Ар намысым, мақтанышым, қасіретім - Желтоқсан

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 742
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 03/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22752


Тәрбие сағаты 3 «В» «Г» «Д» орыс сыныптар арасында
Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
 Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.  Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, 
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. 
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты 
плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға 
газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

Даниил
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Софья Шарықта, шарла көкті көк байрағым, Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым. Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым. Әнұран Даниил:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Софья:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Даниил
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі 
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ 
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. 
Софья:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан 
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт  бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Даниил:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ аға-әпкелеріміз риза болсын. Софья: 1 минуттық үнсіздік Слайд көрсету Даниил:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00  да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің 
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Ендігі кезекті тақпақтарға берейік. Роман: Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді. Бізге оны ешкім аяп бермейді. Тәуелсіздік-Қайрат,Ляззат,Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені Ангелина: Тұрса да биік өр басын, Қазаққа бақыт орнасын. Сексен алтыншы жылғыдай, Желтоқсан желі болмасын! Арина: Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Мерекеге ел қосқан Атамменен барған күн Ойын: «Кім жылдам» Сенің Отаның қалай аталады? Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан елбасы кім? Қазақстан Республикасының рәміздерін ата Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? Сен қай қалада тұрасың? Алматы қандай қала? Қазақстанның тәуелсіздігіне қанша жыл? Даниил: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. Келесі тақпақтарымызға берейік Қыздарымыздың әсем биіне берейік
Даниил: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті. Софья: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.
Даниил: Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі. Даниил: Қыздарымыздың әсем биіне кезек берейік Софья: 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады. Даниил: 1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т.О. Әубәкіров ғарышқа ұшты Софья: 1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды. Даниил: 1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Софья: 1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Даниил 1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды. Софья: 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді. Даниил 1994 жылы – Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді Софья: 1994 жылы 30 маусымда-ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді. Даниил 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды. Софья: 1996 жылы –Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Қ.Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Даниил: 1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды. Софья: 1998 жылы-Халықтар тұтастығы мен тарих жылы. Даниил 1999 жылы-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы. Қазақстанның тұңғыш халық санағы өтті. Софья: 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. Даниил: Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы үні еді. Лүп-лүп соққан балаң жүректің өмірге құштар ыстық жүректің лүпілі еді. Би: «Қамажай» (қыздардың орындауында)
Софья: Сөзі: Ә.Асылбек., Әні: Ә.Тінәлінің “Желтоқсан желі” атты бейнебаянын көруге шақырамыз. Ән: «Атамекен» хор Даниил: Еліміздің Егемендігі жасай берсін! Бір ата, бір ананың түлегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
Софья: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, Бәріміз баласындай бір атаның. Елімізде бақ-береке, ырыс болсын, Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын,еліміз аман болсын – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз! Тәрбие.орг сайтынан Ар намысым, мақтанышым, қасіретім - Желтоқсан Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar