Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Біліммен шық биікке
  • 18.11.2016
  • 150 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20090

Пәні: география
Сыныбы: 10 «А,Ә»
Күні: 18.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: «Біліммен шық биікке»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға география пәнінің ерекшеліктерін танытады.
Дамытушылық:Оқушылардың сана сезімін кеңейтеді,ойлау қабілеттерін дамытады,танымдылығын арттырады.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақтылықпен ізденімпаздылыққа баулиды.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс: Топтық жұмыс,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, карта.
Сабақты бағалау: Ұпаймен.
Сабақта күтілетін нәтиже: Біліммен биік шыңды бағындырады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушыларды топтарға бөлу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.

Мұғалім: - Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, жарқын болашаққа нық қадам басқан жас өрендер!
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің бар да! -дей, отырып бүгінгі «Біліммен шық биікке» атты ашық сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Сайысымыздың жүру барысымен таныс болайық.
Сайыс кезеңдері: Сынып 2-кі топқа бөлінеді. Сайыс жеті кезеңнен тұрады.
1.«Топтың таныстырылуы»
2. «Лездемелік сұрақтар»
3. «Елтану» ойыны
4. «Алтын сандық»
5. «Бұл қай ел»
6. «Ойлан тап»
7. «Ой толғау» капитандар сайысы.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таныс та, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын, жатқанда асып,тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойынға қамтылған зерек жастар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,-дей келе

1.«Топтың таныстырылуы» әр топ басшылары өз топтарын таныстырады. (әр таныстыруға 10 ұпай) беріледі.

І-топ: «Эверест»

ІІ-топ: «Хан тәңірі»

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бұл сайыс қой.
Білімдірек шәкірт озар,
Лездемелік сұрақтар ғой.
2. «Лездемелік сұрақтар»
Әрбір топқа 20 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Жауап тез - тез берілу керек.

І - топтың сұрақтары:
1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар
2) Елтаңбаның авторы
3) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады?
4) Қытай мемлекетінің астанасы
5) Жердің тас қабаты
6) Жазықтар қандай түспен боялады?
7) Ең биік тау
8)Германияның ақша бірлігі
9) Тіршілік қабаты
10) Үндістан астанасы
11) Васко – до – Гамма кім?
12) Жер серігі не?
13) Қазақ елінің діні
14) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?
15) Қырғызстанның ақша бірлігі
16) Ең кіші материк
17) Суық материк
18) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы
19) Мойны ұзын жануар
20) Ресей мемлекеті

ІІ- топтың сұрақтары:
1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар
2) Қазақстан туының авторы
3) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы?
4) Ресей мемлекетінің астанасы
5) Жер бетіндегі ауа қабаты
6) Таулар қандай түспен боялады?
7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен
8) Өзбекстанның ақша бірлігі
9) Су қабаты
10) Канаданың астанасы
11) Ливингстон кім?
12) Емен қанша жыл жасайды?
13) Ең көп таралған дін
14) Ең үлкен арал
15) Муссон деген не?
16) Ылғалды материк
17) Ең үлкен материк
18) Эйфель мұнарасы орналасқан қала
19) Ең кішкентай құс
20) АҚШ мемлекеті

Қазақ деген халықтың баласымыз,
Алда талай алынар бар асуымыз.
Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,
Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз,-деп

3. «Елтану» ойынын бастайық.
Әрбір топқа тақтада 3 елдердің картасы беріледі және сол елдерге қатысты нысандар айтылады. Әрбір топ интерактивті тақта құралдарын пайдалана отырып,осы елдердің ерекшеліктерін табады.
Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 10 ұпай.

І - топтың сұрақтары:

Азия
Франция
Антарктида

ІІ - топтың сұрақтары:
Еуропа
Арабия
Аустралия

Құпиялы сандықтың,
Кілтін аша алар ма?
Білім мұхит кемесін,
Мінер ұрпақ болар ма?- дей отырып,

4. «Алтын сандықтың» бізге дайындаған сұрақтарына келіп жеттік.
Сандық ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады
Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.
І- топ сұрақтары:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

ІІ- топ сұрақтары:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
І-топ сұрақтары:
Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте
Жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте" даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

ІІ- топ сұрақтары:
Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.

Кездестік, міне, тағы да,
Саласында білімнің.
Сараптауға асықпай,
Географияның қызығын,- дей келе

5. «Бұл қай ел» деген кезеңге де келдік.
Бір елдің сипаттамасы беріледі, сол бойынша елді картадан тауып көрсетулері керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. [color=blue]Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.
І- топ сұрақтары:
Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.
Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы - материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи - мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.

ІІ- топ сұрақтары:
Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер"
деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. Ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы - көкөніс және жеміс - жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен,- дей келе

6. «Ойлан тап» кезеңіне жеттік.
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, соларды саралап, қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек.
Ойлануға 30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай.
І- топ сұрақтары:
1. Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.
2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.
3. Ессентуки, Анталия, Майами.
4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.
5. Теңіз, көл, өзен.
6. Игуасу, Анхель, Виктория
7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия
8. Мариана, Пуэрто – Рико, Зонд
9. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю
10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.

ІІ- топ сұрақтары:
1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп - қатер.
2. Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра
3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.
4. Гвинея, Бискай, Парсы.
5. Гоби, Сахара, Такла - Макан, Тар
6. Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай
7. Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория
8. Тайга, саванна, тундра
9. Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген, Каир
10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар

Теректей тамырыңды жайып терең,
Жете бер жақсы күнге халықпенен.
Тулаған толқындардан тайсалмасын,
Әрдайым мұхитында алып кемең,- деп

7. «Ой толғау» капитандар сайысын бағалайық.
20 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезек-кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады.Тез - тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Ең ұзын өзен?
2. Ең жүйрік аң?
3. Ең алып құс?
4. Ең суыққа төзімді құс?
5. Ең үлкен мұхит?
6. Ең үлкен арал?
7. Ең терең көл?
8. Ең биік шың?
9. Ең биік сарқырама?
10. Ең қалың мұз жамылғы?
11. Ең құрғақ жер?
12. Ең төмен теңіз?
13. Ең биік тау көлі?
14. Ең тұзды теңіз?
15. Ең үлкен архипелаг?
16. Ең терең шұңғыма?
17.Ең терең көл?
18.Ең үлкен көл?
19.Ең кішкентай мемлекет?
20.Ең үлкен ел?

Көрермендерге арналған жұмбақтар:
1. Бөлінген екі елге,
Халық бар азиялық шетелде.
2. Жер бетінде халқы көп,
Кім айтады елді дөп.
3. Шығыс Азиялық мемлекет,
Тұрады 5 мың аралдан.
Әлі күнге пират көп,
Қажетін тонап таба алған.
4. Өзі - қала, ел - өзі,
Дамыған үлгі үрдісі.
Азиялық болса да,
Еуропалық тұрмысы.
5. Мұсылман үшін қасиетті,
Дінінің туған жері еді.
Мұнайда қалқып байыған,
Бұл арабтың қай елі.

Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін әділ қазыларымызға береміз.

Мұғалім:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің биік шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді, шыңның арғы шыңына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

Қорытынды:
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау. Тәрбие.орг сайтынан Біліммен шық биікке Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Иманалиева Гульмира Иманалықызы

Жамбыл облысы Тараз қаласы №42 орта мектебі География пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: benjamin011797
Көрсетілім: 150 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar