Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ана тілім-айбыным
  • 18.11.2016
  • 98 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20092

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (16.7Kb)

«Ана тілім-айбыным»
Мәнерлеп оқу сайысы
Сыныбы: 5-8 сынып оқушылары.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?,
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ана тілім-айбыным» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер. Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Сайысымызды ашып беру үшін сөз кезегін мектеп директорының орынбасары Бақбергенова Әлия Қожабайқызына берейік.
Жүргізуші:
Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
Қазақ осы « Өнер алды- тіл дейтін»,
Қазақ осы қарасыңба, ақсыңба,
Қоңырсыңба жатырқауды білмейтін,-
деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен мектебімізде 5-9 оқушыларының арасында осы сайыс ұйымдастырылып отыр.
Әнұран орындалады. Слайд.
Жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22-қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жариялады. Тарих бетіне қалдырды.Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.
Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.
Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.
Слайд.Н.Назарбаев,слайдтар,қанатты сөздер.

Мұғалім: Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.

Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.
1. Қанжарбек Ақниет 5«А»-сынып
2. Нұрлыбек Ақнұр 5 «А»-сынып
3. Тайшық Маржан 5 «А»-сынып
4. Болатқызы Эвадат 5 «А»-сынып
5. Айтжанова Айша 5 «Ә »сынып,
6. Ілияс Нұрасыл 5 «Ә» сынып
7. Абдуллаева Ағжан 5 «Ә» сынып
8. Жақсыбай Дәулет 5 «Г» сынып
9. Арленкиева Жаңагүл 5 «Г» сынып
10. Амантай Арайлым 6 «Ә» сынып
11. Рзалы Назым 6 «Ә» сынып
12. Мінайдарова Жамила 6 «Ә» сынып
13.Кәрім Жанайым 6 «А» сынып
14.Ақылбек Сағыныш 6 «А» сынып
15. Шертаева Алина 6 «Б» сынып
16.Темірбек Аянат 6 «Б» сынып
17.Бейбіт Нұрдәулет 7 «А» сынып
18,Анафина Дальмира 8 «А» сынып
19. Аманкелді Анель 8 «Ә» сынып
20.Сейтқали Арайлым 8 «Ә» сынып
21.Сейлбек Дильназ 9 «А» сынып
22.Жаңабай Аружан 9 «А» сынып
5,6-сынып оқушылары өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Жүргізуші:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

Жүргізуші:
Қазақ халқының ана тілі-қазақ тілі. Қазақ екендігімізді көрсететін ұлттық аспап-домбыра, ұлттық өрнек-ою, жігіттің сәні-тұлпар, ұлттық ойын-асық, көкпар,бәйге,т.б, киіз үйіміз,өзімізге тән ұлттық киімдеріміз, әшекейлеріміз, ұлттық зергерлік бұйымдарымыз бар. Слайд.

7-сынып оқушылары өлеңдерін оқиды.
Жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
8,9- сынып оқушылары өлеңдерін оқиды.

Әділ-қазы өз шешімдерін шығарғанша, ана тілі туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып көрелік
Әділ-қазылар сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.
«Атамекен» әні орындалады.
Жүргізуші:
: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!

Назарларыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Ана тілім-айбыным Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ибадуллаева Аружан Алмасқызы

№ 217 Б.Шалғынбаев атындағы мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 98 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar