дәстүрлі емес сабақтар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2244
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 06/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20805


Мазмұны
I Кіріспе ..........................................................................................................3-4
II Негізгі бөлім.
2.1 Дәстүрлі емес сабақтың мәні, оқу процесіндегі сипаты.........................6-8
2.2 Дәстүрлі емес сабақтың түрлері.................................................................9-16
2.3 Оқу процесіндегі дәстүрлі емес сабақтың құрылымы.........................17-20
III Практикалық бөлім...................................................................................21-26
IV Қорытынды.....................................................................................................27
V Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................28


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде мектеп тәжірейбесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланысты іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбіне оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат әрбір сабақтың оқу тәрбиелілік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір талас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуға болады.
Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл амалдарға жататын (конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын, экспедиция) сабақтың элеметтері деп қарау керек.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін жаңа сабақ ретінде ұсынып жүрген авторлар сабақты оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формаларымен (экскурсия, конференция, семинар, консультаци ) шатастырады. Бұлар оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша формаларына жатады, сондықтан оларды сабақтан өзгеше қарау дұрыс.
И.П.Подласый «педогогика» атты оқулығында «Дәстүрлі емес сабақ» дәстүрлі құрылымы жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы» деп бағалайды.
Педоготардың дәстүрлі емес сабақтары бойынша пікірлерінде қарама қайшылықтар бар: біреклері педогогикалық ойлауда прогресс, мектептерді демокарцияландыру бағытында дұрыс қадам деп қараса, басқалары, керісінше, мұндай сабақтар педогогикалық қадамдарды қауіпті жағдайда бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтінін және оны қаламайтын жалқау оқушылардың қысымымен педогогтардың амалсыз кейін шегінуі- деп осы мәселе жайында өз көзқарастарын пікір қайшылықтарын алға тартады. Оның бұл еңбегінде көртеп таралған дәстүрлі емес сабақтың 36түрін ұсынады.
Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді.
Қорыты айтқанда оқыту жұмысын ұйымдастырудың қандай да формасын қолданбайық, сабақтар жүйесінде олардың көздейтін мақсат міндеттері, мазмұны өзара бір бірімен байланыста, бірін бірі толықтыратын жағдайда, оқушылардың білім дәрежесін нығайтып, жетілдіруде едәуір көмек етеді.
Зерттеу мақсаты: педагогикалық, ғылыми әдебиеттердегі оқыту түрлері және олардың оқу үрдісіндегі сипаты, дәстүрден тыс сабақтардың ерекшелігі туралы педагогтардың тұжырымдарын негіздеу, тиімді қолданудың маңызын көрсету.
Зерттеу міндеттері:
-ғылыми әдебиеттерге, баспасөз құралдарына шолу;
-дәстүрден тыс сабақтар туралы жинақталған материалдарды сұрыптау;
-іс-тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін материалдар даярлау,
-қорытындылау.
Зерттеу объектісі: мектептегі педагогикалық процесс
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер педагогикалық қызметте дәстүрден тыс сабақтардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, сабақ жүргізілсе онда сабақ барысында оқушылардың қызығушылық қабілетін қалыптастырады.
Зерттеу әдістері:
-дәстүрден тыс сабақ тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерттеу;
-бақылау, салыстыру, талдау;
-дәстүрден тыс сабақтарға тәжірибелік жұмыстар жүргізу;
-жинақталған материалдарды сұрыптау әдістері.
-дәстүрлі емес сабақтарды өткізу барысында көрнекіліктерді қолданудың
әдіс;
-оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылайтын
әдістер;
-педогогикалық шеберлікке жетуге көмектесетін әдіс;
-дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін өткізуде, оқушыларға тиімдірек әдісті
алу.





2.1 Дәстүрлі емес сабақтың мәні, оқу процесіндегі сипаты.
Қазіргі кезде мектеп тәжірейбесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланысты іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбіне оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат әрбір сабақтың оқу тәрбиелілік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікірталас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуға болады. Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылғы күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды,әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. [2.207-209]
Практикумдар- арқылы оқушылар тәжірейбелік, зертхана жұмыстарды өз беттерімен орындайды. Олимпиадалар аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар алдында өткізіледі. Қазір алуан түрлі олимпиадалар мен байқаулар Интернет желісінің көмегімен өткізіледі.Сабақта пәнді оқу бағдарламасынан да көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады. Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Факультатив. Ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады. Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі-оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы-оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар,экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірейбелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Интеграциялық сабақ. Пәнаралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген-сабақтың негізгі мақсаты-оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырылады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат-озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай? оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезіну керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі-мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірейбелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ. Сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданың жеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Соңынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ. Бір нәрсені санау арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары. Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі. Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы: 10минут ішінде 1-2топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мултьфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Компьютерлік сабақ. Дисплей, ЭЕМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі. Сабақ құрылымы: Үйге берілген тапсырманы тексеру 10минут;
1.Бекіту;
2.Үйге тапсырма.
Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Жұмысты мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныпен жұмыс істейді. Жаппай ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс істейді. Топта 3-6оқушы бірге жұмыстанады.
Жаппай жұмыста оқушылар бір оқу жұмысын атқарып, мұғалім нәтижелерін қорытындылап, тақырыпты түсіндіреді, оны талқылауға барлық оқушыларды қатыстырады.
Мұғалім оқушылар орындай алатын жұмыстарды тауып, пікір айтқысы келетіндердің бәрін тыңдап, әдептілік көрсетеді. Оқушы өз білгенін ортаға салып, басқалардың жауаптарын тыңдап, оларды өз білімімен салыстырады, қате, толық емес жауаптарды көреді. [1.450-451]
Жаппай –жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.
Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:
• Оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді.
• Мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой-толғаныстарын білдіреді;
• Әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;
• Мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;
• Мұғалім оқу жұмысын жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қойған жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен әскерлік байланыс болуы қажет;
• Жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты.
• Егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері көрінеді;
• Нәтижеліне жалпы баға беріледі.
Оқушылармен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері:ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірейбе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірейбе учаскесінде жұмыс, тау тастарын, минералды зерттеу, т.б. тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.
Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.
Бағдарламалық оқыту- жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі.
Ол оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді. Оқушы өз жұмысының дұрыс бұрыстығын сол сәтте тексереді. Әр оқушы мүмкіндігіне сай жұмыс істейді.
Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап жұмыс істейді, оқу іскерліктеріне үйренген соң оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істейді. Мысалы жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, құрал, аспаптар іріктеп, жүйелі іс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерін белгілеп отырады.
Жеке жұмыстарды оқушы оқу материалын өз бетімен оқи алатын болғанд ғана алады.
Танымдық іс- әрекетті топта ұйымдастыру;
Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмұнына және сипатына байланысты 2-6оқушыдан болады, одан артық оқушы болмағаны жақсы.
Кезеңдері:
• Топтық тапсырманы орындауға оқушыларды әзірлеу, оқу міндеттерін қою, мұғалімнің топқа қысқаша нұсқау беруі;
• Топта оқу міндеттерін орындау жоспарын талқылау және жоспарын жасау, міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау, міндеттерді бөлу;
• Оқу тапсырмаларын орындау үшін жұмыстану;
• Мұғалімнің бақылауы мен топтың және жеке оқушылардың жұмыстарын түзету;
• Оқушылардың бір-бірінің оқу жұмыстарын тексеруі;
• Мұғалімге нәтижелерді айту, оның басшылығымен пікір таласын өткізу, толықтыру және түзету, мұғалімнің қосымша ақпарат беруі, қорытындылар жасау;
• Топтың, сыныптың жұмысына баға беру;
• Үлгерімі әртүрлі оқушыларды бір топқа біріктіруге болады. [1.452-453]
Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайынындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерін теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шындауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты бақылайды, тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір жазады. Мұғалім кеңесшіге әдістемелік нұсқау береді.
Тапсырма бірдей де, әртүрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірейбелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауызекі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау техникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы. [1.454]



2.2 Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірейбеде көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты-оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыра, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыту процесін былай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалі оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды. Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың екі жолы бар:
Біріншісі-кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екіншісі-ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін.
Үшіншісі-қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын ала дайындық жұмыстары мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім экскурсия болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын түсіндіреді.
Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен мына мәселелер қарастырылады:
1. Экскурсияның барысы, негізі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;
2. Маршруты, қамтитын нысанасы;
3. Экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар;
4. Экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары;
5. Жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;
6. Экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
XVIIIғ. Францияның атақты ғалымы Жан Жакко Руссо балалар сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі XIX ғ. Бастап қолданыла бастады. Оны Рессейде Л.Н.Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде кеңірек пайдаланды.[4.196-197]
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтырын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлесін қосады.
Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл ой еңбегі мен тәжірейбелік біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілдерін меңгереді.
Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижелері анағұрлым артады.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттермен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті-оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету,үлгермеушілкті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді. Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат- бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі. [4.198-199]
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық лабороториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелілік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігін, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әр түрлі амал тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
1. Үй тапсырмасын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
2. Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен, олардың іс тәжірейбелерімен байланысты болғаны жөн.
3. Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
4. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
5. Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.
6. Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен танымдық қабілеттерін ескергені жөн.
7. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігіне мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
8. Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса, онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
9. Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.
Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ.
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министірлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:
I-II сыныптарда 1сағат;
III-IYсыныптарда 1,5;
Y-YIII сыныптарда 2сағат;
IX-X сыныптарда 2,5-3сағат.
Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата аналармен тығыз қарым қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.
Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыруы тиіс. [4. 200-201]
Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйқтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
Оқушылардың таным белсенділігі- оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.
Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады:сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қымыл қозғалыстары, тәжірейбелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы, т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне – оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (елестеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік)және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік) түрлері болады.
Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу, өзін өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
• Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
• Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
• Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
• Оған әсер ететін мотивтер т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен, соымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педогогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі- олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тіжірейбелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өзіндік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы; графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі; түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыстарын өткізуі (репродуктивті жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкция т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады. [4.202-203]
Репродуктивті типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау,топшылау, түрлі құбыластардың арасындағы байланыстарды салыстыра білуіне қабітілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.
Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалдарын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточка, схемалар, чертеждар, оқу карталары) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.
Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруы үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн.
Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:
• Оқушының алдын ала өз әркетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау;
• Жоспарға сәйкес амал тәсілдерді қолдана білу;
• Өз әрекетінің барысын бақылап отыру.
Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды,ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілік қатарына қосылады.
Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:
• Оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
• Жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдыңғы нәтижесіне қызығуы;
• Жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
• Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
• Оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
• Оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
• Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
• Оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
• Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
• Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
• Оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Н.К.Крупская 1934ж. Жазған «Өздігінен білім алумен шұғылданушының есіне» деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер береді:
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б) керек етеді. Ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4. Алғашқы кездерде тәжірейбелі адамдардан, кітапханашылардан кеңес, консультациялар алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
[2. 204-205]
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, бір оқығанда қайта оқып, оның негігі жақтарын жазып алу қажет. Сонымен қатар анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Н.К.Крупскаяның бұл кеңес нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын жойған жоқ.
Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде. Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру сабақтары, кітапхана сабақтары, библеографиялық конкурстар, саяси сабақтарға арналған факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдастырылған үйірмелер, арнайы ұйымдастырылған семинарлар мен лекторийлер, ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру университеті, консультациялық бюролар, жас мұғалімдер үшін «өздігінен білім алу мектебі» т.б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат- оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін арттыру.
Бұл жұмысты жоғары сынып оқушыларын өз жұмысын жоспарлауға, уақытты дұрыс (үнемді ) пайдалануға, өзіне қолайлы күн режимін белгілеуге үйретудің маңызы зор. Сол сияқты оқығанын конспектілеуге, тыңдағанын жазып алуға, өзіне керек хабарларды іздеуге, библеографиялық және анықтама материалды пайдалануға кітаппен, каталогпен жұмыс істеуге арнайы дайындау және үйрету мектептің өте маңызды міндеті болып табылады.
Ол үшін мектеп оқушыларына арнап « кітап оқу мәдениетінің негіздері» атты факультативтік сабақ ұйымдастырудың да маңызы ерекше.
В.А.Сухамлинский оқушының өздігінен, өз ықыласымен жүйелі кітап оқуын ақыл ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп санаған. «Кітап, дейді ол, балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен рөл атқарады. «Жақсы оқи білу» деңгейінің мәні неде? Бұл, ең алдымен, кітап оқудың қарапайым әдісін білу, игеру болып табылады дей келе, ол кітапты жүйелі оқудың, ең алдымен көркем әдеби шығармалардан, одан әрі ғылыми көпшілік әдебиеттерге ауысуын көп көреді. Егер адам өз өмірінде екі мыңдай кітап оқитын болса, соның жартысын балалық және жасөспірім шақта оқуға тиісті дейді.
Өздігінен білім алудың қайнар бұлағы – біріншіден кітап болса, екіншісі мерзімді баспасөз. Соған орай газетпен жұмыс істей білу – газет бетінен керек материалды таба білу деген сөз. Газетпен жұмыс әстей білу ауыр да, күрделі болумен қатар,тым қызықты да.
Оқушылар газет журналдарды жүйелі оқуға итермелейтін мотив – білімге деген құштарлық, қызығу. Газет оқуға олардың ынта ықыласын арттыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар беріп отыруы қажет. [2.206-207]



2.3 Оқу процесіндегі дәстүрлі емес сабақтың құрылымы
Сабақтың тиімділігіне бір бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді:мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігіне санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу- нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар:диогностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне «икемдейді», жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады.[8.454-455] Мұғалім балалардың мүмкіндіктерін, іс әрекетінің және мінез құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін,оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірейбеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және түзетуге кететін уақытты мұқият талдайды.
Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
• бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
• бағдарлама,әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік,тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою;
• тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;
• негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;
• сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс тәсілдерін белгілеу;
• тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;
• сабақтың барлық кезеңіне мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;
• сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диофилмьдерді, суреттерді, плаккатарды,карточкаларды,сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;
• техникалық оқыту құралдарын тексеру;
• мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
• сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;
• білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;
• білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау.білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;
• үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеп, оны орындау әдістемесін табу;
• сабақтың қорытындысын шығару әдіс тәсілдерін білу;
• тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;
• сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.
Жобалау-бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100%деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді.
Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі обьектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді. Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі. Экскурсияға баратын топтарда 10оқушыдан 40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут.
Практикумдар арқылы оқушылар тәжірейбелік, зертхана жұмыстарды өз беттерімен орындайды. Олар оқу курстарының ірі білімдерін оқыған соң өткізіледі, сонымен қатар теориялық материалды тәжірейбеде көрсету үшін де өткізуге болады.
Практикум 2-3апта өтеді. Мұғалім сыныпты екі үш оқушыдан тұратын топтарға бөледі. Әрбір топ бір біріне ұқсамайтын зерханалық және тәжірейбелік жұмыстарды арнайы сабақ кестесі бойынша орындайды.
Практикум өткізер алдында кіріспе дәріс және нұсқау берілетін сабақ өтеді. Практикум кезінде оқушылардың тірек білімдерін жаңғырту тәсілдері қолданылады.
Оқушылардың іс әрекетін басқару құралдары: жұмыс істеу ережелерін, қажетті материалды қайталату; зертханалық жабдықтарды суреттеу; оның қалай жұмыс істейтінін, тапсырмаларды орындау тәртібін айту, тақырып бойынша бақылау сұрақтарын және қосымша әдебиеттердің тізімін жасау.
Жұмысты алгоритм бойынша істегенмен, шығармашылық, зерттеу жұмыстарын да жүргізуге болады. Белгілі бір заңдылықтардың, теориялардың шындыққы сәйкестігі тексеріледі. Тұрақты шамалар өлшенеді.
Практикум кезінде оқушылар шығарамашылық сипаттағы тапсырмаларды орындайды; химиядан тәжірейбе өткізеді, сызба жұмыстарын жасап, физикалық, биологиялық, әлеуметтік, тарихи, фенологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Бірінші тәжірейбелік сабақтың құрылымы:
• Практикумның тақырыбын және мақсатын мұғалімнің хабарлауы;
• Оқушыларға керекті білімдерді олардың естеріне түсіру;
• Оқу жұмысына ынталандыру, нұсқаумен таныстыру;
• Керекті жабдықтар мен материалдарды іріктеу;
• Оқушыларға жұмысты орындағаны туралы есепті құрастыру;
• Алынған нәтижелерді талқылап теориялық тұжырымдар жасау;
• Нәтижелерін қорғау;
• Іс әрекетті талдау,
Практикумдар әдетте жоғары сыныптарда өтеді, бірақ бастауыш сыныптарда қысқа мерзімді зертханалық және тәжірейбелік тапсырмалар орындатуға болады.
Пәндік үйірмелер, шеберханалар, зертханалар
Сабақта пәнді оқу бағдарламасынан да көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады. Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылық ететін пән мұғалімі. Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын тереңдетіп оқып, атақты ғалым, жазушылардың, басқада қайраткерлердің өмірі мен қызметтерімен, ғылым және техниканың жаңа жетістіктерімен танысып, ғалымдардың мерейтойына, ғылыми жаңалықтарға арналған кештер өткізеді, техникалық модельдер жасап, биологиядан тәжірейбе жұмыстарын жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырылады.
Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар ұйымдастырылады, олар үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс шаралар, байқаулар мен олимпиадалар өткізеді.
Кеңестер оқушыларға жеке тақырыптарды, бөлімдерді түсіну үшін беріледі.
Кеңес кезінде оқушылар сұрақ береді, өздері жауап беруге тырысады, мұғалімнің не шақырылған мамандардың берген түсініктерін тыңдайды.
Ол сыныпқа, топқа, оқушыға беріледі.
Олимпиадалар және байқаулар:
Олимпиадалар аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар алдында өткізіледі.
Қазір алуан түрлі олимпиадалар мен байқаулар Интернет желісінің көмегімен өткізіледі.
Балардың техникалық шығармашылығына арналған көрмелерде оқушылардың ең жақсы жұмыстары көрсетіледі.
Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйленуге әзірленеді.
Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады.
Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес береді.
Конференцияның ұзақтығы 1-2сағат. Бірнеше баяндама оқылады. Баяндаманы оқуға 7-10минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын пікірлер айтады және қосымшалар енгізеді. Конференция соңында мұғалім қорытындылып, баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтіреген, әдеби деректермен шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады.
Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап,өз пікірлерін айтады. Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі.
Факультатив. Ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады. Факультатив сабақ пен сабақтан тыс жұмыстары байланыстырады, пәнді оқудан оған сәйкес келетін ғылымды оқу басталады.
Білімдік міндеттер бойынша факультативтерде негізгі оқу пәндері терең оқылып, риторика, логика, шет тілі сияқты қосымша пәндер оқылады, мамандық беріледі.
Факультативтер теориялық және тәжірейбелік түрде де өте алады.
Оқушылар факультативтерді өздері таңдап алады, сондықтан олардың іс әрекеті белсенді. Факультативтерге қызықтыру үшін мұғалім көкейкесті тақырыптарды, оқушыларға ыңғайлы іс әрекет түрлерін таңдап, олардың ақыл ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін дамытатын құралдарды қолдану керек.
Сабақты талдаудың мақсаты:
• Оқушыларың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.
• Мұғалімге нұсқаулар беру.
• Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу.
• Мұғалілнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты өткізу деңгейлері:
• Жақсы:мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі;
• Өте жақсы:мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі;
• Орташа:оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы;
• Төменгі: оқушылардан өткен тақырыпты сұрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру. Оқушылардың танымдық іс әрекеті аз, белсенділіктері төмен. [8.458-463] Тәрбие.орг сайтынан дәстүрлі емес сабақтар Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тасмагамбетова Гулдария Галымовна

Ақтөбе облысы, Кобда ауданы Иманғали Білтабанов атындағы орта мектеп математика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar