«География әлемінде!» сайысы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 738
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 22/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18782


«География әлемінде!» сайысы

Өткізген: Еликбаева Н.М.
География пәнінің мұғалімі


Мақсаты:
Оқушылардың география пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге үйрету, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу, оқушыларды жерін сүюге, оның гүлденуіне үлес қосатын білімді болып өсуіне ықпал ету.
Эпиграф:
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.»
Н.Ә. Назарбаев
Жүргізуші:
Білгенге білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер-білім-өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің орасындай,- дегендей, бүгінгі 8-11 сыныптар арасында география пәні бойынша өткелі отырған «География әлемінде!» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын, сайыстың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
Сайыстың кезеңдері:
І кезең – “Таныстыру”
ІІ кезең – “Ең, ең, ең ...”
ІІІ кезең – “Астаналар” сайыста
ІV кезең – “Сиқырлы әріптер”
V кезең – “Дұрыс-бұрыс” білім минуты (Менен сұрақ, сізден жауап)
VI кезең – “Бейне сұрақ”
VII кезең – “Сандар сөйлейді”
VІІІ кезең – “Жерұйық”
IX кезең – “Сәйкесін тап”
Х кезең – “Семантикалық карта”
Жүргізуші: Бүгінгі қатысушы топтарға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар (Әділқазы алқасымен таныстыру).
Жүргізуші:
Білім – өшпес жүрекке жанған шырақ,
Ол – көк сауыт, құрыштай қару-жарақ.
Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық,
Кезі келді, міне, ойланарлық,
Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар, - дей келе сайысымыздың І кезеңін топтардың таныстыруына берейік.
І. “Таныстыру”
(Әр топ өздерін таныстырады)
1-топ: «Қырандар»
2-топ: «Алғырлар»
Жүргізуші:
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу керек, білім керек қашанда,
Ол болмаса сайыс деген сайыс па? – дей отырып, сайысымызды бастаймыз.

ІІ. “Ең, ең, ең ...”
Қырандар тобына:
Ең үлкен арал? (Гренландия)
Ең үлкен түбек? (Арабия)
Ең терең көл? (Байкал)
Ең кішкентай құс? (Колибри)
Ең биік шың? (Джомолунгма)
Ең жүйрік сүтқоректі? (Гепард)
Ең ірі құс? (Түйеқұс)
Ең үлкен материк? (Еуразия)
Ең суы мол өзен? (Амазонка)
Ең кішкентай мемлекет? (Ватикан)
Алғырлар тобына:
Ең суыққа төзімді құс? (Пингвин)
Ең тұзды теңіз? (Қызыл теңіз)
Ең ірі ескек аяқты жануар? (Морж)
Ең үлкен шұңғыма? (Мариана)
Ең биік сарқырама? (Анхель)
Ең үлкен көл? (Каспий)
Ең биік жануар? (Керік)
Ең кіші мұхит? (Солтүстік Мұзды мұхиты)
Ең ұзын тау? (Кордильер)
Ең үлкен шөл? (Сахара)
ІІІ. “Астаналар” сайыста
“Алғырлар” тобына сұрақ:
1. Украина – Киев
2. Грузия – Тбилиси
3. Иран – Тегеран
4. Канада – Оттава
5. Перу – Лима
6. Бразилия – Бразилиа
7. Өзбекстан – Ташкент
8. Әзірбайжан – Баку
“Қырандар” тобына сұрақ:
1. Беларусь – Минск
2. Молдова – Кишинев
3. Ирак – Бағдад
4. Франция – Париж
5. Дания – Копенгаген
6. Мексика – Мехико
7. Қырғызстан – Бішкек
8. Түркменстан – Ашғабад
ІV. “Сиқырлы әріптер”
А, Ә, Б, Г, Ү, М, П, Т, Э, Л, О, С, Қ, Ц
Бұл сайыста оқушылар бір әріпті таңдап, сол әріптегі сұраққа жауап береді. Бір қызығы, сол сұрақтың жауабы оқушының таңдаған әрпінен басталады. Мысалы: оқушы А әрпін таңдады, оқушыға «Ең суық материк» деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақтың жауабы оқушы таңдаған А әрпінен басталады, яғни Антарктида.
А – Ең суық материк – Антарктида
Ә – Еуразияның ішкі тұйық алабына жататын өзені – Әмудария
Б – Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал – Барометр
Г – Жердің кішірейтілген бейнесі – Глобус
Ү – Еуразияның оңтүстігінде орналасқан мұхит – Үнді
М – Планда кішірейтіліп көрсетілген сан – Масштаб
П – Ертедегі ежелгі құрлық – Пангея
Т – Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз – Темірқазық
Э – Жердің дәл ортасынан бөліп жатқан сызық – Экватор
Л – Жердің беткі қатты қабығы – Литосфера
О – Абсолюттік биіктігі 200 м-ге дейінгі жазық – Ойпат
С – Биіктігі 100 метрден асатын биік ағаш – Секвоя
Қ – Жануарлар мен өсімдіктерді қорғайтын аймақ – Қорық
Ц – Жер сілкінісінің әсерінен пайда болатын толқын – Цунами
V. “Дұрыс-бұрыс” білім минуты
(Әр топқа жеке-жеке сұрақтар қойылады. «Ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек)
“Алғырлар” тобына сұрақ:
1. Дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы – Фернан Магеллан? (Ия)
“Қырандар” тобына сұрақ:
1. Қазақстан шығысында Түрікменстанмен шектеседі? (Жоқ)
“Алғырлар” тобына сұрақ:
2. Латвия, Литва, Эстония – Балтық теңізі маңы елдері? (Ия)
“Қырандар” тобына сұрақ:
2. Шардара – Сырдария өзеніндегі су қоймасы? (Ия)
“Алғырлар” тобына сұрақ:
3. Бұқтырма – Іле өзеніндегі су қоймасы? (Жоқ)
“Қырандар” тобына сұрақ:
3. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш – Орталық Қазақстанның қалалары? (Ия)
VІ. Бейне сұрақ.
І топқа - “Киев орта мектебі” КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Сұлтанова Сания Оразқызы сұрақ қойса, ІІ топқа - АрқМПИ-дің жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті, химия, биология, география кафедрасының география пәнінің мұғалімі, география магистрі – Қалқашев Сағынғали Ғабизиятұлы сұрақ қояды.
VІІ. Сандар сөйлейді
“Алғырлар” тобына сұрақ:
1) 4622 м – Жетісу Алатауының ең биік нүктесі – Бесбақан шыңының биіктігі.
2) 85 мың – Қазақстандағы өзендер саны.
3) 11022 м – Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасының тереңдігі.
4) 510 млн км2 – Жер бетінің жалпы ауданы.
“Қырандар” тобына сұрақ:
1) 6995 м – Тянь-Шань тауындағы Хан-Тәңірі шыңының биіктігі.
2) 15000 км – Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы.
3) 48 мың – Қазақстандағы көлдер саны.
4) 1620 м – Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал көлінің тереңдігі.
VIII. “Жерұйық”
“Қырандар” тобына сұрақ:
Ф. Магеллан алғаш рет дүние жүзін айналып шығу саяхаты кезінде Оңтүстік Американың Оңтүстік шетімен бұғаз арқылы өтеді. Сол кезде көптеген отты алауды көреді. Кейбіреулері оны жағалаудағы алау, басқалары жарылған қайықтың оты деп ойлайды.
Сұрақ. Осы көріністен кейін Ф. Магеллан бұл жерді не жеп атады?
(Жауабы: “Отты жер”)
Алғырлар тобына сұрақ:
Сарыарқаның бұл өлкесін табиғттың ерекше әсемдігіне байланысты Еуропаның тамаша аймақтарының біріне теңейді. Бұл өлкенің әсем табиғатына арнап С. Сейфуллин поэма жазса, С. Мұқанов өз кітабына арқау етті. Курорттарындағы минералды сулар мен саф ауа демалушы мыңдаған адам жанына шипа саналады. Жер шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың орталығы.
Сұрақ. Бұл әнгіме еліміздің табиғаты әсем қандай өлкесіне сай келеді?
(Жауабы: “Көкшетау”)

IX. Сәйкесін тап:
Еуразия ең кіші
Африка ең жасыл, суы мол
Солтүстік Америка ең мұзды
Оңтүстік Америка ең солтүстіктегі
Антарктида ең ыстық
Аустралия ең үлкен

X.“Семантикалық карта”
Р/с Тақырып Грен- ландия Бай-кал Сар-гасс Үнді Ертіс Беринг Мада-гаскар Қара Солтүстік Мұзды
1 Теңіз + + +
2 Мұхит + +
3 Өзен +
4 Арал + +
5 Көл +

Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін қазыларға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың біз нәтижесін көрейік, - деп сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпазды марапаттау.
Жүргізуші:
“Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді география сырына” – дей отырып сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «География әлемінде!» сайысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Еликбаева Нургул Молдабаевна

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы "Киев орта мектебі" КММ География және тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar