«Білім- ырыстың тізгіні»

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 452
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 03/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20322


Сыныптан-тыс сайыс сабақ
Тақырыбы: «Білім- ырыстың тізгіні»
Мақсаты:
1.. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана білу .
2. Өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамыту,
3.. Пәнге қызығушылықтарын арттыруға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Динамометр, электроскоп, мензурка, термометр, Паскаль шар ,таразы , эбонит және шыны таяқшалар, сұлтан жапырақшалар, шар, май шам, су.
Өткізілу кезеңдері:
1 - тур Миға шабуыл . ( әр сұрақ 1 ұпай)
2 - тур «Қарапайым тәжірибе – білім негізі». ( әр сұрақ 1 ұпай )
3 - тур Физика тілінде сөйлесейік . ( әр сұрақ 1 ұпай )
4 - тур Аспапты білесің бе ? (әр сұрақ 1 ұпай)
5 - тур логикалық сұрақтар . (әр сұрақ 1 ұпай )
6 - тур ойлан, тап . (әр сұрақ 1 ұпай )
Қатысатын сыныптар 8 «А», «Б».
Әр сынып жеке топ болып бөлінеді. Топтың атын қойып, ұрандарын айтады.
1 тур «Миға шабуыл» кезеңі
1-топқа сұрақтар.

1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі? (қатаю)
3) Сұйықтың бетінде жүретін булану не? (кебу)
4) Дененің жерге тартылу күші? ( ауырлық күші)
5) Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
6) Бір зат молекулаларының екінші зат молекулаларының аралығына ену құбылысы ? (диффузия)
7) Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу ? (қаныққан бу)
8) Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)
9) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
10) Молекулалардың ретсіз қозғалысы? (жылулық қозғалыс)
2- топқа сұрақтар
1. Будың сұйыққа айналу құбылысы? ( конденсация )
2. Заттың ең ұсақ бөлшегі не? ( молекула)
3. Массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
4. Заттың қатты күйінен сұйық күйге өту процесі ? ( балқу)
5. Сұйықтың буға айналу құбылысы ? ( булану)
6. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр)
7. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ ,тебіледі)
8. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)
9. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
10. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)

2 тур. «Қарапайым тәжірибе – білім негізі».
Қажетті құралдар: шар, су, май шам, спираль қағаз.

3 - тур Физикалық тілде сөйлейік .(2 ұпай )
Қай тілде, сөз мағынасын ашу
• Метр ( грек сөзі « өлшеймін» )
Деформация ( латын сөзі « бұзылу , бүліну»)
• Диффузия ( латын сөзі «жайылу, таралу»)
• Электр ( грек сөзі « электрон, эбонит»)
• Гелиос (грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»)
• Конвекция (латын сөзі « тасымалдау»)
• Электроскоп (грек сөзі « электрді бақылау»)
• Гипотеза (грек сөзі «болжам»)
4 - тур Аспапты білесің бе? . ( 1 ұпай )
1) Аспапты білеміз бе? Нені өлшейміз?
Динамометр
Мензурка
Электроскоп
Термометр
Гигрометр
Паскаль шар

5-ТУР. Логикалық сұрақтар. ( 1ұпай)
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. Дайындауға болады , бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма, әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
9. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
10. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
11. Жерден көтеру оңай, бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
12. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
6-тур. Ойлан, тап ! Ребус шешу.(1 ұпай)
1-топқа тапсырма
1. Египет жерінде Хеопс пирамидалары бар екендігі белгілі. Бұл пирамидалар біздің ғасырымыздан бірнеше жыл бұрын салынған. Осы пирамидаларды салу кезінде қандай механизмді пайдаланды? Ол қалай жұмыс істейді?( иіндік, рычаг)
2-топқа тапсырма
1. « Суының ерекшелігі, онда ешқандай тіршілік жоқ. Біз қанша тырыссақ та суға бата алмадық. Ол жердің ынғайлылығы сондай тіпті шалқаннан жатып та кітап оқуға болады» Бұл не туралы айтылған. ( Өлі теңіз туралы) Тәрбие.орг сайтынан «Білім- ырыстың тізгіні» Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахметова Маржан Намазбайқызы

ОҚО Мақтарал ауданы " С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі"ф физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar