Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ертегілер әлеміне саяхат
  • 18.10.2016
  • 293 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19712

Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат
Мақсаты: а. ертегілердің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту,
ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерн анықтау.
ә. эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру,ертегі арқылы адамгершілік,еңбексүгіштік қасиеттерге
тәрбиелеу
б. оқушылардың танымдарын кеңейту, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
* Сиқырлы айналу. Жылулық шеңбері
Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдап,әуенге сай билейді.Мұғалім қолына «сиқырлы таяқшаны » алып,әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.
Балалар бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады: « Мен -бауырсақпын,сендердің бір-біріңе ыстық ықылас танытып,құрметтей жүрулеріңе тілектеспін.......Мен-Қар ханшайымымын,сендерге қайырымды,сыпайы болуды тілеймін....» т.с.с.
* Әңгімелесу
- Балалар, ертегілердің ұқсастығы мен қандай ерекшеліктері бар,атап өтейікші!
« Ертегі- бұл ерекше жанр. Ертегіде жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді. Қайырымды,шыдамды,еңбекқор адамдар әрқашан сый алады. Ал өмірде ше?( балалар қайырымдылық, зұлымдық, еңбекқорлық туралы пікір алмасады).
* Г.Х. Андерсон. «Түймеқыз» ертегісі. Оқу.Талдау.
- Тышқан қандай?
- Тышқан Түймеқызды қалай қарсы алды?
- Тышқан түймеқызды қалай тамақтандырды?
« Біз дәнді дақылдар туралы: «Нан дастарханға қалай келеді? » деген шығармадын білеміз. Дәнді дақылдарға: бидай, сұлы,арпа жатады. Олар тыңайтылған жерде,күн сәулесі және жаңбыр мол болса жақсы өніп өседі. Тышқандар дәнді дақылдарды,сондай-ақ бақша өсімдіктері: асқабақ, қарбыз, қауынды жақсы көреді екен».
- Қарбыз,қауын ,асқабақ қандай болады?
- Қарбыз,асқабақ туралы қандай ертегілерді білесіңдер?
* «Сиқырлы заттар» ойыны
Мұғалім сиқырлы заттың атын айтады, балалар өткен ертегілерді еске
түсіріп, заттың қай ертегіде сиқырлы әрекет орындайтынын табады. (кілем,ұшақ,,сиқырлы таяқша,алтын кілт, алтын балық) т.б.
* Бейнелеу өнері.Сурет. Монотипия. «Таңғжайып тау өзені».
Балалар кафельге гуашьпен тау өзенінің бейнесін салады. Оның үстіне суланған қағазды қойып, кафельдегі бейнені қағазға көшіріп алады.
Жандандыру. «Түймеқыз » ертегісі
Мұғалім балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін, топтағы үстел устіндегі заттарды санауды ұсынады.
- Балалар,енді заттардың орындарын ауыстырсақ, саны өзгере ме?
«Заттырдың орны өзгергенімен,қай жаығнан санасаң да саны өзгермейді». Тәрбие.орг сайтынан Ертегілер әлеміне саяхат Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумабаева Кенжегуль Мухамеджановна

Ақмола облысы, степногорск қаласы Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 293 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar