Қазақ халқаның ерлік істері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 601
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 04/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18416


Қазақ халқаның ерлік істері
"Ауылымыздың мақтанышы Матай Байысов"
Тәрбиелік мақсаты: Кеңес Одағының Батыры, ауылымыздың мақтанышы Матай Байысов Отан қорғаудағы ерен ерлігін , жау жүректілігін жас ұрпақтарға таныстырып, құрметтеуге тәрбиелеу. Шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру,оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру,белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : кітап көрме, буклет, дәйек сөздер
Ұлы Отан соғысының шайқастарында болашақ ұрпақтың бақыты мен бостандығыүшін өз өмірін құрбан еткен қыршындардың бірі Кеңес Одағының батыры - Матай Байысов . Жеңіс үшін қан майданының шебінде жүріп ,ерен ерлігін танытқан жерлесіміз М. Байысов 1903 жылы Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Шымыр ауылында дүниеге келген.
1922-1926 жылдары Ескелді болысындағы мектепте оқиды. Одан кейін екі жыл қатардағы жұмысшы болып істейді. 1928-32 жж аралығында аудандық комсомол комитетінің хатшысы болады. 1932 ж "Батырлық" колхозының бастығы болып қызмет атқарады . 1934 ж Қоғалы ауданындағы "Баскөпір " колхозының бастығы болады. 1936 Қарғалы мақта -мата комбинатының директоры болып тағайындалады. Жұмыс істей жүріп білімін де толықтыры түседі.1940 жылы бір жылдық Алматыдағы ауылшаруашылық курсын бітіріп, Талдықорғандағы №3 машина - трактор зауытына директор қызметін атқарады. М. Байысов 1942 ж 11 қазанда өзінің қалауы бойынша соғысқа аттанады. Ол 136-шы атқыштар дивизиясының бөлңмшесінде соғысады.
Ұлы Отан соғындағы ерлігі.
М. Байысов Воронеж майданыңдағы 38 армия . 136 атқыштыр дивияның пулимиет командирі, Осы ұрыста көрсеткен жан қиярлық ерлігі үшін "Богдан Хмельницкий ", "суворов","Кутузов " және де ондаған медальдармн марапатталады. 1944 ж 10 қаңтарда Байысов Матайға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. М. Байысов қабірі Украина жерінде,Киев облысы, Черняхов ауылында "Бауырластар зиратында "орналасқан. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ халқаның ерлік істері Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турланбекова Динара Сабетханқызы

"Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов атындағы орта мектебі МДШО" КММ Тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar