Дарабоз танымдық сайысы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 296
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 15/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20529


« Дарабоз » танымдық сайысы

Құрметті ұстаздар,оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан математика, физика, информатика пәндерінің апталына қош келдіңіздер!
Өскелең өмірдің жас жеткіншегін тәрбиелеу, үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге ілтипатты болуға баулу – ерекше еңбекті қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің ертеңі бүгінгі жастар қолында болары сөзсіз. Сол себепті қазіргі уақытта білім мен тәрбиеге қойылар талап жоғарыламақ.
Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдауға, білімге деген қызығушылығын арттыруға сыныптан тыс шаралардың маңызы зор.
Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 9 – 10 – 11 оқушылары аралығында өтілетін « Дарабаз » танымдық сайысына қатысатын оқушылармен таныстырып өтейік. Сайысқа 6 оқушы қатысады. Оларды қошеметпен ортаға шақырайық.
11 «б» сынып оқушысы –
11 «в» сынып оқушысы –
10 «б» сынып оқушысы –
10 «в» сынып оқушысы –
9 «б» сынып оқушысы –
9 «в» сынып оқушысы -
Сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл – дей отырып физика пәнінің мұғалімі – ( ) және математика пәнінің мұғалімі есепші ( ).
Ал, енді «Дарабоз» танымдық сайысының жоспарымен таныс болыңыздар.Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:
1 – тур « Бәйге »
2 – тур « Жорға »
3 – тур « Дода »
4 – тур « Жекпе – жек »

Олай болса 1 – тур «Бәйгеге» кезек берейік.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз.
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз, - дей отырып қане сайыскерлер дайын болсақ сайысымызды бастайық.Сайыстың бұл бөлімінде математика, физика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.Соңында ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.

1) Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?

2) Арифметикалық прогрессияның n – ші мүшесінің формуласы?

3) Жылдамдықтың өлшем бірлігі?

4) Атом құрылысын анықтаған ғалым кім?

5) Информатика өлшем бірліктерін ата?

6) Ауқымды желіге қосылу құрылғысы?

7) Ньютон – Лейбниц формуласы қандай?

8) Архимед заңы қалай тұжырымдалады?

9) Вирусты кері жоятын программа.

10) Диффузия дегеніміз не?

11) Принтер дегеніміз не?

12) Ұшбұрыштың қандай түрлері бар?

Құрметті әділ – қазылар осы 1 – тур бойынша ұпай саны аз бір оқушыны атасаңыздар.Қошемет көрсетіп сайыскерімізді шығарып салайық.
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Лезде шешіп тастайық, деп келесі « Жорға » деп аталатын турымызды бастайық.Алдарыңда бес ұяшық берілген, осы ұяшықтағы сұрақтарға жауап береміз.Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.

1 2 3 4 5

1- ұяшық: Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал
не деп аталады? ( компьютер)
2 – ұяшық: Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
3 – ұяшық: Заттың неше күйі бар, оларды ата?
( 3 күйі бар, қатты сұйық, газ)
4 – ұяшық: Ньютонның бірінші заңы қалай айтылады?
5 – ұяшық: Компьютердің ақыл – ойы, ең басты бөлігі. ( процессор)

Бұл 2 – тур бойынша ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады.
Ойыннан жеңілсеңде, өмірден жеңілме деп қошеметпен оқушыны шығарып салайық.

Ең қиыны жарыстың « Дода » келді,
Мықтыларды қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Бұл сайыста сайыскерлерге математика, физика, информатика пәндерінен 20,30,40 ұпайлармен бағаланатын сұрақтар ұсынылады. Ойынды ұпайы аз оқушы бастайды.Осы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

Ең, ең ... 20 20 20

Есеп білгеннің ... 30 30 30

1001 мақал,
101 жұмбақ 40 40 40


Ең, ең ... сұрақтары.
Бұл бөлімде ИФМ тарихынан сұрақтар қойылады.

20 ( сол жақтағы )
Ең алғашқы математик әйел кім? (София Ковалевская )
20 (ортадағы )
Ең алғаш ғарышқа сапар шеккен Қазақстандық ғарышкер кім? ( Тоқтар Әубәкіров )
20 ( оң жақтағы )
Ең алғашқы электрондық машина қалай аталды? ( ENIAC )

Есеп білгеннің ...
30 ( сол жақтағы )
Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тесті. Айдар қағазды жазған кезде парақта неше тесік шығады? ( 32 тесік)

30 (ортадағы )
Алматыдан шыққан автобус Сарыөзекке дейінгі 180 км жолды 2,5 сағат жүреді. Автобустың қозғалысын бірқалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын анықта.
( 72 км / сағ )

30 ( оң жақтағы )
______________ теңдеуін Бейсик тілінде өрнекте.

1001 мақал, 101 жұмбақ.

40 ( сол жақтағы )
Мақал: Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар.

Жұмбақ: Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі,
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

40 (ортадағы )
Мақал: Досыңның мың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.

Жұмбақ: Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. ( Меңзер )


40 ( оң жақтағы )
Мақал: Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Жұмбақ: Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін. ( ток )

Осы 3 – турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.Бұл сайыскерлерімізді де «ойыннан жеңілсеңде , өмірден жеңілме» деп қошеметпен қол соғып шығарып салайық.

Шапшаң ойлау мен біліктілікті талап ететін ойынымыздың келесі туры – « Жекпе – жек » сайысын бастаймыз. « Жүйріктен де жүйрік бар оза шапқан » дегендей екі сайыскеріміздің бірі жеңімпаз атанып жұлдызы жарқырай жанатыны белгілі.Олай болса ойынымызды бастаймыз.Құрметті әділ – қазылар бұл турда сұрақтар 10 ұпаймен бағаланады.

1 – оқушы:

1) Кесіндіні өлшейтін аспап қалай аталады?
2) Компьютердің миы.
3) Түзу дегеніміз не?
4) Физика сөзі қандай мағына береді?
5) Ток күшінің өлшем бірлігі
6) Sin 45 мәні нешеге тең?
7) Ақпарат сөзі қандай мағына береді?
8) 1 км – де қанша метр бар?
9) Физикалық құбылыстарды ата?
10) Терезе дегеніміз не?

2- оқушы:

1) Қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?
2) Компьютерді іске қосу батырмасы?
3) Есепшот Ресейде Қай ғасырда пайда болды?
4) Функция сөзінің баламасы?
5) Әріптік – сандық ақпаратты енгізу құрылғысы не деп аталады?
6) 2 дәрежесі нешеге тең?
7) 1кПА – да неше Паскаль бар?
8) саны неге тең?
9) Ток күшінің формуласы қалай жазылады?
10) Алгоритм негізін салған кім?

Соңғы « Жекпе – жек » сайысы бойынша ұпайы аз оқушыны қошеметпен шығарып салайық.

Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық,
Математика,информатика, физика,
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне.
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де.
Мүмкін емес бұл пәндерсіз түсіну.
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың.
Қиындықтан өткізер, - деп соңғы сайысымыздың қорытындысы бойынша « Дарабоз » атанған оқушыны құттықтап, мақтау қағазбен марапаттауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие.орг сайтынан Дарабоз танымдық сайысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шуиншибекова Аида Таласбековна

ОҚО Түлкібас ауданы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі физика - информатика

Пікірлер: 0

avatar