Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Біздің елбасымыз дара –тұлға
  • 13.02.2016
  • 461 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16171

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (256.1Kb)

Сабақтың тақырыбы: Біздің елбасымыз дара –тұлға
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру,Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып ,тарихи қағидаларды, фактілерді салыстырып ,талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік: Елбасының халқына сіңірген еңбегін ,ерлігін , жүргізген саясатын үлгі ету,оқушылар бойында демократиялық құндылықтарды сіңіріп толеранттылыққа бейімдеу.
а) Ұлттық тәрбие беру;
ә) Саяси тәрбие беру;
б) Патриотизмге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Елбасының суреті , карта т.б.
Сабақтың түрі: Конференция сабақ.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ- жауап әдісі.
Пәнаралық байланыс: Жалпы тарих ,адам және қоғам ,қазақ
әдебиеті,география.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,конференцияға дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу.
1. Тарихшылар тобы
2. Экономистер тобы.
3. Саясатшылар тобы.
4. Мәдениеттанушылар тобы.
II. Сабаққа қызығушылығын оятатын сұрақтар беру.
1. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орында?
3. Орта ғасырда Қазақстанның астанасы қай қала болды?
4. Қазақтар қай тілдес халық?
5. Қазақстанда неше облыс бар?
6. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қай жерде туылды?
7. Қазақстанның мемлекеттік тілі?
8. Ұлттық валюта қай жылы енгізілді?
9. Н.Ә.Назарбанв қай жылы дүниеге келді?
10.Астана қаласы қай жылы Қазақстанның астанасы болды?
11.Қазақ елімен көршілес елдерді ата?
12.Түркияның алғашқы президенті?
13.Қазақстан қай жылы БҰҰ-ның мүшесі болды?
14.Конституциямыз қай жылы , қай айда қабылданды?
15.Қазақстандағы саны жағынан ең үлкен партия?
III.Конференция сабақты өткізу.
1.Ой шақыру стратегиясы.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының алғашқы және қазіргі Президенті Н:Ә.Назарбаев- тек қана біздің ел ғана емес, әлем таныған саяси тұлға.
Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр.Бүгінгі конференциямызда Елбасы туралы жан-жақты танысатын боламыз.
2.Ой қозғау стратегиясы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә .Назарбаевтың өмірі мен қызыметі ,саясаттағы , экономикадағы,мәдениеттегі атқарған істерін талдау үшін конференцияға қатысушыларға сөз береміз.
Тарихшылар:
Тарихшылар тобына сұрақтар ;
1. Елбасының «Қазақстан -2030» стратегиясы неше басымдықтан тұрады?
2. КСРО мемлекеті қай жылы құлап ,ТМД ұйымы қай жылы құрылды?
3. Қазақтың алғашқы хандары?
4. Семей ядролық палигоны жабылған жыл?
5. Астанадағы Президент резиденциясы қалай аталады?
6. КСРО елін басқарған партия?
7. Парламент неше палатадан тұрады?
8. Қазақстанда қандай үлкен өзендер бар?
Экономистер :
Экономистер тобына сұрақтар :
1.КСРО тұсында Қазақстан экономикасы қандай болды?
2.Елімізде экономикалық реформалар қай жылы басталды?
3. Қазақстанда шегелдің қай компаниялары жұмыс істеуде?
4.Импорт ,экспорт дегеніміз не?
5.Ақша дегеніміз не?
6.Ата Заңымыз бойынша елімізде меншіктің қандай түрлері ұрықсат етілген?
7.Қазақстанда экономиканың қай саласы күшті дамыған?
8.Еліміздің қандай банктерін білесіңдер?
Саясатшылар:
Саясатшылар тобына сұрақтар:
1.Қазақстанда қандай халықтар тұрады және олар қандай діндерді ұстайды?
2.Орташа тап деген не?
3.Қоғамда жиі айтылатын толерандық , көпвекторлы саясат , демократия деген сөздердің мағынасын түсіндіру.
4.Қазақстан қандай әлемдік ұйымдарға толыққанды мүше болып отыр ?
5. Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінщі қай ел таныды ?
6.Әлемде қандай діндер бар ?
7 Түркі тілдес елдерді атаңдар?
8.ХХ ғасырдағы қазақ елінің астаналары?
Мәдениеттанушылар :
Мәдениеттанушылар тобына сұрақтар:
1. Елбасының өзі шығарған қай әндерді білесіңдер?
2. Астана қаласында қандай мәдени орындар бар?
3. ХХ ғасырдағы өмір сүрген атақты қазақ жазушылары?
4. «Мәдени мұра » бағдарламасы деген не?
5. Қазақтың ұлттық салт дәстүрінен не білесіңдер?
6. Ежелгі қазақ қалаларын атаңдар?
7. Тұңғыш қазақ киносы?
IY . Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
2. Н.Ә.Наарбаев қай дерде дүниеге келді?
3. 1991 жылы 1 желтоқсанда не болып өтті?
4. Елбасының қандай әндерін білесіңдер ?
5. Елбасы жас кезінде қай жерде жұмыс істеді?
6. «Қазақстан -2030 » қанша басымдықтан тұрады?
7. Елбасының биылғы Жолдауы қалай аталады?
Y .Сабақты қорыту.
Оқушыларды бағалау ,конференция жұмысын қорытындылау.
YI. Үйге тапсырма.
Үйге тапсырма ретінде Елбасыға арнап өлең шығарып келу және «Елі сүйген - Елбасы» атты тақырыпта әңгіме құрастыру. Тәрбие.орг сайтынан Біздің елбасымыз дара –тұлға Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Толымбек сандуған Оразбекқызы

Жамбыл облысы, талас ауданы, Бостандық ауылы, "Алғабас" орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 461 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar