Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ғажайып алаң» атты танымдық-іскерлік ойын-сайыс
  • 08.12.2016
  • 159 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20401

«Ғажайып алаң» атты танымдық-іскерлік ойын-сайыс

Ойынның мақсаты:
 оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілге деген қызығушылығын іскерлік ойындар арқылы шыңдау;
 Есте сақтау қабілеті мен білімділік дағдыларын қалыптастыру;
 Білімдері мен ой-танымы жан-жақты дамып, қосымша ізденуге талпындыру;
 Оқушылардың экономика, нарық, үнемшілдік туралы түсінігін кеңейту;
 Елжанды болуға тәрбиелеп, туған елі мен жеріне деген құрметі мен ықыласын нығайту.

Ойынның шарты: алдын ала оқушыларға ұпай беріледі. (150 ұпайдан). Ойынға бір уақытта 3 ойыншы қатысады. Ойын басталмай тұрып, ойыншылар шеңбер алаңнан өздерінің тақырыптарын таңдайды. Асықты тастау арқылы сұрақ тақырыбын таңдап алады.
Ойынның бірінші кезеңі үш сұрақтан тұрады.
Сұраққа ұпай тігіп, оның дұрыс жауабын айтуға тиіс. Егер де жауабы дұрыс болмаса тіккен ұпайлары алынады. Алдымен сұрақ оқылмай жатып, әр ойыншы өзінің ұпайын тігеді. Ол ұпайлар жазылады. Содан кейін сұрақ оқылады. Сұрақтың үш нұсқасы болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Әр оқушы дұрыс жауаптарын көрсету үшін жауаптың үш нұсқасын көрсететін «1,2,3» деген сандар жазылған тірек белгіні бір уақытта бірдей көтереді. Ұтылған оқушыдан тіккен ұпайлары алынады, ал ұтқан оқушының ұпай саны көбейіп, ойынды ары қарай жалғастырады.

«Ғажайып алаң» танымдық-іскерлік ойын-сайыс

Мақсаты: оқушылардың ой-өрісі кеңейтіп, тілге деген қызығушылығын іскерлік ойындар арқылы шыңдау. Есте сақтау қабілеті мен білімділік дағдыларын сабақтан тыс іс-шараларда қалыптастыру;
Міндеттері:
• білімдері мен ой-танымын жан-жақты дамыту, қосымша ізденуге баулу. Оқушылардың экономика, нарық, үнемшілдік туралы түсінігін кеңейту;
• Елжанды болуға тәрбиелеп, туған елі мен жеріне деген құрметі мен ықыласын нығайту.

Көрнекі құралдар: «Таңғажайып алаң» деп жазылған банер, төс белгілер, әр түрлі сұрақ тақырыбын анықтайтын шеңбер, тірек белгілері, ұпайлар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1-жүргізуші:
Тыңдаңдар, мөлдір аспан, бұйра қырат,
Таулардан сылдырап аққан бұлақ!
Тыңдаңдар, балдырғандар әсем әннін.
Көпшілік салыңыздар жырға құлақ!

2-жүргізуші:
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы
Тілдер фестивалі күнімен құттықтаймыз
Өйткені ол – Қазақ тілі күні, Қазақ күні!

Бүгінгі «Ғажайып алаң» танымдық-іскерлік ойын-сайыс бүгінгі «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты Тілдер фестиваліне арналады. Сондықтан сіздерге қызықты, тартымды болып өтуі үшін сайыстың аты «Ғажайып алаң» деп аталады. Бұл сайыста сіздер тек Отанымыз, туған жеріміз, атамекеніміз, ұлы тұлғалар туралы білім алып қана қоймай, сонымен бірге өздеріңнің экономика, нарық, үнемшілдік туралы да білімдеріңді көтересіңдер және сынайсыңдар.

Ойынның шарты: алдын ала оқушыларға ұпай беріледі. (150 ұпайдан). Ойынға бір уақытта 3 ойыншы қатысады. Ойын басталмай тұрып, ойыншылар шеңбер алаңнан өздерінің тақырыптарын таңдайды. Асықты тастау арқылы сұрақ тақырыбын таңдап алады.
Ойынның бірінші кезеңі үш сұрақтан тұрады.
Сұраққа ұпай тігіп, оның дұрыс жауабын айтуға тиіс. Егер де жауабы дұрыс болмаса тіккен ұпайлары алынады. Алдымен сұрақ оқылмай жатып, әр ойыншы өзінің ұпайын тігеді. Ол ұпайлар жазылады. Содан кейін сұрақ оқылады. Сұрақтың үш нұсқасы болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Әр оқушы дұрыс жауаптарын көрсету үшін жауаптың үш нұсқасын көрсететін «1,2,3» деген сандар жазылған тірек белгіні бір уақытта бірдей көтереді. Ұтылған оқушыдан тіккен ұпайлары алынады, ал ұтқан оқушының ұпай саны көбейіп, ойынды ары қарай жалғастырады.
1. Сұрақтар:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды? 1989 жыл
2. “Бес арыс “ кімдер?
Мағжан Жұмабаев
Жүсіпбек Аймауытов
Ахмет Байтұрсынов
Міржақып Дулатов
Шәкәрім Құдайбердіұлы
3. «Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге» деген өлең шумағын кім жазған?
Абай Құнанбаев
4. Қандай балалар жазушыларын білесің?
Мұзафар Әлімбаев, Сапарғали Бегалин, Бердібек Соқпақбаев
5. Абай Крыловтан қандай мысал аударды? “Шегіртке мен құмырсқа”
6. Қазақ даласының жарық жұлдызы кім? Шоқан Уалиханов
7. Қазақ хрестоматиясын кім жазды? Ыбырай Алтынсарин
8. Үш арсызды атаңдар Ұйқы, күлкі, тамақ
9. Айтыстың ең көне түрі? Бәдік
10. Қазақтың қандай тұрмыс-салт жырлары бар?
Жар-жар, беташар, сыңсу, жоқтау, қоштасу, той бастар, көңіл айту, естірту...
11. Мұхтар Әуезовтің шығармасының аты. Көксерек

1. Сұрақтар:

1. Наурыз мерекесін қашан атап өтеді? 22 наурыз.
2. “Наурыз” деген сөз қандай мағынаны білдіреді? “Жаңа күн”.
3. Мерекеде қандай тағам дайындалады? Наурыз көже.
4. Қазақстанның бірінші астанасы. Орынбор.
5. «Праздник, новый, радость» деген сөздерді қазақ тіліне аудар.
Мереке (мейрам, думан, той), жаңа, қуаныш.
6. “Наурыз көже” тағамына неше тағам түрін қосады? 7 тағам түрі.
7. Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер?
Алтыбақан, Қыз қуу, Көкпар, Аударыспақ, Бәйге, Теңге алу, Ақ қасқыр — байланған қасқыр, Балапандар, Тақия тастамақ!
8. Қандай қазақтың салт-дәстүрлерін білесіңдер?
Тұсаукесер, қырқынан шығару, «жеті ата», бесікке салу, атқа отырғызу, т.б.
9. Осы мерекеде адамдар бір -бірін қалай құттықтайды?
«Наурыз мейрамы құтты болсын!» («Пусть праздник Наурыза будет счастливым!»), «Бірге болсын!» («Да будет вместе!»).

10. Бұл мерекені тағы қай елдер атап өтеді ?
В настоящее время Наурыз отмечается, как государственный праздник: 21 марта в Иране, а также в Азербайджане, Албании, Афганистане, Грузии, Иракском Курдистане, Индии, Киргизии, Македонии, Турции, Туркменистане и в Узбекистане — а также в Казахстане — 21—23 марта и в Таджикистане (4 дня). Наурыз также празднуется на местном уровне в Татарстане, Башкортостане.
11. Қазақ халқы қай санды сәтті және қасиетті сан деп атайды? сан – 7.
12. Мұсылман халықтардың қасиетті кітабы. Құран.
13. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
Киіз үй (үй, киіз үй) кереге (решетчатый остов), уық (жерди, подпирающие верхний круг), шаңырақ (верхний круг).
14. Қазақ халқында гениологиялық ағаш қалай аталады? Шежіре.
15. Орта жүздің биі кім? Қазыбек би.
16. Тәуке хан мен атақты үш бидің құраған ежелгі заң қалай аталады?
“Жеті жарғы”.

Жарыстар өтсін әр алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді мықты әрбір жан.

Ал, келіңдер, келіңдер.
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп
Сайысқа қатысып көріңдер!

Ойын аяқталған соң, әр оқушы өзінің жинаған ұпайларын санайды. Ұпай санына қарай қай оқушының жүйрік, білімді екенін анықтаймыз. Жүлделі орындарын белгіліп, қошеметтеп, ұпай санына қарай сыйлықтарын береміз.

Жүргізуші:
Бұл жеңіс – сенің жеңісің,
Бұл достықпен байланысқан қол ұшың,
Бұл өнерлі оқушының тасқыны.
Бұл ересен, сынып толы, қол ұшы.
Мақтан, ................ желпін, жеңіс желіне.
Ие болдың абырой-атақ, сенімге
Бүгінгі алғыс арналады өзіңе
Білімді, ұрпақ, мақтан тұтар еліңе!

Сонымен, бүгінгі сайыста өз білімдерін сынап көрген алғыр да батыл оқушыларға рахмет айтамыз. Келесі ойында кездескенше, аман-сау болыңыздар!
Тағы да мерекелеріңізбен! Тәуелсіздік туы ашық аспанымызда желбіреп тұрсын! Тәрбие.орг сайтынан «Ғажайып алаң» атты танымдық-іскерлік ойын-сайыс Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймұратова Жанар

ШҚО Семей қаласы №1жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: жанар6894
Көрсетілім: 159 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar