Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ана тілі – білімнің кілті (сайыс сабақ)
  • 09.02.2017
  • 54 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21627

Ана тілі – білімнің кілті (сайыс сабақ)
Сыныптан тыс ашық іс – шара
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ана тілін құрметтеуге,ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету.
Дамытушылық: Жас ұрпақты ана тілінің қасиетін түсіне білуге шақыру. Ой- өрістерін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, сайыс кезеңдері
Көрнекілік:нақыл сөздер, слайд.
Сабақтың барысы:
I.Кіріспе. Мұғалім сөзі:
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер күні. Әр ұлттың өз ана тілі бар. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады, ана сүтімен бойға сіңеді. Бүгінгі осы айтулы мерекемен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі сайысқа 7-8-сынып оқушылары қатысып отыр.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады:
1. Ұлы тұлғалардың тіл туралы айтқан пікірлері
2. Бәйге
3. Мәнерлеп оқу. «Өлең –сөздің патшасы...»
4. Мақал –сөздің мәйегі
5. Полиглот
6. Даналық ойдан дән ізде ( шығармашылық жұмыс)
7. Сен білесің бе? Пікір алмасу

II.Қызығушылықты ояту. Ассоциация құру.

Ұлттық қазынамыз

Әдебиет ТІЛ Намысымыз
Мәдениет Арымыз
Байлығымыз Достық көпірі
Халықтың күре тамыры Қарым-қатынас құралы

7-сынып: Тапқырлар тобы
8- сынып: Алғырлар тобы
III. 1- кезең.
Ғ. Мүсірепов
М.Әуезов
С. Мұқанов
Б. Момышұлы (пікірлері тыңдалды)

2-кезең: Бәйге
Тапқырлар тобы:
1. Өнер алды не?
2. Ең бірінші бақытым -….
3. Үш биді ата
4. Құрамында 3 «Т»әрпі бар сын есім
5. Ашу –дұшпан - ….
6. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
Алғырлар тобы:
1. Сөз анасы - …
2. Ал екінші бақытым- …
3. «Құрғақ» сөзінің антонимі ...
4. Мұсылмандардың қасиетті үйі?
5. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?
6. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы?

3- кезең:«Өлең –сөздің патшасы...» мәнерлеп оқу жарысы
Оқушылар дайындаған өлеңдерін жатқа айтады.

4- кезең: Мақал –сөздің мәйегі. Мақалды жалғастыр
Тапқырлар тобына:
1. Өзге елде сұлтан болғанша, ...
2. Оқусыз білім жоқ, ...
3. Көп жасаған білмейді, ...
4. Тіл қылыштан да ....
Алғырлар тобына:
1. Басқа бәле - ...
2. Білекті бірді жығар, ...
3. Көре –көре көсем боларсың, ...
4. Жеті жұрттың тілін біл, ...

5- кезең: Полиглот. Жұмбақ шешу.
Тапқырлар тобы:
1. Айдалада ақ отау, аузы –мұрны жоқ отау.
(жұмыртқа, яйцо, egg)
2.Аяғы жоқ жүреді, сылқ – сылқ күледі.
(су, вода, water)
3. Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ тереңдейтін. (карта, map)
4.Тілі бар да үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп туған ішінен. (кітап, книга, book)
Алғырлар тобы:
1.Аспанда алтын доп, жарқырайды жарық боп.
(ай, луна, moon)
2.Өзі – қазық, өзі –азық. (сәбіз, морковь, carrot)
3.Әр түстің сәні бар,
Аумайды гүлдерден.
Қанаты бар, жаны бар
Айтпаймын білгенмен. (көбелек, бабочка, butterfly)
4.Кішкентай ғана бойы бар, қабат –қабат тоны бар.
(орамжапырақ, капуста, capsule)

6- кезең: Даналық ойдан дән ізде (шығармашылық жұмыс)
7- сынып : Өзбек, испан тілінде ән айту.
8-сынып :Эссе жазу. « Менің ана тілім»

7- кезең: Сен білесің бе?

7- сынып : Қазақ тіліндегі ең ұзын сөз? Орыс тіліндегі ең ұзын сөз?

8-сынып :Сен білесің бе? « Ең ежелгі әріп» туралы ой қозғау.

IV. Синкуэйн. «Ана тілі» 5 жолды өлең құрастыру.

V. Рефлексия.
Нені білдім? Не қызықтырды? Бүгінгі білім қайда керек болады?

VI. Қорытындылау.

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау.

№ 116 Тобыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қасымова Бибігүл Темірханқызы
2016-2017 оқу жылы

7-8- сыныптары арасында өткен «Ана тілі – білімнің кілті» атты сайыс сабағының есебі:

“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі
жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”
Ж. Аймауытов

18 қыркүйекте 7-8- сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер күніне орай сайыс сабақ өткізілді. Әр сыныптан 6 қатысушыдан болды. Бірінші топ өздерін «Тапқырлар» деп атаса, екінші топ «Алғырлар» деп атады. Сайыстың мақсаты : оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту, қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру болды. Екі топ та өздерін жақсы жағынан көрсете алды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап тауып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, сөздерді тез аударып, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс барысында оқушылардың қазақ тілін қаншалықты меңгергендіктері мен шапшаңдықтары байқалды. Ойын кезінде көңіл- күйлері жоғары, зейіндері ырықты болды. Жас ерекшеліктері әр түрлі болғандықтан кішкене қобалжу сезілгендікпен, бар білгендерін естеріне түсіріп, ат салысты.
Сайыс нәтижесі бойынша 7- сынып оқушылары жоғары ұпайға ие болып, сайыс жеңімпаздары атанды.Қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге жәненамысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Тәрбие.орг сайтынан Ана тілі – білімнің кілті (сайыс сабақ) Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бибигуль Касымова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Ана, білімнің, тілі, сыныптан тыс жұмыс, сабақ), (сайыс, кілті
Көрсетілім: 54 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar