Қарттарын қадірлеген ел ардақты

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 320
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 17/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19703


1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
1 Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
2 Жүргізуші:
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1 Жүргізуші:
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Турумов Айбек Нурмановичке береміз.
2 Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
би Қазақша орындайтындар Назым және Махаббат
1 Жүргізуші:
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
2 Жүргізуші:
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
1 Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
Дархан
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Малика
Әжем менің ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен
Аппақ әжем пәк әжем
Мейіріммен тербеткен
Әділет
Ортамызда қадірменді қарттар бар
Ащы өмірдің тауқіметін тартқандар
Арқасына нардың жүгін артқандар
Омырауға қос-қос орден таққандар
Сұлтан
Ата отыр кәріміз
Қуат берер дәріміз
Аулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз
Анель
Арқасына нардың жүгін артқандар
Батырлығы арға таңба таққандар
Мойымаған қиындыққа төзімді
Бұрынғының қырық қабақ қарттары
Нұрай
2 Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
«Қарттарым асыл қазынам» әні Орындайтын Оразбекова Гүлжайсан
1 Жүргізуші:
Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың
Келесі кезекті мектебіміздің 1 класс оқушыларының биін тамашалаңыздар
2 Жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Аналарымызға арнап 3 сынып оқушысы Төкен Назымның орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.
1 Жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Флешмоб биі» бір топ бишілер
2 Жүргізуші:
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз. Тәрбие.орг сайтынан Қарттарын қадірлеген ел ардақты Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кибат Толеген Уразбаевич

Ақтөбе қаласы Алға ауданы Новоукраин негізгі мектебі қазақ тіл пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar