Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Армысыздар,қасиетті аналар!
  • 30.03.2016
  • 417 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18271

Армысыздар,қасиетті аналар!
С.АлиханБіз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Ләйлә: .Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады..
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Хормен
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар
Тақпақтар: Жазира, О.Асылжан Даниал Каб Даяна Исабек
Жазира
Бірге жайнап,бірге лаулап көктеммен,
Жүректерге жарық берген от берген
Таң күзетіп, түн ұйқысын төрт бөлген,
Ардақтаңдар,ардақтаңдар ананы!
О.Асылжан
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе?
Мейірімді күннен де
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!
Кабенова Даяна
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Даниал
Ең аяулы есім гой ана деген,
Бар тіршілік бақытты анаменен.
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем.
Исабек
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар.
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Жүргізуші:Құрметті аналар, әжелер, қонақтар.Жер көкті қуаныш пен гүл шоғын орап аңсай жеткен көктем мерекесі құтты болсын.Бүгінгі біздің мерекеміз «Менің анам ең жақы адам!» атты мереке байқаумен жалғасқалы тұр
.Байқау 4 кезеннен тұрады
1. Әдемі шаш үлгісі
2. Киім үлгісі
3. Дәмді ас. Ана мен бала бірлесе отырып тағам әзірлейді
4. Өнер көрсету. Ана мен бала өнері
Ал енді қатысушыларымызды ортаға шақырамыз
1.Арайлым Советовна қызымен Асылжан.........
2..Динара Ералиевна...қызымен Адинай.....
.Анар Кажкеновна қызымен Даяна.
4Салтанат Абжатовна қызымен Аружан......
Байқау барысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлайық
1.Гульнур Абаевна
2..Самал Мұхаммадиевна
1 кезең. Сіз таңертен жұмысқа асығып тұрсыз,ал баланызды мектепке жинау керек.Тез әрі сәнді етіп шаш үлгісін жасау керек
Ән: Ақ .мамам.
Шаш үлгісін көрсету
Тақпақ: Алихан, Г.Аружан, Адинай, Аделя, Бақытжан Адина
Алихан:Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Г.Аружан
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Адина
Бала, бала, бала деп
Мені өсірген анашым
Гүлге толсын құшағың
Бақытты бол анашым.
Адинай
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз сіздерді
Құрметті аналар!
Аделя
Ана-өмір шырағы,
Ана-өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр-әні,
Жүрегімде тұрады.
Бақытжан
Өмірде ана-бұлақ, ана-пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай шешен ,талай көсем,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана!Ол біздің елде ардақты ана.

Ойын: Өз анаңды тап
Бала байлаулы көзімен өз анасын бірнеше қолдар арқылы табу
2 кезең
Ойын ата –аналармен лента
Көрсету киім үлгісін
Би «қарлығаш»
Тақпақ Мәди, Дильназ, Айзада, А.Аружан, Нұржан, Филиз
Мәди:Адал бол деп-балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Тілегің де мархаббат
Анамызға мың алғыс
Айзада Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған
Сақтандырып күнде еккен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс

Нұржан:Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
ДильназАяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-
А.Аружан
Әдептібол деп құлыным,
Бәріне де шыдаған
Қызығымды көрші тек
Өмір бойы жан анам!

Ән ағылшынша
Тақпақ 5 Көщ.Даяна, Данара, Ерсултан, Б.Сабина, Нұрислам, Алдияр Данара
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап
Әжеге бас иеміз
Б.Сабина
Бал бөбегін баптаған
Анашыммен мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы адам.
Алдияр
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ақ маржанды ашайық.

К.Даяна
Анам мені аялаған ,
Құшағынан сая табам.
Қанша жақсы болса дағы,
Сендей ана қайдан табам.
Нұрислам
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Ерсултан Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-
Би Ұлдар

Жүргізуші: Адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Біз анадан өмірімізге керектінің барлығын да үйренеміз. Соның дәлелі ретінде аналарымыз бізге тағам жасауды үйретпекші. Ал олардың сүйікті балалары қолғабыс етеді. Яғни, үшінші кезеңіміз – " дәмді асқа " да кезек жетті.
3кезен « дәмді ас»
Жүргізуші: О,аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге...
Ендігі кезекте аналарымыз бен қыздарымыздың өнерін тамашалуға рұқсат етіңіздер.
4 кезен
Сыйлық беру
Марапаттау Тәрбие.орг сайтынан Армысыздар,қасиетті аналар! Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жакупова Анар Хибатуллаевна

СҚО Петропав қаласы №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп кешені Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: anara_2488
Көрсетілім: 417 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar