Баяндама: "Тіл кемшілігі бар балалардың тілін түзеудегі логоритмика жаттығуларының маңызы"

  • Жүктеулер: 37
  • Көрсетілім: 1478
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 12/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20952


Тіл кемшілігі бар балалардың тілін түзеудегі логоритмика жаттығуларының маңызы

Жоспар:
І. Кіріспе.
1. Логопедиялық ритмика туралы зерттеулер.

ІІ. Негізгі бөлім.
2. Логопедиялық ритмиканың пайдасы.
3. Логопедиялық тақпақтар.

ІІІ. Қорытынды.
4. Логопедиялық ритмиканың маңызы
Қазіргі кезде түрлі дәрежедегі тіл кемістіктерінің көбеюі – шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселеге айналып отыр. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі. Олардың ішінде ең көп таралған түрі – дыбыс айту кемшіліктері. Мұндай кемшіліктер өз бетінше кемістік ретінде де, сөйлеу тілінің басқа, күрделі бұзылыстарының құрамында болуы да мүмкін. Бірақ дыбыс айту кемшілігінің ең қарапайым түрін де «кемістік емес, кейін түзеліп кетеді» - деп жайбарақаттықпен қарауға болмайды. Олар балалардың өсуіне кері әсерін тигізіп, өз тілін меңгерудегі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Кейіннен бала оқып, жазып үйренуде де, жазбаша сөйлеу тілінде көптеген қателер (дислексия, дисграфия) жіберетін болады.
Тіл кемшілігі бар балалар өздерінің кемшіліктері себепті достар таба алмай қиналады, әсіресе сөйлеуден қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ моторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз қимыл-қозғалыстар жасайды (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б.) сенімсіз, мазасыз, жасқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі.
Ата-аналар баланың әр кезеңдегі өсу процесін қадағалап, тіл кемшілінің неден пайда болғанын анықтау үшін дәрігерлерге, логопед мамандарға апарып, оны шешу жолдарын тауып, дер кезінде көрсетіп, емдетсе – балалардың тіл кемшіліктері жойылады. Логопед мамандар түрлі тіл кемшіліктерін түзету жолында белгілі бір нәтижеге жету үшін, балаларға арналған әдіс-тәсілдердің ішінен әрқашан тиімді де озық әдістерді іздейді. Осындай әдістердің ішінде түрлі тіл кемшіліктері бар балаларға тиімді деп логоритмиканы ұсынар едім.
Логопедиялық ритмика – тіл, музыка мен дене жаттығулары, қимыл- қозғалыстары көмегімен іске асырылатын емдік ритмиканың құрама бөлімі болып табылады. Тіл кемістігін түзетудегі логоритмикалық әсердің маңызын көптеген зерттеушілер атап өткен. Мысалы: В.М.Бехтерев, О.В. Правдина, В.А.Гиляровский, М.Е. Хватцев, Р.И.Лалаева т.б. Олардың пікірінше«Логопедиялық ритмика – жалпы тонусқа, моторикаға, көңіл-күйге әсер етеді, ол орталық жүйке жүйесінің нерв процестерінің қозғалысын жаттықтыруға мүмкіндік береді, ми қабатын белсендіреді».
Е.В.Чаянова, Е.В.Конорова, Г.А.Каше «Логопедиялық ритмика – зейінді, оның жинақталуын, көлемін, тұрақтылығын, бөлінуін, көру, есту және логиканы комплексті түрде дамытады- деп санайды.
В.А.Гример және неміс зерттеушілері К.Колер, К.Швабе логопедиялық ритмика - психотерапевтикалық әдіс ретінде ұжымдық психологиялық әдіс, музыка терапиямен қатар қолданылуы керек- деп көрсетті. Адамдардың тіл кемістіктерін түзету барысындағы логопедиялық ритмиканың маңызы туралы В.А.Гример, Н.С.Сомайленко, Н.А.Власова, Ю.А.Флоренская, Л.Ф.Спиридова өз еңбектерінде ерекше тоқталған .

Музыкалық-ритмикалық тәрбие әдістемесін балаларға арнап алғаш ұсынған швейцар педагогы Э.Жак Далькроз болды. 50-70 жылдары логопедиялық ритмиканы пайдалана отырып, балалардың тұтықпа ауруын емдеу етек алды. 1960 жылдары В.И.Рождественская өзінің «Балалардың сөйлеу кезіндегі тұтығуын жөндеу» атты еңбегінде сөйлеу мәнерін қалыпқа келтіруде сөз бен қимыл және музыканың үйлестірілген жаттығуларының ролін ерекше көрсетті. Осы әдісті кейінгі жылдары Қазақстанда да емдік, педагогикалық мақсатқа қолдану кең өріс ала бастады. Бұл - «Логопедиялық ритмика» деп аталатын ерекше бағытпен дамуда. Логопедтер тілімен сөйлесек: «сөз бен қимыл үйлесімділігі» деп атауға болады. Логоритмиканың-түрлі тіл кемшіліктері бар балаларға, әсіресе тұтығу ауруына оң әсерін тигізетіндігі ғылыми түрде дәлелденіп отыр.

Табиғаттағы қоршаған ортада барлығы ырғақ заңымен өмір сүреді. Мысалы: жыл мезгілдерінің ауысуы, күн мен түннің алмасуы, жүрек соғысы және т.б.
Ал биологтар мен дәрігерлер берілген ырғақтағы арнайы қимыл – қозғалыстарын жүйелі орындау әртүрлі ауруларға тосқауыл болумен қатар адамның көңіл- күйін көтеріп, адамға «рух» береді деп түсіндіреді. Осылайша алдымен- емдік, сосын- арнайы логопедиялық ритмика пайда болды. Қимыл- қозғалыспен әуен және сөз балалардың әдемі де мәнерлі сөйлеуіне көмектеседі.
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен жұмыста әртүрлі әдістер мен тәсілдер бар. Дәстүрлі логопедиялық сабақтардан басқа дыбыс айтуды түзететін сөйлеу тілінің лексико- грамматикалық құрылымының бұзылыстарын түзетуде тиімді әдіс- тәсіл- логопедиялық ритмика деп аталады. Логопедиялық ритмика сабақтары- сөздердің байланысына негізделген әуен мен қимыл және саусақ, сөздік және музыкалық қимыл мен коммуникативті ойындардан құрылған әдіс. Сондай- ақ логопедиялық ритмика- моториканы (жалпы және ұсақ) қимыл- қозғалыс тепе- теңдігі мен сөйлеудегі тыныс алу мен бұлшық ет тонусын қалпына келтіруді дамытады. Логоритмикалық сабақта есте сақтау, зейін мен қабылдау, әсіресе, есту арқылы қабылдау және қимыл- қозғалыс жағымды ықпал етіп дамытады. Соңғы кезде арнайы мамандар логоритмика балалардың психоэмоциялдық жағдайына ықпал етеді: белсенді, қозғалғыш және тез «тұтанатын» оқушыларды тыныштандырып, жай оқушыларды ширатады.
Логоритмика кімге пайдалы?
1). Тұтықпасы бар балалар үшін;
2). Тез және өте жай сөйлейтін балалар үшін;
3). Қимыл- қозғалысы мен моторикасы шамалы дамыған.
4). Дизартрия, сөйлеу тілінде тежелуі бар және кейбір дыбыстарды бұрмалап айтатын балалар үшін;
5). Жиі ауыратын және әлсіз балалар үшін;
6). Сөйлеу тілінің қарқынды қалыптасу кезеңіндегі (2,5- 4 жас) балалар үшін;
Логоритмикалық сабақтарға тән:
Ән мен өлеңмен сүйемелденген қол қимылдарына арналған саусақ жаттығулары Ұсақ қол моторикасын, сөйлеу тілінің мәнерлілігі мен ырғақтылығын дамытады. Өлең жолдарын есте сақтауға көмектеседі.
Музыкалық құралдармен сүйемелденген музыкалық және музыкалық әуенді – ырғақты ойындар Сөздік қорын, зейінін, кеңістікте бағдарлай білуін және ырғақты сезінуін дамытады.
Логопедиялық (артикуляциялық) гимнастика, вокальды- артикуляциялық жаттығулар Артикуляциялық мүшелердің бұлшық еттерін нығайтуға көмектеседі.
Дыбыстарды ажырату мен бекітуде жаңылтпаштар айту Дыбыс айтудағы тыныс алу дағдыларын түзету
Мимикалық бұлшық еттер дамытуға арналған жаттығулар Эмоциялық қабілеттерін дамыту, жағымды қарым- қатынас орнату
Жалпы және ұсақ қол моторикасын дамытуға жаттығулар Тепе- теңдік, қимыл- қозғалыс бұлшық еттерін дамыту


Логоритмикалық жаттығулардың маңызы
Казіргі кезде тіл кемістігі бар балалар саны күннен - күнге артуда.. Педагогтар мен мамандарды көбінесе балалардың тілінің дамуы алаңдатады.
Осындай тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі логоритмика.
Логоритмикамен шұғылдануды ортаңғы жастан бастауға болады.
Логоритмика:
Сауықтыру, оқыту, тәрбиелік, коррекциялық міндеттерді шешуді қарастырады. Өз жұмысыма логоритмика элементтерін жүйелі түрде кірістіре отырып, сөздің, әуеннің және қимылдық синтезі балаларды белсенділігін, өзіне деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеуде көп көмегін тигізетінін байқадым. Логоритмиканың әртүрлі тәсілдерін алмастыра ұйымшылдықты талап етеді. Барлық осы айтылғандар баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Сөзді, әуенді және қимылды біріктіру нәтижесінде балалар сабақта өздерін еркін ұстай білуге, үйренеді. Олардың ритмикалық қабілеттері жақсарады. Балалар өз қимылын басқара білуге үйреніп, жинақты және мұқият бола түседі. Логоритмикалық жаттығуларды жасату арқылы бала дауысын, тыныс алуын, еске сақтау, байқау қабілеттерін жақсартуға болады.
Логоритмиканың элементтері бар музыкалық сабақтары өз жемісін бере бастады. Балалар ол сабақтарды асыға күтетін болды. Тілдік жаттығулары бар ойындарға белсене қатыса бастады. Мен сөздік жаттығуларды, өлеңдерді балалардың қол, аяқтарының, денесінің қозғалысын әуен ырғағына сәйкестендіріп таңдадым. Мұнда төменгідей кезек болуы керегі әуелі балаларға көрсету бойынша әрекет жасаймын, сосын қажетті ырғақпен, сол ырғақта айта немесе әндете отырып, өз беттерімен орындайды.
Мысалы: «Құймақтар»
Қамырды илейміз – ух - тух! Ух - тух( жудырығын түю, жазу)
Табаны қыздырамыз,
Ух - тух, Ух - тух! ( екі қолмен шеңбер жасау)
Ди - ди -, ла - да - құймақ пісіреміз
Хлоп - шлеп, хлоп - шлеп!
Құймақ ыссы! ( қолдарын алға созып, шеңбер жасай отырып, алақанға «үрлеу»
«Құмырсқалардың жаттығуы»
Құмырсқа ерте оянды ( жүрлеп отырып, көздерін уқалайды)
Керілеміз! ( тұрып, керіліп - созыламыз)
Тік тұрамыз ( қолдарын төмен түсіреді)
Секіреміз (екі аяқпен секіру)
Жаңа күн басталады!
Біз әрқашанда бірге, көңілді
Өмір сүреміз (бір орында жүгіру)
«Жаңбыр кап!»
Құс: кар, кар, кар (қанаттар)
Жел: хлоп, хлоп, хлоп! (алақанды шапалақтау)
Жаңбыр: кап, кап, кап ( алақанын тізеге соғу)
Аяқтар: шлеп, шлеп, шлеп! (аяқтарын кезекпен топылдату)
Балалар: Ха, ха, ха! (алақандарын жайып, қолдарын алға созу)
Мама: Ах, ах, ах! (екі қолмен басын ұстап, басын шайқау)
Жаңбыр: Кап, кап, кап! (алақанын тізеге соғу)
Бұлт: Бах, бах, бах! (аяқтарын тарсылдату)
«Шар»
Тез шарды үреміз (қол саусақтарын біріктіру, сосын жазу)
Шар үлкейе түсті (жаймен қолдарымен екі жаққа созу)
Шар кенет жарылып кетті (алақанын шапалақтау)
Жел шығып кетті «алақанға үрлеу)
Шар жіңішке, кішкене болып қалды(қолды бір - біріне қосу)
«Ешкілер»
Міне, көпір!( алақанды алақанға қою)
Міне сүзеген ешкі! ( тік саусақпен шынашақты алға созу)
Қыңыр мен қынар кездесе, сүзіседі( тік саусақ пен шынашақтар 8 рет қосылады)
Сүзісті, сүзісті. Төбелесті(алақан саусақтары айқастырылды)
Сосын өзенге құлап кетті(саусақтарын төмен, екі тізенің арасына кіреді)
« Шапалақта»
Кел балақан, балақан!
Шапалақта алақан
Жай, жай, жай!
Қозғап барлық денеңді.
Қолды қатты соқ енді,
Сарт, сарт, сарт.

«Сұрқоян»
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлерден.
Ытқып, ытқып жүгірді.
«Ағаштар»
Тербеледі ағаштар,
Адымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен боп өседі.
«Аю»
Маймақ, аю жайраңдап.
Жүреді ол маймаңдап
Дейді Аю - біріне,
Бал бересің бір бөшке
Тіл кемістігі күрделі балалар мен логоритмика сабақтарын жүргізуде:
Балалардың қимыл - қозғалысын қалыптастырады, сымбатын, жүрісін, қозғалысын түзейді, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке үйренеді.
Тыныс алуда, моториклық функцияларды, есте сақтау, есту, көру ынтасын, бет мимикасын дамытады.
Сабақта логоритмиканы пайдалану балалардың түрлі дәрежедегі тіл кемістіктерін түзетуде жақсы нәтижелер беруде. Логоритмикалық сабақтар өткізу кезінде көмек алатын балалардың жасы, диагнозы, тіл кемшіліктерің түрі міндетті түрде есепке алынуы керек. Логоритмикаға арналған буын ұйқастар, тақпақтар, әндер, ойындар, халық фольклоры, қарапайым аспаптар түрлерін пайдалану (қасық, асатаяқ, сылдырмақ, барабан т.б.) балалар сүйетін ертегілерінің кейіпкерлерін бейнелеу (атрибуттар, костюмдар, сахналау) т.б. қажет. Бұл орындалатын жұмыстардың барлығы да балаларға ыңғайлы, ырғағы анық, қарапайым да түсінікті болуы тиіс.
Логоритмикалық сабақтарда балалар әнді тыңдау арқылы ырғақты сезінуге, кеудемен терең тыныс алуға үйренеді. Еркін тыныс ырғаққа, әуенге сай қимыл-қозғалыстар жасауға негізгі себеп болатыны сөзсіз. Әннің әуенін бірнеше рет музыкалық аспаппен ойнап, тыңдата отырып, әуенін айтып музыканың биіктігін, жоғары-төмендігін, әсемдігін сезінеді. Бірте-бірте әнді музыкалық аспаппен сүйемелдей отырып, бала сөзді, ырғақты, әуенді меңгеріп, кеудемен терең, толық демала отырып, музыкаға аясында сөздерін анық айтуға және ырғаққа сай, еркін қимыл-қозғалыстар жасауға үйренеді. Ең бастысы, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі сөйлеу қорқынышынан арылады.

Пайдаланған әдебиеттер:
«Тілашар- Логопедия» журналы
«Дефектология» журналы Тәрбие.орг сайтынан Баяндама: "Тіл кемшілігі бар балалардың тілін түзеудегі логоритмика жаттығуларының маңызы" Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жалетденова Фарида Базарбаевна

БҚО, Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты Логопед-мұғалім

Пікірлер: 0

avatar