Екі жұлдыз бағдарламасы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 310
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 18/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20094


«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» кешенді ән байқауы
Мақсаты: Мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуалды мәдениет пен сыни ойлауды қалыптастыра отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру;
Өтетін мерзімі:
Өтілетін орны: Мәжіліс залы
Салтанатқа шақырылатын қонақтар:
Өткізілу орнының безендірілуі: шарлар,баннер,интерактивтік тақта;
Салтанатты жиынның өткізілу барысы
Фанфар.Қазақша бимен ашылады.
Жүргізушілер шығады

1ж: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен сайысқа қатысушылар!
2ж: Тәуелсіздік күнінде
Көкбайрағы – көгінде,
Тектілігі – тегінде!
Бірлігімен тұтасып,
Жеткен азат өмірге.
Тұғырлы елім, рухты елім,
Той боп жатыр төріңде!,-демекші Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және де Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылып отырған "ЕКІ ЖҰЛДЫЗ" байқауына Қош келдіңіздер!
1ж:Бүгінгі "ЕКІ ЖҰЛДЫЗ" кешенді ән байқауы мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуалды мәдениет пен сыни ойлауды қалыптастыра отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында өткізілгелі отыр.
2ж: Олай болса,сайысқа қатысқалы отырған жұптарымызды ортаға шақырайық.(жеке-жеке)
№ Елжанов Қуанышбек – Ерімбетов Нұрсұлтан Жасұланұлы
1ж: Ән айту мен ән тыңдауды хобби ретінде,қызығушылық ретінде де қатар алып жүрген,белгілі,ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов әндерін тыңдайтын,қуырдақ тағамын ұнататын,өткізіліп отырған байқауымызға қатыса отырып,ән айтуда шеберлігін шыңдауды мақсат етіп отырған Елжанов Қуанышбек Мұратұлы мен...
2ж: Бокспен айналысып,салауатты өмір салтын қалыптастырып жүрген, қазақтың ұлттық тағамы бешбармақты сүйсіне жейтін,сурет салуға қызығатын,бәрі не белгілі Мәдина Садуақасова сынды ару әншімізді,оның әндерін ұнататын,барша әлемге атақты "Сумерки" кинофильмінің жаңа нұсқаларын жіберместен қарайтын, болашақта офицер болуды мақсат еткен сайыскеріміз Ерімбетов Нұрсұлтан Жасұланұлы.Қарсы алыңыздар!
№ Бөлекбаева Венера Миханқызы – Басенов Нұржан Жанғазыұлы
1ж: Қолға алған істі аяғына жеткізу мақсаты деп білетін,ғаламторда қызықты мәліметтер мен жаңалықтар іздеуге қызығатын,ән айтуды хоббиіне айналдырған,МузАРТ тобы және Жазира мен Жанболат сынды жұлдызды жұпты сүйікті әншілері деп танитын,қазақтың мағыналы әндерін сүйсіне тыңдайтын Венера Миханқызы мен ...
2ж: Әскери өмірге қызығушылық танытып,өлең айтып,спортпен айналысуды хоббиіне айналдырып,қуырдақты сүйсіне жей отырып,Мұстафа Шоқайдың кинофильмдерін көріп,Еркін Нұржанов,Қайрат Нұртас,Сырым Исабаевты сүйікті әншісіне айналдырып,әскери адам болуды мақсат еткен Нұржан Басенов.Қарсы алыңыздар!

№ Султанова Айгерім Жақсылықовна–Сағындықов Ерік Серікбайұлы
1ж: Жоғары белестерден көрінуді мақсат ете отырып,кітап оқумен ән айтуды қызығушылығына айналдырған,Қарақаттың әндерін сүйсіне тыңдап, Жау жүрек мың бала кинофильмінің көрермені ретінде бола білген, қазақтың барлық тағамын сүйсіне жейтін Султанова Айгерім Жақсылыққызы мен...
2ж: Жол полициясы болуды арман еткен,Қайрат Нұртастың әндерін тыңдай отырып,Тұрсынбек Қабатов сомдайтын "Алып қашу операциясы" фильмін ет,манты,қуырдақ жей отырып,домбыра шертіп,ән айтуды хоббиіне айналдырған Сағындықов Ерік Серікбайұлын қарсы алыңыздар!
№ Даутбаева Айгүл Амангельдиевна – Сабантаев Асқар Алтынбайұлы
1ж: Жанға жағымды,көңілге қонымды Еркін Нұржанов сынды әншілеріміздің қазақ әуендерін тыңдай отырып,комедия жанрындағы киноларды қарай отырып, актерлық шеберлікке қызығушылығы артып,осы байқауда жеңімпаз атануды мақсат еткен Даутбаева Айгүл Амангелдіқызы мен ...
2ж: Әскери өмірге қызығатын,спорттың барлық түрлерімен айналысатын, "Любэ" тобы мен олардың "Там за туманами" әнін сүйсіне тыңдайтын,Асель Сағатова секілді қазақ актрисаларын ұнататын,офицер болу мен әкесінің жолын қууды мақсат еткен Сабантаев Асқар Алтынбайұлы.
Қарсы алыңыздар!
№ Азиз Мухамедович – Ахмурзашев Азамат Нұрлыбекұлы
1ж: Поп музыканың королі атанған Майкл Джексонның тұрақты тыңдарманы,Мел Гибсонның және "Храброе сердце" кинофильмін таңдана қарайтын,манты сүйікті тағамы болатын,жан жақты адам болуды мақсат еткен Азиз Мұхамедұлы мен....
2ж: Жүзу өнеріне қызығатын,барлығының кумиріне айналған Джеки Чанның жанкүйері болған,және Самурай кинофильмін ұнатып қарайтын, көздеп атуды хоббиіне айналдырған,қазақтың ұлттық тағамы бешбармақты жақсы көретін,өнер жолында Роза Рымбаева апамызды үлгі тұтатын Ахмурзашев Азамат Нұрлыбекұлы.Қарсы алыңыздар!
2ж:Барлық сайыскерлеріміз ортада,олай болса,байқау шарттарымен таныстырайын. Байқауымыз екі бөлімнен тұрады.Бірінші бөлім – ретро әндер,екінші бөлім – еркін тақырыптағы әндер. Әр бөлімнен соң әділ-қазылар алқасы өздерінің ойларын айтып,бағалайды.Баға 5 балдық тәртіппен қойылады.Және де ең қызықтысы,сіздерге кірерде бағалау парағын берген болатынбыз.Сол параққа сіздер өздеріңізге ұнаған жұп номерін жазасыз.Сол арқылы біз "Көреремендер көзайымына" айналған жұпты анықтаймыз.
1ж: Армысыздар,алда тұрған әділқазы алқасы,
Әділқазы әрқашанда әділдіктен жаңылмасын,
Сіздерге осы жыл мол ырыс,бақ әкеліп,
Көңілді өтіп,алдарыңнан бақ жансын!
2ж: Өнерің озсын азамат!
Жұлдызың жансын жарқырап.
Әділ-қазылар бағасын,
Етерсің әркез қанағат!,-дей отырып,әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейін.

1ж:1.___________________________________________________________________________
2ж:2.___________________________________________________________________________
1ж:3.___________________________________________________________________________
2ж:4.___________________________________________________________________________
1ж:5.___________________________________________________________________________
1ж: Сайысымызды бастамастан бұрын сайыскерлеріміздің шығу ретін анықтап алмаймыз ба?
2ж: Әрине,ол үшін сіздерге қазір конверт беріледі,сол конверт ішіндегі сан сіздің реттік саныңыз болып есептелінеді.(конверттер беріліп,реті анықталады.)

№1.___________________________________________________________________
№2.___________________________________________________________________
№3.___________________________________________________________________
№4.___________________________________________________________________
№5.___________________________________________________________________
1,2ж: Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық!
Қонақтарды таң қалдырып,
Өнерден күмбез жасайық!
2ж: Ендеше,көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Ортадағы сайыскерлерімізді І бөлімге дайындалу үшін сахна сыртына шығарып салайық.(музыкамен сахна сыртына шығады)
1ж: Барлық жұпқа сәттілік тілей отырып,сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
Ретро әндер
№ Бөлекбаева Венера Миханқызы-Басенов Нұржан Жанғазыұлы
2ж: Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ..
Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,
Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,
Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.
Ойнап шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,
Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.-деп Тұманбай Молдағалиев ағамыз айтқандай анаға деген махабатымызды әнмен жеткізейік.
1ж: Олай болса,қабыл алыңыздар алдарыңызда Бөлекбаева Венера және Басенов Нұржан "Ана" әнімен ортада!
Ретро әндер
№ Султанова Айгерім Жақсылықовна-Сағындықов Ерік Серікбайұлы
1ж: Бұл өмірде «махаббат» деген ұғым бар,
Сол ұғымды шын жүрекпен ұғыңдар.
Махаббаттың отына күймегеніммен,
Махаббат жайлы кішкене ғана жырым бар.
2ж: Махаббат деген – алау ғой жанып лаулаған,
Ғашықтардың жүректерін баураған.
Махаббат деген – ол көгілдір аспан ғой,
Күн батқанда, ғашықтардың жұлдыздары жайнаған.
Махаббатты тұңғиық теңіз дер ем,
Теңіздейін мөлдір ғой «сезім» деген.
Адамды адам деуге боладыма...
Сол ғажайып сезімді сезінбеген...?!
2ж: Шәмші Қалдаяқовтың әніне,Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған "Әнім сен едің" әнімен Айгерім Жақсылыққызы мен Ерік Серікбайұлын қарсы алыңыздар! Әдемі де,махаббат жайлы өлеңін қабыл алыңыздар!
Ретро әндер
№ Даутбаева Айгүл Амангельдиевна – Сабантаев Асқар Алтынбайұлы

2ж: Миллион миллион қызыл гүлдер,
Тереземнің алдында,
Ғашық болса шыныменен,
Гүлге айналар шағында....дегендей алдарыңызда "Миллион алых роз" әнімен Айгүл Амангелдіқызы мен Асқар Алтынбайұлы.Қошемеееет Көрермен!
Ретро әндер
№ Азиз Мұхамедович – Ахмурзашев Азамат Нұрлыбекұлы
2ж: Балалық шақ мәңгі естен кетпейді,
Балалыққа ешнәрседе жетпейді,
Бірде жылап,бірде күліп жүретін,
Балалық шақ қызықтарсыз өтпейді.
1ж: "Ананы алам,мынаны әкел" дейтұғын,
Балалық шақ нені қалау етпейді?!
Сондықтанда қызығына тоймайтын,
Балалықты тастап кеткім келмейді. Балалық шағымызды еске алып,бір тебіреніп қалайық,достар. Алдарыңызда "Детство" әнімен Азиз Мұхамедович пен Ахмурзашев Азамат.Қабыл алыңыздар!
Ретро әндер
№ Елжанов Қуанышбек Муратбаевич- Ерімбетов Нұрсұлтан Жасұланұлы
1ж: Менің саған бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сол жұмбақты шешсең қазір өнер көрсететін жұптардың әнін біле аласың.Қарсы емессің бе?
2ж: Қарсы емеспін.Қане қой көрейік. Келесі әннің қандай екенің қатты білгім келіп құлшынып тұрмын.
1ж: Қанекей,ол ән- баршаға белгілі ән.
2ж:Белгілі әндер көп қой. Дәлірек айтсаң...?
1ж: Белгілі композитордың әні...
2ж: Белгілі композиторлер де көп қой....Ол ән не жайлы сол туралы айтып кетсең....?
1ж: ааа....онда ол ән әрине махаббат жайлы,және ән атауы сол ғашықтардың кезіккен жеріне байланысты....шеше аласың ба?
2ж: ммм......әринееее белгілі композитор дегенің – Шәмші Қалдаяқов,ал оның белгілі әні және махаббат жайлы,атауы сол кезіккен жер болса ол - "Арыс жағасында" әні дұрыс па?
1ж;Бәрекелді,жарайсың! Дұрыс таптың.
2ж: Ендеше,сол әнді құлақ құрышын қандырып бір тыңдамаймыз ба? Алдарыңызда Елжанов Қуаншыбек пен Ерімбетов Нұрсұлтан.Қошеметпен қарсы аламыз,ағайІ бөлім соңы
1ж: Перизат,енді бірінші бөлімде аяқталды.Олай болса,сайыскерлерді ортаға шақырайық.
(сайыскерлер шығады,музыкамен)
2ж: Ал енді, әділ-қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. Сайыскерлеріміздің өнеріне баға берсеңіздер!
(әділ-қазылар бағалайды)
2ж:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден,-дегендей алдарыңызда өз өнерімен
__________________________________________________________________________________________
Қошеметпен қарсы алыңызда

ІІ бөлім

1ж: Музыка-ырғақ,нәзік әуен,асқақ үн.
Музыка-өзен,дала,аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне,әншілер,бас әуенге,қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.-деп ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын жеткізеді.
2ж: Айбектің айтқанын мен қостайын,
Бәрінізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын. «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.
1ж: Өнерпаздар жарысып сан-саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі Екі жұлдыз сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады . Олай болса,байқауымыздың келесі бөліміне кезек берейік.
(сайыскерлер рет-ретімен шақырылады)
Еркін тақырыптағы әндер
№ Бөлекбаева Венера Миханқызы-Басенов Нұржан Жанғазыұлы
1ж: -Дидарың бар айнымаған ақ таңнан,
Әрбір сөзің көңілімде жатталған.
Менің аппақ сағынышым сақталған,
Көздеріңде сенің....
2ж: Тоқта,тоқта.Бұл әуен таныс қой?!
1ж:Әрине,неге таныс болмасын?! Бұл ән қазір жастардың сүйіп тыңдайтын әндерінің бірі.
2ж:Олай болса,қарсы алыңыздар! Алдарыңызда "Тау-тау сезім" әнімен Венера Миханқызы мен Нұржан Жанғазыұлы.Қабыл алыңыздар!
Еркін тақырыптағы әндер
№ Султанова Айгерім Жақсылықовна-Сағындықов Ерік Серікбайұлы
1ж: Сен жоқ жерде жүрек әндетпейді,
Сен жоқ жерде,күндер мәңгі өтпейді,
Бақытыма қолым сәл жетпейді,
Сен жоқ жердееееееее...........дегендей Перизат,осы жүрегімнен шыққан өлең шұмақтарыма сен қалай қарайсың?
2ж: Ендеше,осы әуенді орындайтын,жұбымызды тамашалайық! Қарсы алыңыздар,алдарыңызда Султанова Айгерім және Сағындықов Ерік.Қошемет көрермен!
Еркін тақырыптағы әндер
№ Даутбаева Айгүл Амангельдиевна – Сабантаев Асқар Алтынбайұлы
2ж: Бұл әнді жұлдызды жұп орындайды,ал қазір Айгүл мен Асқар орындағалы жатыр.Ол әнге мультипликациялық бейнеклип түсірілген,махаббат жайлы ән.Және бұл ән сол жұлдызды жұптың ең алғашқы мультипликациялық бастауы болып,кішкентай көрермен қауымды таңқалдырған..Бұл қай ән деп ойлайсың?
1ж: Қазір,ойланайын....ааа бұл Қарақат пен Қыдырәлінің "Ханзада" әні емес пе? Мультипликациялық клипте дәл осы әнге түсірілді... Солай ма?
2ж: Дұрыс таптың...Жарайсың.Олай болса,Даутбаева Айгүл мен Сабантаев Асқардың орындауында "Ханзада" әні. Қарсы алыңыздар!

Еркін тақырыптағы әндер
№ Азиз Мұхамедович – Ахмурзашев Азамат Нұрлыбекұлы
1ж: Где-то соединимся, и уже не расстанемся,
И уж если прольёмся, то только вдвоём.
Мы везде и нигде, и мы не потеряемся,
Но не будем мы помнить, зачем мы живём.
2ж: Будем мы согревать этот мир без остатка,
Друг без друга не сможем мы уже никогда.
Мне тебя не забыть, для тебя я загадка,
Но я - ты, а ты - я, и мы здесь навсегда.
1ж: Дәл осы өлең жолдарында айтылғандай,қазір орындалатын ән "Я это ты" әні. Қарсы алыңыздар.алдаырңызда Азиз Мұхамедұлы мен Азамат Нұрлыбекұлы.
Еркін тақырыптағы әндер
№ Елжанов Қуанышбек Муратбаевич- Ерімбетов Нұрсұлтан Жасұланұлы
2ж: Ал енді мен саған жұмбақ жасырайыншы қалай қарайсың?
1ж: Жасыра ғой..бізде шешіп көрейік..
2ж: Ол ән бұрында шыққан,бірақ оның жаңаша түрі жарық көрді.Ән өте көңілді,және де бір ару қызға арналған. Ойланшы....?
1ж: Ару қыздарға арналған өлеңдер көп қой...
2ж:Бірақ бәрінің жаңаша түрі шыққан жоққой...
1ж: ммм....білмеймін.таба алмадым..өзің айтшы?
2ж: Қалайша таба алмайсың? Ол "Үрбибі" әні емес пе? Жаңаша түрін Абай Бегей орындайды.Ал біздің сахнада ол әнді Қуанышбек Мұратұлы мен Нұрсұлтан Жасұланұлы орындайды. Қабыл алыңыздар!
ІІ бөлім аяқталған соң би.
1ж:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен ертегімен бізге жеткен
Құрметті бишілерді қарсы алайық.Алдарыңызда ________________________________________________
2ж: Замандасым әнге құштар сырласым
Қабыл алып,жастар дауысын тыңдасын,
Биші де бар,әнші де бар,күйіні де бар арада,
Тамашада ешкім жырақ тұрмасын.
Алдарыңызда ______________________________________________________________________________
Соңы

1ж: Мінекей,кешіміздің соңы да таяп қалды.Керемет мереке болды солай емес пе Перизат?
2ж: Әрине,Айбек.Маған өте ұнады.
1ж: Достар,ең маңызды сәт те келді. Бүгінгі "ЕКІ ЖҰЛДЫЗ" атты дүбірлі думанымыздың жеңімпаздарын анықтайтын уақыт жетті. Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.(музыкамен)
2ж: Ақ боз үйді үлпілдеткен
Боз даланы бүлкілдеткен
Әсем едің, шіркін неткен
Құлпырады сәнді бақтар
Құлпырады бүгін қызбен ұлдар-демекші бүгінгі мерекемізді құлпыртқан жұптарымызды бағалайық.Ендеше,байқауды әділ бағалап отырған қазылар алқасына сөз берейік.(әділ-қазылар сөйлейді,әр жұпқа өз ойларын айтады.)
2ж:Марапаттау рәсімі Есет батыр атындағы әскери-полициялық мектеп-интернатының директоры Жаниязов Марат Қуанұлына тапсырылады.

Марапаттау рәсімі:
1.Барлық сайысқа қатысушыларға грамота,сыйлық беріледі.
(интригаааа)
2.Екі конверт: 1)көрермендер көзайымы;(конверт береді)
2ж: Құрметті көрермен! Мінекей,сайыскерлер үшінде,біз үшінде,әділ-қазылар үшінде,қобалжулы сәт.
1ж:Алдымен,көрермендер көзайымы атағын алған жұпты білмес бұрын,сіздердің ойларыңызды білейік.
2ж:Біз жұптың сайыскерлерін атағанда,қол шапалақтаңыздар.
1ж:Әр жұпқа соққан шапалақ дауысымен біз сіздердің көзқарастарыңызды білеміз.
2ж:1.Басенов Нұржан-Бөлекбаева Венера
1ж:2.Сағындықов Ерік-Султанова Айгерім
2ж:3.Елжанов Қуанышбек-Ерімбетов Нұрсұлтан
1ж:4.Мұхитов Азиз-Ахмурзашев Азамат
2ж:5.Даутбаева Айгүл-Сабантаев Асқар.(қол шапалақтайды әрқайсына)
2ж:Керемет,ойларыңызды қол шапалақтарыңыз арқылы білдік.Бірақ,уақыт өтті.Мүмкіндік берілді. Сіздер өз таңдауларыңзды істеңіздер.Ендеше,көрермендер көзайымын анықтау үшін ортаға __________________________________________________________________________шақырамыз.
Марапаттау рәсімі

2)бас жүлде иегерін марапаттау;(конверт беріледі)
1ж: Ендігі кезекте байқауымыздың ең жауапты сәті....
2ж:Бас жүлде иегерін анықтайтын кез келді...
1ж:Барлық жұп бас жүлде иегері атануға лайықты.....
2ж:Бірақ,бұл сайыс....Бақ шаба ма,алде бап шаба ма?....ендеше бүгінгі "ЕКІ ЖҰЛДЫЗ" байқауының бас жүлде иегерін анықтау үшін ортаға ____________________________________________________________________шақырамыз.
1ж: Сонымен,бүгінгі байқауымыз тәмәмдалды. Жеңімпаздарды құттықтап,барлық сайыскерлерге алғысымызды білдіреміз.
2ж: Келе жатқан 2013 жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Отбастырыңзға амандық,береке,ынтымақ,бақыт әкелсін.
1ж: Кездескенше қош сау болыңыздар ағайын.!
2ж: Бақытты күндер аясында жүздескенше,достар!
Екі жұлдыз гимні орындалады. Тәрбие.орг сайтынан Екі жұлдыз бағдарламасы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Таяуова Салтанат Жубаткановна

Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пікірлер: 0

avatar