: «Бастауыш біліктісі»

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 508
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 15/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19009


Тақырыбы: «Бастауыш біліктісі» интеллектуалдық ойын. Мақсаты: Ойлау қабілеттерін, ойлау ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Есте сақтауын, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер т. б.
Пән аралық байланыс: музыка, әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, дене шынықтыру.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Баршаңызға мәлім осы апта бойы мектебімізде «Бастауышым - балбұлағым, лаулап жансын шамшырағым» атты дәстүрлі білім апталығы өтіп жатыр, осы апталық аясында бүгін 3 сынып сіздерге арнап «Бастауыш біліктісі» интеллектуалдық ойынын өткізгелі отыр. Қымбатты оқушылар, бүгінгі «Бастауыш біліктісі» интеллектуалдық ойын-думанымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Мен бүгін өздерінің ақылды, шеберліктерін, алғырлықтарын, өз бетінше жұмыс жасай алатын, еркін сөйлей алатын көрсеткісі келіп отырған оқушыларды ортаға шақырғым келіп отыр. 1-жүргізуші:
Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өрендер,
Қош келдіңіз!, бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгіге есіңізде.
2-жүргізуші:
Шақырамыз екі топты ортаға,
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы кеште біліп ал.
1-жүргізуші:
Әділдік болмаса егер шығар алға,
Бұл дүние жақсылардан қалар ада.
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз,
Мықтыларға берер деп әділ баға.
2-жүргізуші:
Таныстырып топтарын,
Ұрандарын айтады,
Көрерменге білдіріп
Әділ баға алады.
1-жүргізуші: Екі топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады. І. Таныстыру.
І топ «Алғырлар»
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

ІІ топ «Тапқырлар»
Сәлемдесу: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

Жүргізуші: Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын бақылаушы бастауыш сынып мұғалімдері .
1- бөлім Ширату
Шашылған әріптерден сөз құрау.
Жұмбақтың шешуін тап (Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама)
І топ. (і т к а п) (Кітап)
ІІ топ.(к е н д ү к і л )
(Бұл әр оқушыда болады, оны ашсақ кейде күлесін, кейде ашуланып, ұяласың, ол сенің досың)
(Күнделік)
- Ұпай санын анықтау.
2- бөлім
Мұнда математика және дүниетану пәні бойынша сұрақтар берілген.
І топ.
1. Дүкенге 600 торкөз дәптер, 400 жолды дәптер әкелінді. Дәптердің бестен бір бөлігі сатылды. Қанша дәптер қалды?
2. Жиналған алманың алтыдан бір бөлігі 9 кг болды. Барлығы қанша алма жиналды?
ІІ топ
1.Шешемнің әмиянында үш 200 теңгелік ақша бар. Егер ол 400 теңгелік 2 қорап кәмпит сатып алғысы келсе, оған қанша теңге жетпейді?
2. Егер Санжар бір кәмпит сатып алса, 10 теңгесі қалады. АЛ екі кәмпитке 30 теңге жетпейді. Санжардың қанша теңгесі бар?
- Ұпай санын анықтау. І топ.
Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
Жауаптары: А) 3 Б) 5 В) 4
Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?
Жауаптары:А) тамыр Б) сабақ В) жапырақ
Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Жауаптары: А) Сағат Б) Құбылнама В) План
- Ұпай санын анықтау.
ІІ топ
Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)
9. Қа...бақ көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (ң)
* Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын.
3- бөлім
Назарларымызды экранға аударайық.
І топ.
... Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.
- Экранда бір ертегіден үзінді берілген. Ертегінің аты қалай аталады?
- Қандай ертегі түріне жатады?
Жауабы: «Байлық пен ақыл» ертегісі. Шыншыл ертегіге жатады.
ІІ топ.
... Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен.
- Экранда бір мәтіннен үзінді берілген. Мәтіннің аты қалай аталады?
- Мәтін кім туралы жазылған?
Жауабы: Мәтін «Мен оқуға қалай бардым?» А. Байтұрсынұлы
4-бөлім
Ол үшін назарымызды экранға аударайық.
І топ.
... Қалыпсың ұйықтап, қарағым,
Қалады-ау сенің сабағың,
Жуын, жүгір мектепке.
Ашасың көзді сабақтан,
Аласың білім кітаптан,
Боласың адам мектепте. деген өлеңнің тақырыбын және қай автор жазғанын табамыз.
Жауабы: Күн шыққанда. І. Жансүгіров
ІІ топ.
... Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл... деген өлеңнің тақырыбын және қай автор жазғанын табамыз.
Жауабы: «Ғылым таппай мақтанба» А. Құнанбаев.
-Мұнда «Достар» студиясының жасырған әнін тауып алған топ қосымша 2 ұпайды бірден иеленіп, өз қоржындарына сала алады. Жасырылған ән екі топқа да ортақ. Әнді тапқан топ бірден алдарындағы белгіні береді.
*Жасырылған ән: «Қошақан» әні
- Олай болса қосымша 2 ұпай саны беріледі. Ал біз барлығымыз экранға қарап «Қошақан» әнін бірге орындайық.
* Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын
5- бөлімі. Мұнда кино саласы бойынша. Кинодан үзінді беріледі. Әр топқа тапсырма жеке-жеке беріледі. Ол үшін барлығымыз назарымызды экранға аударайық. Киноны көрсету. «Балалық шағымның аспаны»
І топ
- Көрсетілген киноның аты? Жалпы кино кім туралы?
- Дұрыс берілген кинодан үзінді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы. Елбасымыз ұшқыш болуды армандаған екен. Бірақ елбасымыз өз еліне қызмет ету жолын таңдаған екен. Себебі ұшқыштың оқуы Украина қаласында болғандықтан әкесінің өз еліңе қызмет ет деген сөзі ақылға салып, кенші оқуына түседі.
ІІ топ «Менің атым – Қожа» киносынан үзінді.
- Көрсетілген киноның аты? Жалпы кино кім туралы?
- Дұрыс жауап: Қожа деген бала туралы. Ол өзі бұзық болғанымен, шыншыл, жалпы өтірікті жаны сүймейді, әділдікті қалайтын бала туралы. Кейін киноның аяғында Қожа өзінің қателіктерін жояды, тәртіпті, ақылды бала болады.
«Достар» студиясының жасырылған әнін табу. Қосымша 2 ұпайды ұпайы төмен топ тауып өз қоржындарына салуға әбден мүмкіндігі бар. Жасырылған ән: «Ортеке»
* Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын.
6- бөлім
Әр топқа сұрақ жеке-жеке мультфильм қойылады. Дайын болсақ экранға назар аударайық. Мультфильм көрсетіледі.
- Бұл мультфильмнің аты? «Ақсақ құлан»
- Ханға баласының қайғылы хабарын не арқылы жеткізді?
Жауабы: Домбыра. Домбыра қазақтың бас аспабы.
* Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын.
7-бөлім Дене шынықтырумен пәнімен байланысады. «Сенемін, сенбеймін» деп аталады. Қойылған сұраққа тек қана сенемін, сенбеймін деп жауап бересіздер. Сонымен қатар қосымша сұраққа да жауап бересіздер.
І топ.
1. Қазақстан Лондон олимпиадасынан 7 алтын медаль алды дегенге сенсіңдер ме?
- Олай болса аттарын атап беріңіздер?
Жауабы:
1. Серік Сапиев
2. Александр Винокуров
3. Мая Манеза
4. Зульфия Чиншанло
5. Илья Ильин
6. Ольга Рыбакова
7. Светлана Подапедова

2. Назарымызды экранға аударайық. Экраннан көрсетілген спортшының аты – жөні кім? Лондон олимпиадасында спорттың қай түрінен қатысты?
Жауабы: С. Сапиев бокстан қатысты.

ІІ топ.
1. Илья Ильин 2 дүркін олимпияда чемпионы дегенге сенесіңдер ме?
Лондон олимпиадасында спорттың қай түрінен қатысты?
Жауабы: Ауыр атлетика штанг
2. Назарларымызды экранға аударайық. Экраннан көрсетілген спортшының аты-жөні кім? Лондон олимпиадасында спорттың қай түрінен қатысты?
Жауабы: А. Винокуров велоспорт
2 ұпайды «Достар» студиясының жасырған әнін тапқан топ иеленеді. « Айгөлек» әні
* Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын. Ендеше соңғы шешуші
- Ұпай сандарын анықтау. Жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапаттау.
«Көк ту» әнімен аяқтау.


[hide][/hide]
[/size] Тәрбие.орг сайтынан : «Бастауыш біліктісі» Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айденова Клара Кажымовна

БҚО Ақжайық ауданы Мерген орта жалпы білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar