Денсаулық-зор байлық

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 349
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 14/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21005


«Денсаулық – зор байлық»
әңгіме
Мақсаты: Денсаулықты сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жастар
арасында темекі шегушіліктің, жаман әдеттің алдын алу, кітаптарды
насихаттау.
Кітапханашы:
Денсаулықтың арқасында біздер – өмір қызығын көріп, оқу оқып, күліп-ойнап жүрміз. Бір жеріміз ауырса, көңіл қошымыз болмай, ойнап-күлгіміз келмей қалады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дегендей, мықты денсаулықлықтың кепілі, әрине, салауатты өмір салты. Бұл ұғымға көп нәрсе кіреді: жақсы мінез-құлық, тазалық, дұрыс тамақтану, денешынықтыру белсенділігі, жаман әдеттен аулақ болу. Денсаулықтарыңызды күтіп, жаман әдеттен аулақ болыңыздар. Спортпен айналысып, денсаулықтарыңызды шынықтырыңыздар!
Елбасымыз «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау» деп атап өтті. Денсаулығы мықты, білімді ұрпақ – ел ертеңі екенін ұмытпаңыздар. Атам қазақ ежелден «тазалық –саулық кепілі» екенін білген. Баланы нәресте кезінен тазалыққа үйретіп, бесікке бөлеген, «Ауру-астан» деп, дұрыс тамақтануға шақырған.
Енді осы тақырыпта әңгіме өрбітсек.
1. «Тазалық – саулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Неліктен «Денсаулық – зор байлық» дейміз?
3. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп нені меңзейді?
4. «Салауатты – өмір салтын» қалай түсінесің?
5. Денсаулықты не нәрселер бұзады?
6. Нашар мінез денсаулықты бұза ма?
7. Денсаулықты нығайту үшін не істеу қажет деп ойлайсың?
8. «Ел ертеңі – дені сау ұрпақ» дегенді қалай түсінесің?

Рахмет, балалар! Көп біледі екенсіңдер. Бақытнұр апайларыңа сөз береміз.
Ертеңгі күнді бүгіннен ойлау керек, өйткені жоғалтқан денсаулықты, уақытты кері қайтара алмайсың. Қазірден денсаулықтарыңызды сақтап, жаман әдеттен аулақ болыңыздар. Болашақтарыңыздың жарқын болуына тілектеспін! Сіздердің назарларыңызға «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында кітап көрмесін ұсынамын.

Кітап көрмесі
І. Спорт – денсаулық кепілі.
Нақыл сөз: «Денсаулық - зор байлық»

1. Қазақ спортының саңлақтары.-Алматы: Білім, 2007.- 272 бет+48 бет суретті.
Халқымыздың біртуар спорт шеберлері туралы кітап сідердің өмірлеріңізге үлгі болады деп ойлаймын.
2. Қ.Рысбекұлы Сұрмерген: Деректі хикаят.- Алматы:ЕР-Дәулет, 1999.-320 бет,12 бет суретті.
Көгалдағы хоккейден спорт шебері Берікқазы Сейсенбаевтың спорттағы жетістіктері, жеңіс жолында жеңе білген қиыншылықтары туралы кітап өз оқырмандарын табады деп ойлаймын.
3. М.Барманқұлов Армысың Алатау, Есенбісің Эверест.-Алматы:Қазақстан, 1989.- 144 бет, 16 бет суретті.
Биік шың бастарын бағындырған Қазақстандық ержүрек альпинисттердің қиын да қызықты өмір жолдары суреттелген.
4. АЗИАДА КZ Менің елім. –Алматы, 2010.- 26 бет.
Елімізде өткен 7 қысқы Азияда ойындар туралы, қысқы спорт түрлерімен танысасыздар.
5. Топжарғандар туралы толғау //Егемен Қазақстан 2012ж., 6 желтоқсан,10 бет.
С.Пірназардың спорт туралы кітабына шолу.
6. Р.Букирова. Шаңғы спорты//Атамекен-ай 2012 жыл, №5, 25 бет.

ІІ. Ауырып ем іздегенше...

Нақыл сөз:
1. Р.Мұратбаев. Халық денсаулығы – мемлекет байлығы//Атамекен-ай 2012жыл, №9, 23 бет.
2. Денешынықтыру белсенділігінің денсаулыққа әсері және созылмалы емес аурулардың алдын алуға арналған ұсыныстар.- Алматы: ҚР Ғылым және Білім Министрлігі ұсынған әдістемелік құрал.
3. Тағам өнімдері көмегімен Қазақстандағы теміртапшылығы анемиясының алдын алу.- Алматы: ҚР Ғылым және Білім Министрлігі ұсынған әдістемелік құрал.
4. Балаларға адам тұмауын және жоғарғы патогендік құс тұмауының алдын алу әдістерін үйрету бойынша практикалық құрал.- Алматы: ҚР Ғылым және Білім Министрлігі ұсынған әдістемелік құрал.
5. Диабетсіз өмір сүрейік! / буклет

ІІІ. Жаман әдеттен аулақ болайық.
Нақыл сөз: «Темекі шегу - зиянды әдет»
Абай
1. Нашақорлық пен маскүнемдік – қоғамға төнген қауіп. Наркологиялық диспансердің жоғарғы санатты дәрігері И.Кеңесбековамен сұхбат// Егемен Қазақстан 2012 жыл, 21 қараша, 8 бет.
2. СПИД-тен қалай қорғану керек// буклет
3. Сенің қалауың. Сенің денсаулығың - өз қолыңда: 9-11 сыныптарға арналған танымдық кітапша.- Алматы: Раритет, 2007.- 55 бет.
Кітапшаға арақ, темекі, нашаның зияны туралы айтылған.
4. Темекі шеккенің - өзіңді құртқаның/ 5-8 сыныптарға арналған танымдық кітапша.-
Алматы: Раритет, 2007.-50 бет.
5. Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, темекі шегіудің және ішімдік ішудуң алдын алу жөнінде ата-аналарға арналған әдістемелік құрал.- Алматы: Раритет, 2007.-58 бет.

Балалар көрдіңіздер ме, денсаулық мықты болу үшін барлық нәрсеге көңіл аудару керек екен. Ол қандай нәрселер, қане кім не ұқты? Көрмедегі кітаптар сіздерге қандай ой салды?
Иә, адамның мінез-құлқы да, тамақтану әдеті де, табиғат тазалығы да, өз жеке бас тазалығымыз да, денсаулығымыздың нығайуына әсер етеді екен.
Әрқашан денісау, әдемі болудың ең жақсы тәсілі – денсаулықты бала кезден сақтау. Салауатты өмір салтын ұстану. Денсаулықтарыңды қазірден нығайтып, тәндеріңізді шынықтырыңыздар! Рухани байлық - денсаулықтың негізі, кітап оқыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Денсаулық-зор байлық Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акбаева Жанна Аскаровна

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылы Қарашоқы орта мектебі КММ кітапханашы

Пікірлер: 0

avatar