«ЭКСПО-2017»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 239
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 24/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23195


«Жаһандану бастамаларындағы Қазақстаның ролі»
тақырыбы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесінің нәтижелері бойынша өткізілген

Дөңгелек үстел.

Тақырыбы: «ЭКСПО-2017»

1. Көп жылдық тарихы бар ЭКСПО көрмесінің техникалық және технологиялық жетістіктеріне, оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету. Көрменің біздің елге экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына қосқан жаңа үрдістерін ашып көрсету.
2. Болашаққа деген сенімдерін нығайту, ЭКСПО туралы мәліметтер беріп, білімдерін одан әрі дамыту. Сипаттау мен анализдеу дағдыларын қалыптастыру, өзіндік шешім мен тұжырымдар жасай білу, оны ауызша және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру.
3. Елімізде өткен ЭКСПО-көрмесі туралы қоғамдық пікірге тоқтала келе, оны өткізу елдігіміз бен халқымыздың абыройын көтеретін халықаралық көлемдегі шара екендігін айтып, патриоттық тәрбие беру, елін сүюге, елі үшін мақтаныш сезімін тудыру.

Көрнекілігі: көрме, газет-журнал материалдары, баяндамалар, слайдтар, ғаламтор мәліметтері.

Дөңгелек үстелдік барысы: 1. Баяндама «Экспо – 2017»
2. Сергіту сәті
3. Сұхбаттасу

Жүргізуші:

«Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның аяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік, қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік» деп елбасы Н.Назарбаев айтқандай, Қазақстанда өткен ЭКСПО көрмесі, өзім үшін де, сіздер үшін де, жалпы халқымыз үшін де, Отанымыздың жетістіктері үшін мақтаныш сезімін оятты.
Дүниежүзілік көрме (ағылшын. World's fair) немесе ЭКСПО (EXPO) индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшін ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. Бірінші дүние жүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонның таза шыны мен болаттан тұрғызылған хрусталь сарайы болды.

Дөңгелек үстелімізді «ЭКСПО-2017» бейнефильм көруден бастайық

Жүргізуші:
Дүние жүзілік көрменің Астанада өтуі және көрме өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. ЭКСПО сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзінің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу өте зор құрмет.

1) Баяндама: «ЭКСПО-2017»

Жүргізуші: Алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд-паркте өткізген уақыттан бастап 166 жыл толыпты. Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқамы, жалпы-саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиға болып табылады. Олардың басты мақсаты - жаңа ғылыми техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.

Сонымен бүгінгі дөңгелек үстеліміздегі талқыланатын сұрақтарға назар аударайық:

1. EXPO-дүниежүзілік көрмелер тарихы және оның екі түрін атаңыз?

Жүргізуші: «EXPO» - дүниежүзілік көрмелер онда дүние жүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістерін көрсетеді.
EXPO-ға қатысу туралы шешім үкіметтер тарапында қабылданады, ал оған қатысушылардың саны 195 ел, 40-45 млн. адамды құрайды. Халықаралық Көрмелер Бюросы Парижде 1928 ж. 22 қарашада құрылды. Сондықтан оның штаб-кәтері - Париж қаласында орналасқан.
Қазір халықаралық көрмелер бюросының ұйымына 157 ел қатысады.
EXPO көрмелері екі түрге бөлінеді.
- Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебаб) 5 жылда бір рет, ұзақтығы - 6 ай, ауданы-шектелмеген, тақырыбы - барлық қатысушылар үшін ортақ;
- Халықаралық танылған көрме (мамандарылған) екі жылда бір рет ұзақтығы 3 - ай. ауданы 25 га тақырыбы, тақырыбы: -мамандырылған.

2. Қазірдің өзінде 66 көрме өткізілді. Сол Халықаралық көрмелер Бюросының мұралары қандай?

Жүргізуші :
Дүниежүзілік көрмеге арнайы салынған ғимараттар:
Эйфель мұнарасы
Хрустальды сарай
Атомиум
Спейс Нидл
Патшалық көрме орталығы
Хабитат 67

1. Эйфель мұнарасы - Париждің ең танымал сәулеттік туындысы. Әйгілі құрастырушы Густав Эйфельдің атымен аталған. (1889ж.) биіктігі 324 метр.

2. Хрустальды сарай - 1851 жылы Джазеф Пакстон таза шыны мен болаттан салған хрусталь сарайы. 1936ж. өртеніп кетті.

3. Атомиум-Брюссельдің назар аударарлық ғимараттардың бірі. 1958 ж. салынған. Атом ғасыры және атом қуатының бейбіт қолдануының нышаны ретінде, сәулетші Андрэ Ватеркейнмен жобаланып, Андре және Мишель Полаков құрастырған.

4. Спейс-Нидл (ағымш. - ғарыш инесі) – Сиэтл (АҚШ) қаласының ең танымал ғимараты. 1962ж. салынған. биіктігі 184,41м.

5. Хабитат 67. Монреальдағы (Канада) тұрғын үй кешені, сәулетші Моше Сафдимин салған. Куб осы ғимараттың негізі ретінде пайдаланған. Бір-бірінің үстіне салынған 354 куб, сұр түсті, 146 пәтерлі ғимарат.

6. Патшалық көрме орталығы. Австралияның Мельбурн қаласында 1886 ж. ашылған.

Ол мұраға біздің «Нұр әлем» атты шар да кіретініне сенімдімін.

3. Астана ЭКСПО-2017 көрмесі беделінің жаһандық дәрежеде ерекше танылуына оның «Болашақтық энергиясы» атты заманауи тақырыбының маңызы неде?

Жүргізуші:

Бұл тақырыптық маңызы – бүгінгі күні адамзаттың ең өзекті проблемасына айналған табиғи қуат көздерін тиімді пайдалану және балама қуат көздерін ашу мәселесін көтеруде болып отыр. Ендігі кезеңде бүкіл әлем «жасыл экономика» және экологиялық қауіпсіз даму сияқты тың бағытқа бетбұрыс жасауда.

4. Көрме аясында қандай мәдени және халықаралық шаралар өтті.

Жүргізуші:
Күн сайын елордада төрткүл дүниенің түкпір – түкпірінен жеткен түрлі мәдениеттің әуені мен нақышына бөлініп тұрады. Астанада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым мен технологиялар жөніндегі саммиті өтті.
- ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапары
- Қазақстан – Америка бизнес форумы өтті. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс шаралар өткізілді.

Жүргізуші:

Енді дөңгелек үстеліміздің 2 кезеңіне өтейік. Миға шабуыл жасап «Кім жылдам» атты турнир өткіземіз.
«Кім жылдам» сұрақ-жауап өткізу:

1. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі қашан болды? (10 маусым 2017-10 қыркүйек 2017ж.)
2. Дүниежүзілік көрменің қанша жылдық тарихы бар? (166 жыл)
3. Дүниежүзілік көрме ең алғаш қай жерде болды? (1851жыл, Англия, Лондон)
4. Дүниежүзілік көрме АҚШ-та қанша рет болды? (18 рет)
5. ЭКСПО көрмесіне қанша ел қатысты? (Елордада өткен ЭКСПО - 2017 көрмесіне әлемнің 115 мемлекеті мен 22 халықарлық ұйымының жоғары лауазымды қонақтары арнайы келді)
6. ЭКСПО 2017 көрмесінде қанша адам көрермен болды?
(үш айда көрмеге 2 млн. адам келеді деп жоспарланса, көрме жалауы желбіреген күндері мұнда 3 997545 млн. адам келген)
7. Дүниежүзілік көрме Парижде қанша рет болды? (9 рет, 1855,1867, 1878, 1889, 1900, 1908, 1925, 1931, 1937. )
8. ЭКСПО - 2017 қанша күнге созылды? (93 күн)
9. 9. ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы не? «Болашақтың энергиясы?»
10. 2020 жылы көрме қай жерде өтеді? (Дубай, Б.А.Ә)
11. Көрмені өткізу үшін бақ сынасқан мемлекеттер? Б.А.Ә. қоспағанда.....(Аюттхая (Тайланд) Измир (Туркия( Сан-Паулу (Бразилия) Екатеринбург (Ресей )
12. Қазақ жерінде өткен халықаралық шараға дүйім жұрт атсалысты. Жоғарыда деңгейдегі көрме ТМД елдері арасында алғаш рет өтті. Бас павилон «Нұр әлем» расында әлем назарын өзіне аударып, жұртшылық қызығушылығын арттырған. Павилонға келушілердің саны күніне қанша мыңға жуықтады? (28 мың)
13. ЭКСПО-2017 көрмесінің ең басты символы? (көрменің ең басты символы –«Нұр әлем» деп аталатын шар. Диаметрі 80, биіктігі 100 метр болатын шар тәріздес мұндай ғимарат жер жүзінде жоқ. )

Жүргізуші:

Енді дөңгелек үстеліміздің ең қызық ең әсерлі кезеіне келдік. Көрмедегі О.Қ күндерінде біздің оқу орнынан бір топ оқытушылар мен оқушылар көрмені тамашалауға барды. Соларды ортаға шақырып өз әсерлерін есітейік.
(Суреттер көру)

Жүргізуші:
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғанан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды. Тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды.
Тарихқа көз жүгіртсең ЕКСПО дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азяның солтүстік шығысында Еуропа мен Солтүстік Америкасында өткізіліп келген екен. ТМД елдерінде тұңғыш рет –Қазақстанда Астанада өткізілді.
Дөңгелек үстеліміздің ең шешуші 3 кезеңі – 21 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының онкүндігі кезінде Экспоға барған оқытушылар мен оқушылар өздерінің пікірлерін, әсерлерін бөлісу үшін шақырамыз.
1. Алмабеков Бақдаулет.
2. Жунисов Асхат
3. Саржанов Самат
4. Мейірбекова Қызылгүл
5. Сейдахметов Батыр
6. Тазабеков Базарбай
7. Ерханова Камшат
8. Жақсылыкова Гулнұр 3-кәсіп.
9. Байбеков Өмірбек 2-механ.
10. Нуртазин Мақсат 2-вет.
11. Нысанов Шыңғыс 2- механик
12. Үндібаев Жәнібек 3-электр
13. Ермахан Азамат 4-электр
14. Байбеков Дастан 2-механ.
15. Сыздықов Мадияр 4-электр.

Қорытынды:

«ЕКПО – 2017» тәуелсіз қазақ елінің алтын әріптермен жазылатын дастаны болмақ. Ал ел шежіресі әрбір жеке адамның тарихынан құралады. Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері ел тұрғындарының өлшеусіз еңбегінің арқасы.
Дөңгелек үстелге қатысқандарыңызға рахмет!

ЕХРО көрмесінің –жаһандық маңызы

Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз.
Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке- Қазақстан. Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды.Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді»
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардыңөтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Қазақстан экономикасы соңғы жылдары ақиқатында да зор даму биіктеріне шықты. Лондон қаласында өткен соңғы Олимпиадада Қазақстанның Көк байрағы ондаған рет көтеріліп, дүние жүзін жас егемен елдің ерен жеңістеріне тәнті етті.Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді.Енді, міне, XXI ғасырдың ғажайыбы атанған Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтті. Осы жаһандық шараны өткізу барысында Қазақстан Республикасы тағы да үлкен қырларынан танылды. Қазақ елі төрткүл дүниеден келген қонақтарға өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени зор жетістіктерін паш етті. Қарашаның 22-сінде Франция астанасы Париж қаласында Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы өтіп, онда әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын Астанаға алып берді. Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-мемлекеті Астананы қолдап, 44-і қарсы дауыс берді. Осылайша Белгияның Льеж қаласымен бәсекеге түскен Қазақ елі астанасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. 2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болды. Халықаралық «EXPO» көрмесінің Астанада өткізілуі – жаһан жұртшылығыныңҚазақстанды мойындай білгендігінің белгісі.
Ұсынылып отырған 2017 жылы халықаралық «EXPO» көрмесі Астанада 3 айға – 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылды. Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 халықаралықұйым қатысты, көрмеге 4 миллион адам келді. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болды. [1, 8-9б.].
Нұрсұлтан Назарбаев. Экспо бұл - тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық сахнадағы еңүлкен жетістігі!
Шынында, «ЭКСПО - 2017»-мен ауқымы жөнінен елімізде өткен ешқандай іс-шара деңгейлесе алмайды. «ЭКСПО - 2017» қазақ елінің бұрын-соңды болмаған ең ірі «имидж-жобасына» айналды. Қазақстан Президенті «ЭКСПО» енді бес жылдан кейін қайда өтеді?» деген сауалдың жауабын адамзат бүкіл әлем болып іздегендігін айтады. Себебі Халықаралық көрмелер бюросына дүниежүзіндегі 161 тәуелсіз мемлекет мүше, сайлауға сол елдердің барлығы қатысты. «Олардың барлығы Қазақстанның қайда екендігін, Астананың не екендігін талқылады, олардың барлығы өз таңдауларын білдіру үшін біздің еліміздегі ахуалды саналы түрде зерттеді. Олардың барлығы ақыр соңында осынау жаһандық ауқымдағы көрмені өткізуді Қазақстанға, Астанаға саналы түрде сеніп тапсырды» деп түсіндірді Елбасы.[2, 6-7б.].
Рас, «ЭКСПО»-ны өткізу үшін ел бюджетіне біраз шығын шығаруға тура келді. Ал «ЭКСПО» Қазақстанға қандай пайда берді?
- Біріншіден, әлемнің осыншама елінің Қазақстанды «ең лайықты» деп тануыныңөзі өте маңызды, - дейді Мемлекет басшысы.
- Екіншіден, 100-ден астам ел Астанада өз павильондарын салу үшін келді.
-Үшіншіден, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне біз ұсынған «Болашақтың қуаты» ұраны негізінде елордамызға жаһандағы мемлекеттер өздерінің жаңа технологияларын жеткізді, паш етті. Іс жүзінде ІІІ-индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталды. Бұл ретте қай елде «жасыл экономика» болса, соның қолында жаңа технологиялар бар. Ал жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни «ЭКСПО - 2017» Қазақстан үшін экономикалық дамудың түбегейлі жаңа бетін ашудағы бетбұрыс бекетіне айналды!
EXPO өткізу кезінде Астана қаласы дүниенің әр бұрышынан келген әр түрлі мәдениет үндеріне толды. Күн сайын көрме аумағында концерттер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтті.Туристтер мен көрмеге қатысушылардың көп саны оларға қызмет көрсетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашты. Өйткені келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауыққажет болды. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болды.Студенттар мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл көрме өзге тілдерді үйренудегі тіл жаттықтыруға, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндіктерін берді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, дүниежүзінде дағдарыстың жалғасып, ал әлем елдерінің қиындық кешіп жатқандығына қарамастан, Қазақстан өз халқының өмірін жақсартып, әл-ауқатын арттырып келеді.
Иә, кезінде Парижге – Эйфель мұнарасын, Лондонға – Хрусталь сарайын сыйлаған, ал Венаға әлемдегі ең үлкен мұнарасы бар павильон тұрғызған дүниежүзілік көрме Астанада өтті. 2017 жылы егемен еліміздің елордасында өткен бұл өркениет көрмесі шындығында да ғажап құбылыс. Ал ЭКСПО көрмесін өткізу – беделімізді асқақтатар тағы бір осындай үлкен шара болды. Әрине, төрткүл дүние көз тіккен халықаралық шараны абыроймен өткізу біз үшін зор мақтаныш, биік белес екені сөзсіз. Ендеше, осы ұлы шараны ұялмай өткіздік деп айта аламыз.
Тәуелсіздік тарихы қазақ елінің алтын әріптермен жазылатын дастаны болмақ. Ал ел шежіресі әрбір жеке адамның тарихынан құралады. Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері ел тұрғындарының өлшеусіз еңбегінің арқасы.
Әдебиеттер тізімі
1. «ЭКСПО-2017 көрмесі-елдіктің ерен жеңісі» 01.10.2013ж// Егемен Қазақстан газеті.
2.Бірінші Назарбаев оқулары “ Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” 17.11.2013// Қазақстан жаңалықтары ҚазАқпарат газеті Тәрбие.орг сайтынан «ЭКСПО-2017» Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шампиева Гульнар Айдаровна

ОҚО Мақтарал ауданы пос.Атакент Мақтарал аграрлық колледжі Тарих пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar