерді дұрыс шығармаған оқушы ойыннан шығады. Есептің дұрыс жауабы болса, алтын қақпа ашылады да қалған оқушы сандықтың аузын ашу үшін сұраққа жауап береді.
Сұрақ: Ұлы ағылшын физигі Исаак Ньютонның 1687жылы бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не?
Сұрақтың жауабы бүгінгі күннің жемісі болып табылады. Сыр сандықтың ішінен алма шығады. Жеңген оқушы марапатталады. Тәрбие.орг сайтынан "Алтын қақпа" интеллектуалды ойын Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурханова Зульфия Турусбековна

ШҚО Ұлан ауданы Ақжолов атындағы негізгі мектеп математика және физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar