«Қазақ тілінің білгірі» сайысы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 368
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 08/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20418


«Қазақ тілінің білгірі» сайысы
Сайыстың мақсаты: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген оқушыны анықтау
Сайысқа 8 – 9 – сынып оқушылары қатысады
Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
- Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын, білімді жастарды анықтататын,білімге құштарлығын арттыратын «Тіл білгірлері» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың, бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген
– дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
Алдымен сайысқа қатысып отырған оқушылармен таныстырып өтейін. 8-сынып оқушылары: Манарбекқызы Дильназ, Байзаков Абдусамат, Бақыт Ақсұңқар,
9-сынып оқушылары: Шамел Рамазан, Берик Шолпан.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы, яғни апайларың бағалап, ұпай сандарын көтеріп отырады.
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сынып білгірлерін сайлады
Сайыс 7 кезеңнен тұрады:
І. Таныстыру. Осы сайысқа түсу мақсаты.
ІІ. «Менің елім- тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу. Өлең оқу.
ІІІ. Бұл кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.
ІV. Бұл кезең «Елші» деп аталады.Берілген мәтінді оқып,екінші тілде аудармасы мен мазмұнын айтады.
V. «Тапқырлық» кезеңі. Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
VI. «Білгенге маржан» кезеңі. Мұнда ТӘУЕЛСІЗ деген сөз беріледі. Осы сөздің құрамындағы әріптерді пайдаланып, мүмкіндігінше көп сөз құрастыру.
Ендеше 1-кезең «Таныстыруды» бастайық.
1-қатысушы сұрақтары:
1.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
2.Жүз жасаған ақын (Жамбыл Жабаев)
3. «Шаһар» сөзінің синонимі (қала, кент)
4.Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қанша, неше, нешінші)
5.Тұрлаусыз мүшелерді ата (толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
6.Ата Заң күні қашан? (30 тамыз)
7. «Ақылды» сөзінің түбірі (Ақыл)
8. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (15)
9.1 мамыр қандай мереке? (Қазақстан халықтарының бірлігі күні)
10.Шаңырақ қай рәмізде бейнеленген? (Елтаңба)
2-қатысушы сұрақтары:
1.Жалғаудың неше түрі бар? (4)
2.Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
3. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9)
4.Қазақстан жерінен өткен жол (Жібек жолы)
5. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)
6. «Абай жолы» шығармасын кім жазған? (Мұхтар Әуезов)
7. Әнұранның авторларын ата (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжимеденов, Н.Назарбаев)
8.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3, қатаң, ұяң, үнді)
9.ҚР –ның рәміздері (Елтаңба, Ту, Әнұран)
10. Рәмізде қандай құс бейнеленген? (қыран)
3-қатысушы сұрақтары:
1.Абайдың туған жылы (1845 ж)
2.Күз мезгілінің бірінші айы (қыркүйек)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық қысаң, еріндік, езулік)
4.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
5.Салмақты сөзінің синонимі (байсалды, ұстамды, сабырлы)
6.Көп тілді білетін адам (полиглот)
7. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі, сөйлем мүшелері)
8.Шыңғыстауда қандай атақты адамдар туған? (Абай, Мұхтар, Шәкәрім)
9.42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
10.Лексика нені зерттейді? (сөз мағынасын)
4-қатысушы сұрақтары:
1. «Сұлу» сөзінің синонимі (көркем, әдемі, ажарлы, келбетті,көрікті)
2.ҚР тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
3. Көру мүшесі (көз)
4.Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
5.Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)
6.Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
7. Батыр сөзінің синонимін ата (ержүрек, батыл)
8.Рейхстагқа ту тіккен қазақ (Р.Қошқарбаев)
9.Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
10.Мен, сен, ол – есімдіктің қай түріне жатады? (жіктеу)

5-қатысушы сұрақтары:
1.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
2.Етістіктің неше шағы бар? (3, өткен шақ, осы шақ, келер шақ)
3. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
4.Қазақтар бала туғанда қандай той жасайды? (шілдехана)
5.Бие сүтінен не жасайды? ( қымыз)
6.Абайдың қанша қарасөзі бар? (45)
7. Мұғалім сөзінің синонимі (ұстаз)
8.Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толады? (25)
9.Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (3)
10.Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)

ІV кезең. «Елші». Берілген мәтінді оқып, екінші тілде аудармасы мен мазмұнын айту.
Сотни тысяч слов в нашем языке, но на первое место я бы поставил три слова: хлеб, труд, народ. Эти три корня, на которых держится наше государство. Эта сама сущность нашего строя. И эти корни так прочно переплелись, что не разорвать их, ни разделить никогда. Кто не знает, что такое хлеб и труд, перестает быть сыном своего народа.
VІ. «Тапқырлық» кезеңі. Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ........ (бас жарады)
2. Бал тамған тілден ...... (у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ....... (сөз бұзар)
4. Жақсы сөз - ........ (жарым ырыс)
5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ...... (тілі ортақ)
6. Бас кеспек болса да, ........ (тіл кеспек жоқ)
7. Тіл қылыштан ....... (өткір)
8. Тілден артық ...... (қазына жоқ)
9. Ана сүті бой өсіреді, ........ (Ана тілі ой өсіреді)
10. Ең ащы да тіл, ....... (ең тәтті де тіл)
11. Аз сөз алтын, ........ (көп сөз көмір)
12. Білімді мыңды жығар, ..... (білекті бірді жығар)
13. Жылы –жылы сөйлесең, жылан .... (інінен шығады)
14. Айтылған сөз - ....... (атылған оқ)
15. Басқа пәле- .... (тілден)
- Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көрсетсеңіздер.
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық!
- «Қазақ тілінің білгірі» атты сайысымыздың жеңімпазы атанған ----------- ортаға қол соғып шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
- Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер , өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.
Желмаяның үстінде желіп тұрып,
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы
-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Қазақ тілінің білгірі» сайысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аубакирова Толкын Конысбековна

Ақмола облысы Атбасар ауданы Родионовка негізгі мектебі Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar