Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Ара балы және оның пайдасы"
  • 16.02.2016
  • 585 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16322

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (28.3Kb)

Алматы облысы
Райымбек ауданы
Бестөбе орта мектебі

Оқушының аты- жөні: Дүйсенбай Мейрамбек
Жетекшісінің аты-жөні: Абдраймова Гулзат
Бөлімі: Дүниетану ғылымы
Секциясы: Биомедицина

Тақырыбы:

«Ара балы және оның емдік қасиеттері »

Мақсаты:

1.Ара балы және оның түрлері туралы мәлімет жинау;
2.Балдың құрамы мен қасиеттерін танып білу;
3.Балдың емдік қасиетін білу, оны күнделікті өмірде емге қолдану;

Міндеті:

1.Ара балының емдік қасиетін саралай отырып, сырқат түрлеріне қарай бал және басқа да табиғи заттар қоспасынан емдік тұнбалар, жақпамайлар әзірлеу жолдарын меңгеру, күнделікті өмірде қолдану;

Нәтижеге жету жолдары:

Болашақта кәсіпкерлікпен айналысып, бал арасын өсіру, бал өндірісін ашу, табиғи емдік дәрі-дәрмектер жасау;
Жұмыс орындарын ашу, ауыл экономикасын көтеру;



П І К І Р

Бестөбе орта мектебінің 4-сынып оқушысы Дүйсенбай Мейрамбек қоршаған ортаны танып білуге өте құштар. Ол табиғаттағы түрлі құбылыстарға, өсімдіктер мен жәндіктерге , олардың адамға тигізетін зияндылықтары мен пайдаларын білу үшін қызығушылықпен ізденіс жасайды. Өзінің алғашқы шағын ізденіс жұмысын ара балы, оның түрлері мен емдік қасиеті туралы мәліметтер жинаудан бастады. Оқушы «Ара балы және оның емдік қасиеті» тақырыбында жүйелі ізденіс жұмыстарын жүргізіп, болашаққа арналған нақты жоспар құрып отыр. Осындай шығармашыл ізденіс жұмыстары арқылы бұл оқушыдан болашақта үлкен үміт күтуге болады.

Пікір жазған:
«Жалын» жас дарындар бірлестігінің жетекшісі: Абдикеримова Н
Сынып жетекшісі: Абдраймова Г



Т Ү Й І Н

Бұл мақалада ара балы, оның түрлері және емдік қасиеттері баяндалады.

Р Е З Ю М Е

В статье рассматриваются типы и лечебные вещества натурального меда.

S U M M A R Y

The article deals the possibilities of the honey and the using in the life.

Т Ү Й І Н

Бұл мақалада француз, ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөзжасам мен оның түрлері, қолданылуы баяндалады.

Р Е З Ю М Е

В статье рассматриваются типы и использование словообразовании на французском, английском и на русском языке.


S U M M A R Y

In this article deals the types, the possibilities of the word- building in French, in English and in Kazakh languages.

Ж О С П А Р Ы

І.Кіріспе бөлім

а/. «Табиғат-Отан байлығы»

ІІ.Негізгі бөлім

а/. Ара балы,оның түрлері мен құрамы.
ә/.Балдың емдік қасиеттері
б/.Емдік тұнбалар мен жақпамайлар әзірлеу жолдары

ІІІ.Қорытынды

«Ара балы, балдың түрлері мен емдік қасиеттері»

Табиғаттың адамға берері мол. Адам өзіне қажетті заттың барлығын еңбек ете отырып, табиғаттан алады. Адамның тіршілік етіп, өмір сүруі табиғатпен тығыз байланысты.
Біз табиғаттың тылсым күштерін танып-білу мақсатында жер үстіндегі өсімдіктер мен жан-жануар, жәндіктерін, жер астындағы тұнып тұрған қазба байлығының қалай, қайдан пайда болатындығын, сол байлықтардың адамға тигізетін пайдасы туралы жан-жақты ізденуге, табиғат байлығын қорғауға міндеттіміз.
Тірі табиғаттың бір мүшесі - кішкентай бал арасының өзі адамға орасан зор пайда әкелетінін ізденіс жұмыстары барысында тереңірек тани түстім.
Бал арасы – буынаяқтылар немесе бунақденелілер тобына жататын кішкентай жәндік. Ол жабайы және асыранды болып екіге бөлінеді.
Асыранды бал арасы өсімдіктерді тозаңдандыруға үлкен үлес қосады.
Бал арасы адам үшін өте бағалы дәрі ,құнды тағам- бал береді. Ол 1 кг бал жинау үшін 300 мың шақырым жерді шарлап 19 миллион гүлге қонады.
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдік түріне,ол өскен топыраққа, сол жердің ауа райының жағдайына тығыз байланысты. Гүл балының құрамында 12-13% су, 0,4 % белок, 0,3 % күл, көмірсутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахароза, мальтозамен қатар, В3,В5,А,С,Н,Е,К дәрумендері,минералды тұздар,ферменттер калий,кальций фосфор,хлор,күкірт,натрий, темір, марганец,мыс тәрізді химиялық элементтер бар. Ара балы өте қуатты, 1 кг бал 3150 ккал. қуат береді.
Табиғи балдың түрі өте көп. Гүлдейтін қанша гүл болса , сонша түрлі бал болады.
Мысалы:
Түйебұршақ балы бірінші сортты бал.Ол ақ немесе ашық-янтарь түсті,хош иісті болады.
Шайқурай балы-мөлдір,жасыл түсті,сұйық бал.
Жөке балы-жоғары сортты балға жатады. Ол сары,жасыл түсті болады.
Шабындық балы- бірінші сортты бал. Ол сары қоңыр, алтын түсті болады.
Таңқурай балы- ақ түсті болады.
Қарақұмық балы- қою қызыл немесе қоңыр түсті болады.Оның құрамында темір, магний мыс өте көп мөлшерде болады.
Жоғарыда аталған балдың барлық түрі адам ағзасын қажетті дәрумендермен,белокпен, фементтермен және басқа да ағзаға қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді.


Балдың емдік қасиеттері
Ара балы мен ара балауызы түрлі ауруларға ем болатын өте құнды зат.
Түрлі ізденіс жасай отырып, балдың ем болатын ауру түрлерін сараптап, емге қолдану тәсілдерін танып білдім.
Қол-аяқ жансызданып ауырған жағдайда ара ұясын у сарымсақпен қосып жаншып, алынған қоспаны ауырған жерге таңып қойса өз нәтижесін береді.
Тері қышымасы, шиқан, ауыздық, қотыр шыққанда ара ұясын 7 күн спиртке шылап қойып, 8-күннен бастап күніне бірнеше рет жағу керек.
Денеге түрлі жарақат шыққанда, күйіп қалған кезде 60 грамм балға бір шай қасық балық майын қосып ,жақсылап араластырып, жағу жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді.
Улы жәндіктер шағып алса, бал мен сарымсақты бірдей мөлшерде жаншып ,жараға таңса ауырғанын басып жараның аузын шығарады.
Тұмау және суық тиіп ауырған кезде ыстық сүтке немесе лимон шырынына бал қосып әбден айыққанша ішу керек.
Жөтелді басу үшін бір литр суға 500 грамм ұнтақталған пияз, 50 грамм балды қосып ,баяу отта үш сағат қайнатып,суыған соң шыны шолмекке құйып, аузын жақсылап бекітіп күніне 4-6 ас қасық ішу қатты жөтелден айығуға көмек береді.
Өкпе ауруына шалдыққан адам күніне 100-150 грамм балды қойдың іш майына ерітіп ішуі керек.Сонымен бірге, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су, 30 грамм балды араластырып, қайнатып, күніне ас қасықпен ішсе бронхит,плеврит,өкпе ауруларына шипа болады.
Бауыр, өт жолы ауыратындар мен бүйректе, өтте тас пайда болған адамдар ақ ірімшікке,сәбізге, лимон шырынына бал қосып жеумен қатар, тұрыптың /редьканың/ ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып үш-төрт сағаттан кейін ересек адамдар ас қасықпен балалар шәй қасықпен 2-3 рет жеп отырса, бүйрек пен өттің тастан тазаруына көмектеседі және жылы минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп 2 сағат қырынан жатып бауырға жылы грелка басса өттің дұрыс жүруіне көмектеседі.
Асқазан,ішек аурулары бар адамдар күніне тамақ алдында және тамақтан кейін 3 сағат сайын үзбей бал жесе , ауру бәсеңдеп,ас қорыту мүшелері жақсы жұмыс істейді.
Тіс ауруына ара ұясын суға бұқтырып,ауызды шаяды және қақсап ауырған тіске басады.Тістің түбін бекемдеп, тісті ағарту үшін бал мен сірке суын қосып, тісті 3-4 рет жуса ,тіс түбі қатайып, аппақ болады.
Құлақ ауырса, сиыр сүтіне, омырау сүтіне , ешкі сүтіне немесе жұмыртқаның ағына балды араластырып, жылытып құлаққа тамызса түрлі құлақ ауруларына ем болады.
Іш қатуға 60 грамм бал мен 15 грамм қара күнжіт дәнін араластырып қайнаған суға екге бөліп күніне 2 рет ішу бірден бір ем.
Қан қысымы көтерілгенде 50 гр зығыр,60 гр балды 220грамм қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе,қан қысымы төмендейді.
Ұйқысыздықтан арылу үшін жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стакан жылы суға араластырып ішсе жүйке жүйеін тыныштандырып, тез ұйықтауға көмектеседі.
Жүрек ауруы бар адамдар анар /гранат/ шырынына бал қосып бір-екі ай үзбей ішсе және күніне 50-140 гр. бал жесе жақсы шипа болады.
Сонымен қатар, балдан, ара балауызынан жақпамай да әзірлеуге болады.
Ара балауызы, май ,жұмыртқадан жасалған жақпамай әзірлеу үшін кесе таза өсімдік майын эмаль ыдысқа құйып сіріңке көлеміндей балауызды салып ерігенше баяу отта ұстайды. Піскен жұмыртқа сарыуызын аз- аздан үгітіп қосып араластырып, капрон матадан сүзіп ,тоңазытқышқа қойып пайдалану керек. Бұл жақпамайды құлақтан бұлық аққанда мақтаға жағып құлаққа тығып қою керек.
Тамақ іріңдеп ауырса тамақтың сыртына жағып , компресс жасаса ірің жарылып,ауырғаны басылады. Бұл жақпамайды мастит ауруына, тіс ауырғанда пайдалануға болады.
Бал мен қантты араластырып денеге арналған скраб жсауға болады,ол денені нәрлендіріп,теріні бекемдейді.
Бал мен зәйтүн майын қосып шашқа арналған маска жасауға болады, ол шаш түбін қатайтып шаштың түсуін тоқтатады.
Аспириннің бірнеше талы мен балды араластырып, көзге тигізбей бетке жақсат, тері жаңарып ,қызарған дақтар жоғалады.
Қол терісі жарылып, қатайып кеткен жағдайда, 2 ас қасық сүт пен 1 ас қасық балды арластырып қоспаны зақымданған теріге сіңдіріп жағу керек. Бұл қоспа терінің қалпына кліп жұмсаруына ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, ізденіс жұмыстарын жасай отырып , ара балының, ара ұясының адамға өте пайдалы зат екеніне көз жеткіздім. Болашақтың иесі дені сау, салауатты адамдар болуы керек. Яғни, денсаулықты сақтаудың бір жолы салауатты өмірді ұстану,ағзамызды қажетті заттармен қамтамасыз ету. Оның бірден бір жолы күнделікті өмірде балды тиімді қолдану.
Мен осы шағын зерттеу жұмысын жүргізе отырып, болашақ өмірімде бал арасын өсіру, бал өнімдерін алу және балдан түрлі емдік қоспалар, тұнбалар, косметикалық және емдік жақпамайлар өндіруді оны тиімді қолдануды мақсат етемін және мақсатыма жету үшін әлі де іздене түсемін.






ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Денсаулық» журналы . №5. 2003ж.

2. «Ауырып ем іздегенше...»- халық медицинасына арналған жинақ.2011 ж.

3. «Алатау» газеті. №9 /648/ 28.02.2014 ж.

4. «Жетісу» газеті. №59 /127/. 17.03.2014 ж

5. «Мектеп дәрігері» журналы. №4. 2011 жыл


Тұнба №2
Тіс түбін бекемдеу, тісті ағартуға арналған
Құрамы: Бал,сіркесуы

Қоспа №5
Жөтелге қарсы
Құрамы: Бал,пияз,қойдың майы,аздаған қант
Тұнба №3
А/.Құлақ ауруларына , бұ-лықты тоқтатуға арналған
ә/.Қол терісінің жарылуына қарсы
Құрамы: Сүт,бал
Жақпамай
Бет және қол терісін қалпына келтіруге арналған
Құрамы: Бал, банан, май, жұмыртқаның ағы.
Қоспа №1
Улы жәндіктердің шағып
алуына қарсы
Құрамы: Бал және сарымсақ Тәрбие.орг сайтынан "Ара балы және оның пайдасы" Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдраймова Гулзат Дүйсенбай Мейрам

Алматы облысы Райымбек ауданы Бестөбе орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі. 3-сынып оқушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 585 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar