Білімді информатиктер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 171
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 23/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20666


Мұғалім: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Білімді информатиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызға қош келдіңіздер дей отырып, ойын кезеңдерімен таныстырып өтейін. Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады.
І-тур. «Бәйге»
ІІ-тур « Полиглот»
ІІІ-тур «Қатені тап»
ІV-тур «Қиял әлемі»
V-тур «Жорға»

Мұғалім:
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1-тур. «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ 15 сұрақ беріледі. (Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар.
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1. Паскальда квадраттың жазылуы? (sqr)
2. Паскальда тұрақты қалай жазылады? (const)
3. Аталған байттар тізбегі? (файл)
4. Windows жұмыс атқара алатын барлық мүмкіндік? (объект)
5. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
6. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
7. Таңдау операторының жазылуы? (case)
8. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (256)
9. Бүтіндей бөлу (div)
10. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)
11. Компьютердің ақыл-ойы (процессор)
12. Мәтін дегеніміз не? (жолдар тізбегі)
13. Қалдықты табу (mod)
14. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)
15. Принтердің неше түрі бар? (3)

Мұғалім:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.
Мұғалім:
«Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

ІІ-тур. Полиглот.

Әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал.
Мұғалім:
1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді (дыбыс, звук, sound)
2. Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкентай күн көзін (шам, лампочка, lamp)
3. Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
4. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы... (тоқ, ток, currnt)
5. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы (тышқан, мышь, mouse)
6. Өнер алды қызыл ... (тіл, язык, language)
7. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)
8. Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)
9. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)
Мұғалім:
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын

ІІІ-тур «Қатені тап»
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын . Жауабы: 7 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.
Жауабы: 3 қате жіберілген
1. Word графикалық редактор емес
2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес
3. Графикалық bmp. форматы векторлық форматқа жатпайды.

Мұғалім:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды

4-тур «Қиял әлемі»
Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.
А) Егер де робот болсам ...
Б) Егер де хаккер болсам ...
Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Бір оқушы өз өнерін ортаға салады.

Мұғалім:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Жорға, жорға, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деген арпалыс,
Жеңілемін деп ойлама
5-тур «Жорға»
Мұғалім:
1. Нақты сан (Read)
2. Else (әйтпесе)
3. Соңы (End)
4. Символдық тип (Char)
5. Қайталау операторы (For)
6. Орындау операторы (Do)
7. Жад нешеге бөлінеді? (2)
8. Тышқанның атқаратын қызметі (жұмысты жеңілдету)
9. Калькулятордың неше түр бар? (2)
10. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан (латын)
11. Бума түрлерін ата (жұмыстық, жүйелік)
12. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды (монитор)
13. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
14. Көшіру пернелер комбинациясы (Ctrl+C)
15. Пернетақта қандай құрылғы (енгізу)
Мұғалім:
Бүгінгі көріп тамашалаған «Білімді информатиктер» ойыны мәресіне жетті. Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділқазы мүшелері оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз сыныпты анықтап, ең көп ұпай жинаған сыныпқа «Білімді информатиктер» атағын береді.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Тәрбие.орг сайтынан Білімді информатиктер Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мамышова Акмарал Ахатаевна

Алматы облысы, Балқаш ауданы, №1 Жамбыл атындағы орта мектебі информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar