Ғажайып ағаш

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 542
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 23/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19516


Күні: 05.05.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып ағаш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Түймеден ғажайып ағашты жасау жолдарын үйрете отырып, білімдерін кеңейту;
Дамытушылық мақсаты: Ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерді дамыту. Сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс - әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жауапкершілікке, жүйелі еңбекке, ұқыптылыққа, әсемдікке, әдемілікке, ұжыммен жұмыс жасауға үйрету.
Көрнекілігі: Ағаштың суреттері, жүрекше ағаш, күннің сәулелері, стикер т.б.
Керекті құрал-жабдықтар: Әр түрлі түйме, желім, қағаз, қайшы, қарандаштар т.б.
Әдіс тәсілдері: «Сөзжұмбақ» шешу , «ТТТТ» ережесі, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топпен жұмыс
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Жаңа білім беру
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері (сурет салу тәсілдері), дүниетану(ағаш туралы мәлімет), музыка (өлең айтып билеу)
Сабақ құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Жаңа сабақ (13 мин.)
Тапсырма орындау (15 мин.)
Жаңа тақырыпты бекіту (2 мин.)
Сөзжұмбақ,жұмбақ шешу, сергіту сәті (10 мин)
Қорытынды (3 мин.)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аударамын.
А ) Қонақтармен сәлемдесу.
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің сабаққа келіп отырған қонақтармен амандасып алайық. (Оқушылар орындарынан тұрып амандасады)
Ә ) «Жүректен жүрекке» тренинг.
Мұғалім: Балалар сабағымызды бір-бірімізге деген жылы тілектер арқылы бастайық. Менің қолымда тұрған жүректі сендерге силай отырып дендеріне саулық тілеймін.
Оқушылар: Махаббат ата-ананың ақылды қызы бол,
Айгерім сабағыңды тек 5-ке оқы,
Арай үлкен белестерге жете бер,
Анар денсаулығың зор болсын,
Алина келешегің кемел болсын т.б
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Жүрекшені алған кезде өздерінді қалай сезіндіндер?
Оқушылар: Мен жүрекшені алған кезде өзімді сондай жылы сезіндім.
Мұғалім: Ия балалар, біз жақын адамдарға тек жылы сөздер ғана айтып қуантып жүрейік. Ендеше отырындар.
Б) «Күннің сәулесі» сұрақ – жауап.
Мұғалім: 1 жылда қанша мезгіл бар? (4)
2. Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
3. Көктем мезгілінде неше ай бар? ( үш ай)
4. Көктем мезгілінің нешінші айы? (үшінші)
5. Бүгін мамырдың нешесі? ( 5 )
6. Аптаның нешінші күні?(4 )
7. Ол қалай аталады? ( Бейсенбі )
8.Ағаштың қандай түрлерін білесің? (емен,қарағаш,терек,аққайың)
9.Көктемнің табиғаты қандай болады?(жылы, жаңбырлы,желді)
10.Мамыр айында болатын мерекелер?(1-мамыр бірлік күні,7-мамыр Отан қорғаушылар күні,9-мамыр Жеңіс күні)

Мұғалім: Балалар тақтаға қарандаршы не көріп тұрсындар?
Оқушылар: Күннің шуағын көріп тұрмыз.
Мұғалім: Дұрыс айтасындар балалар. Бүгінгі біздің сабаққа күн өзінің нұрын төгіп тұр. Біздің де жүрегіміз дәл осындай күннің нұрындай жылу болу керек.
2. Жаңа сабақ:
Мұғалім:Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы,яғни «Ғажайып ағаш» Ғажайып ағашты түймемен безендіру.Түйме дегеніміз-кеудеше,жейде яғни киімнің ашылған жерін екінші ілгек жағымен бекіту.Түймені біз тек кімге ғана қолданбай,керексіз дүние қылмай бір қажетке керек екендігін тағы бір дәлелдеп өтеміз.
Біз бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасайтын боламыз. Ендеше сабағымызды әрмен қарай жалғастырайық. Балалар біздің бүгінгі сабақта қолданатын ережеміз бар.
«ТТТТ» ережесі: (Балалардың барлығы дауыстап бірге айтады)
Оқушылар: Татулық, тазалық, тапқырлық, тәртіп.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Міне біз осы ережелерді ұстансақ сабағымыз өте құнды бола түседі. Ендеше, ортаға Махаббатты шақырамын. Балалар, менің қолымда тұрған бүгінгі сабақтың тақырыбы. Сендер соны Махаббатқа жасырып, сипаттайтын боласындар.
Оқушылар: Өседі, биік, қолмен ұстауға болады, өте пайдалы, жапырақтары бар, үйдің құрылыстарына керекті.
Мұғалім: Ендеше ол не екен? (Ағаш)
Мұғалім: Ағаштар да басқа өсімдіктер тәрізді. Бірақ олар бір ғана маусым емес, бірнеше жыл, кейде бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді. Ағаштардың ауаны тазартудан басқа да пайдасы өте көп. Олар көптеген құстар мен жәндіктерге қорек беріп, пана да болады. Аң-құстарды ыстық күннен, қатты желден және жауыннан қорғайды. Ағаштар күзде жапырақтарынан айырылып, қыста жалаңаш тұрады. Тек шыршалар сияқты ине тәріздес жапырактары бар ағаштар суықтан қорықпайды, қысы-жазы жасыл қалпында сақталады. Ағаштардың көп өскен жері орманды алқап деп аталады. Жер бетінің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр.
Мұғалім: Балалар, ғажайып ағашты өз қолымызбен жасауға болады ма?
Оқушылар: Ия болады. Біз бұрындары ағашты қағаздан қиып жасайтынбыз.
Мұғалім: Дұрыс айтасындар балалар. Бүгінгі сабақ арқылы сендер ағаштың тағы бір түрін жасауды үйренесіндер.
3. Тапсырма орындау:
Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда түйменің көмегімен қиялымыздағы ғажайып ағашты жасайтын боламыз. Бізге керек құрал –жабдық туралы біраз жұмбақ жасырып көрейін.
Екі темір бірігіп,
Кесіп, пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе (Қайшы)

Жоқ қой бізге керегі.
Дөңгелек өзi
Төртеу көзi
Ұстайды мықтап,
Тұрғанды сырттап. (Түйме)

Дүниеде бар екен жалғыз көзді,
Киімін үйіп тастап, күдер үзді.(Ине)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.(ағаш)
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі. (қарындаш)

Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның күнде жейді басын қыршып,
Матаның жеген сайын басын қыршып,
Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық. (Қайшы)
Екi басы дөңгелек,
Екi ұшы сүйiр,
Қиғанға үйiр. (Қайшы)
Ол үшін бізге керекті құрал жабдықтарымызды дайындап алайық. Балалар, жұмыс жасар алдында ең бірінші қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

Қауіпсіздік ережесі:
• Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
• Құрал-саймандарды қажетті жағдайда ғана пайдалану;
• Бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
• Жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді пайдалану,
• Жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
• Жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Мұғалім: Балалар, топта отырған достарынмен бірге ақылдаса отырып, бірігіп ғажайып ағашты жасауға кірісіеміз. Естерінде болсын, әр бір жасаған жұмыстарын тияанақты, ұқыпты, таза болуы тиіс. Сендерге 15 минут беріледі. (Балалар жасап біткен жұмыстарын қорғайды).
Сергіту сәті: «Мен қазақпын» әніне қосылып билеу.
Мұғалім: Балалар ендеше барлығымыз бірге «Мен қазақпын» әніне біраз сергіп алайық.
4. Жаңа тақырыпты бекіту :
Шығармашылық тапсырма: «ТҮЙМЕ» сөзжұмбағын шешу әдісі
Мұғалім: Балалар сабағымызды қорытындылау мақсатында сендерге шығармашылық тапсырма беремін. Бүгінгі сабақтың тақырыбына сәйкес топта отырған достарыңмен ақылдасып, бірігіп, «ТҮЙМЕ» сөзжұмбағын шешеміз.
«ТҮЙМЕ»
1.Қыстың ең алғашқы айы
2.Түнде ұшатын құс
3.Күннің серігі
4.Қыздар тағатын әшекей бұйым
5.Ағаштың түрі

5. Қорытынды: Балалар бүгінгі сабақта сендер өте жақсы нәтиже көрсеттіндер. Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Рефлекция: Балалар, бүгінгі сабақ жайлы алған ойларыңды,әсерлеріңді мына стикерге жазып мына әуелеген ағашқа жапсырыңдар! Тәрбие.орг сайтынан Ғажайып ағаш Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алмаш Чоембаева

Пікірлер: 0

avatar