ИМАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ЖАЛПАҚ ЖҰРТҚА ЖАЙҒАН ҒҰЛАМА

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 349
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 20/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23114


ИМАНДЫЛЫҚТЫ ЖАЛПАҚ ЖҰРТҚА ЖАЙҒАН ӘУЛИЕ
Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940)-ХІХ –ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында Алтай-Қобда қазақтарының арасында өмір сүрген,дарынды ақын,ислам дінін сонау ит арқасы қиядағы қазақтар ортасына уағыздап,таратушы,белгілі теолог ғұлама,қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі,жасұрпақты имандылыққа тәрбиелеу ілімінің негізін қалаған ұлық ұстаз . Ақыт-өзінен бұрыңғы ,Орта азияға Ислам дінін таратып насихаттаған Фараби,Иасауи т.б.дини-рухани ұстаздардың амал-тәсілдерін барлап-байқай келіп,халықты имандылыққа тәрбиелеудің өзіндік жолын ұсынып,оны өзге емес өзі іске асырған ұстаз болды.Ақыттың шыққан тегі он екі ата Абақ қерейдің молқы руы.Керей тарихына көз жүгіртсек,қазақ мектебі мен оқу тоқуы- керейлер мен наймандардаң, уақтардан басталатынын аңғарамыз.«Гоби даласында Хара-Хото деген қала болған.Ол, Езен өзенінің төменгі оң жақ жағасын,несториан үлгісімен жасалған.Мұнда кереиттер,үңгіттер(уақтар)наймандар,ойғырлар, тұрған.Онда тарса (несториан) дініне табынатын көп аббаттар,мектептер,көп үйлер болған»(Марко Поло. «Предание о церкв Ионна Крестителя» (Он хана),1956.)Бұл қаланың өзгешелігі-ерте дәуірде қолданған орхон,ойғыр,Сирия жазулары көп табылған,көлөнері бұйымдары кездескен.Шіркеу-аббаттардан қағазға,жібекке жазылған. «тарса»(икон) жазулар шыққан.Оларды түркі мен Сирия тілінде жазған-керейттер,үңгіттер,наймандар,ойғырлар(Пигуевская Н.В.Сирийские и Сиро-тюркские фрагменты из Хара-Хото и Турана.Л.,1940)Ә.Марғұлан атамыздың белігілеуіне көңіл аударсақ: «Сондай крест таңбасы бар құлпы тастың бірі Уюк-Архан өзені бойында тұрған жазу.Оның бас жағында бұғы,қабанның суретін түсірген.Тастағы орхон жазуы «Марымыз,Шадымыз». «Мар»несториан дінін үгіттейтін ұстаз,балаларды оқытқан,Шад-ел басқарушы(Малов,14).Керейлерден қалған орхон жазуы бар бұл құлпы тасУюк-Туран өзенінің бойында тұр.Басына қабанның сүретін түсірген. «Жазудың сөзі: «алтын ілгек кісені белімке бұғындым».Т астың екінші жақ үстінде керей мен үңгіттердің қолданатын крест таңбасы тұр.Бұл таңба қазақ керейлерінде осы күнге дейін сақталған.(Малов,16-15)Мұндай крест таңбасы бар құлпы тастар Енесей даласында өте көп(Киселев,ВДИ,№3-8,Малов97)Керейлер мен наймандар өздері хат танып,оқу-тоқуға жетіп қана қоймай,күллі монголға ұйғыр жазуын үйретіп,зердесін ашқаны тарихтан белгілі.(3.,108)Осы дәуірде ұрпаққа ерекше үлгі өнеге көрсеткен,оларға имандылық тәрбиесін дарытқан,әулет мектебінің алғашқы ұстаздарының бірі-Оң ханның бәйбішесі Аймалжин кемпір.Ол өзі ақын,өзі ер, өзі аңшы,көп жыл ел басқарған,әрі сауатты ел Анасы болған.Халқы сауатты,оларды оқытып тәрбиелейтін ұстаздары бар,арнайы әліп-биі болған,мектеп-оқу орны дамыған, сол керейлердің бір тобы-ұрпақтары,Ақыт заманында,Алтайдың күнгейі мен теріскейін мекен етіп тұрған.Амал нешік,бір кездегі жоғарыда айтқандай мәдениетті керейлердің ұрпағы бұл кезде,қараңғылық,надандық құрсауында,бір жартысы монғолдың,дені қытайдың қарамағында қалып,ата жұрты бола тұра,өз жер,өз елінде өгейлік күн кешкен заман еді.
Осындай қауым ортасында дүниеге келген Ақыттың маңдайына,келер ұрпағын, иман-дылық нұрымен нұрландырып,сауатын ашып,білім-ғылым жолына түсіру мінтеді жазыл-ған екен.Оны,Ақыт атамыз абыроймен атқарып,адамгершілік асыл қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіру амал-тәсілдерін,ұрпағына ұлағат етіп қалдырған.Өмірінің соңы,қаншама аянышты,қайғылы,қиналумен тамамдалса да, «патшаның ісі уәжіп»-деп түсініп,қытай түрмесінде жатып,ауызша айтып аманат-өсиетін қалдырған.Оның мазмұны мынау: 1.Халқым!Алтыбақан ала ауыз болмай,ынтымақты,берекелі болсын.Жалғыз өз ішінде ғана ынтымақты болып қалмастан басқа жұртпен(ұлтпен)де ынтымақты болсын.
2.Көрші жұртпен тату болсын.Оларды ренжітпесін.Бір ауыл өзінің көрші ауылын,бір үй өзінің көрші үйін ренжітпесін.
3.Бір мәселе кезіге қалса,яғни бір хабар естіле қалса дереу оны бүтіндей жоққа шығару,немесе бүтіндей бар деп сене кетуге болмайды.Алдымен ой елегінен ақыл көзінен
1
өткізіп,онан кейін қорытынды шығарсын.
4.Жұртым,өте-мөте ұрпақтарым!Нәсіл тазалығына көңіл бөлсін.Ол,үшін жынысқұмар-лықтан,зинадан таза болсын.(Ақыт хажы.Ғахылия.Баян-Өлке.1994)Бұл өсиетті қозғаған тақырыбымызды дұрыс пайымдау үшін,Ақыт философиясының түйіні ретінде көріп,шамамызға сай талдау үшін,алға шығардық.Айталық:
1.Ынтымақ береке,достық қарым қатынастың керектігін,асылдығын өмірінде өз басынан кешірген талай айтыс-тартыс,дау жанжал,ру аралық,ұлт аралық(қытай-қазақ,монғол-қазақ,торғауыт-қазақ,дұнған-ұйғыр-қазақ) қақтығыстардың берген сабақтарының нәтижесінде,Ақыт; -Алтай-Қобда өлкесінде аз қазақ «Қазақ» болып тіршілік жасап,өмір сүріп тұруының басты қағидасы-ынтымақ-береке, достық сыйластық қарым -қатынас екенін өте дұрыс түсінген.Ол- олма,түптің түбінде,ата жұртыңды тапқаның абзал болады дегенді де меңзеп кеткен.Себебі: «Жеріңді біреу мекендеп,бермей қойса не етерсің?», «Билеген басқа әр ұлттың,Аузында жүрміз жем болып,» «Араласып тұрыңдар»,бірақ «үлгісін алма еліңнің» әзірше «тіршілік үшін тұрсыңдар,Пайдасы көп жеріңнің», «Ертерек ақыл ойлаңдар,мойынсұнынып ел жұртым...» Ол,ел келешегін қатты уайымдап, нали-ды,мұңаяды,тьолғанады. « Жапырағы теренкетің,Жамырайды соқса жел.Әуре басым,көз жасым,Тынбай ағып болды сел.Иілді мойын,Менің ойым,Не болады қайран ел!..»
2.Іс-әрекет,ой-сананың парқын біліп,терең ойлап,түбіне бойлап,көп болып ақылдасып,
«жеті өлшеп,бір кесерлік»қағидатты басшылық етіп,даналықты дамытып,дарынды қолдап,рухани бай ел болуды өсиет етіп,мәселені атүсті,алдым-жұлдым шешпе дегенді атамыз арнайы ескерткен.
3.Ділі,діні тілі,салт дәстүрі басқа,сан жағынан өте көп ұлттың боданында қалғандықтан
уақыт өте келе « аз қазақ» оларға сіңісіп жойылып кетерін әуел бастан ақ топшылаған.Осы құбылыстан қазақты сақтап қалудың жолын қарастырып,өсиетінде «нәсіл тазалығына көңіл бөлуді» ұлағаттаған.
4.Тіл,дін,ар тазалығын сақтап қалу үшін,келер ұрпағына кемел жолды нұсқап,оны өмірде жүзеге асырудың айла-тәсілін тауып берген.Ал,ұрпақтары Ақыт аталарының салып кеткен сол бір дана жолынан адаспай жүргендіктен ХХІ ғасырға дейін дінін,салтын,тілін,нәсілін аман сақтап келгендігі үлкен мақтаныш.Бұл даңғыл жолдың аты-қазақтықтың тәрбеилеу жолы-Имандылық еді.Бұл жолға түскен қандай бір адам,мейлі мүгедек кемшін болсын,мейлі басқа ұлт өкілі болсын белгілі мерзімде ұлт өкілі болып қалыптаса алады.
Қызылшаха(кей өлкеде шарана,шақалақ аталады) жәндікті салып жібергенде «өңдеп» тәрбиелеп беретін,Тәңірі сыйлаған,ерекше құрылымы бар, «қазақ машинасын»-ұлт өкілін қалыпптастыратын қазақ үрдісі дейміз.(1.,5б.)
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.
«Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; — қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жаумен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен » -дейді. «Адамгершілік» - адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Ұлттық тәрбиеде адамның жағымды мінез – құлықтарын осы ұғымдардан таратады.Адамгершілігі ар-ұяты бар адамның бет бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы өзі парасатты келеді. Ондай адамды халық иманжүзді кісі деп құрметтейді. Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Халқымыздың түсінігінде иман сөзінің аясында сенім мағынасымен қатар, барлық асыл қасиеттерді (ұят, ар-намыс, сабырлық, жомарттық, шыншылдық, адалдық, мейірімділік, кішіпейілділік т.б.) қамтитын сөздер тізбегі көрінеді.(4.,18б.)
2
Бұрынғы дуалы ауыз аталарымыздың сөйлеген сөздері мен істеген амалдарынан имандылықтың желі есіп тұратын. «Жастары иманды елдің - болашағы зор» - деген Жүсіп Баласағұн. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді оларлың бойына сіңіру
Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады.Ал иман -жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық-Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез.Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.
Имандылық мағынасы иман сөзінен бастау алады. Тілімізде иман сөзіне қатысты иман жүзді, иманды адам, иманы бар т.б. бірнеше тіркестер бар. Иман сөзі - الإيمان «әл-Иман» араб тілінде «сенім» деген мағынаны береді. Яғни, иман келтіру, шын болмысымен сену, илану. Аллаһтың жалғыз екендігіне, оның пайғамбарларына,түсірілген кітаптарына, ақырет күніне шынайы сенуді білдіреді.Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады. 1.Аллаһтың жазуына шүкіршілік;
2.Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік
3.Барлық істе де Аллаға жүгінушілік
4.Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық
Ақыт ұлттық және исламдық дүниетанымды шебер қабыстырып, жасұрпақты ғана емес жалпы жұртты имандылыққа тәрбиелеу мақсатын алға қойған. Мақсатын жүзеге асыру үшін ол,Алтай бетінде үш жерге мешіт салдырып,өзі де медресе ашып бала оқытқан.Ол,әуелі дінді үйрен,дін үйренсең ғылым,білім ұғасың,көңілін таза, көкірегің ояу,хаділ де жақсы адам боласың дейді.Онан соң,он сегіз мың ғаламның қыры мен сырын ұқтырған ғылымды,ілім-білімді үйрен деп насихаттайды.Мысалы:
Мұсылманның мойнында,бес парыз деген парық бар.
Құран кітап,хадиста,бес парыз жолын анықтар.
Бес парызды білмесең,өлгенде жаның арықтар.
Аз тіршілік заманда,Ислам жолын танып қал.
Алламыз- бір,құран –шын,Пайғампар хақ,нанып қал.
Ғибрат,құлшылық қылмасаң,ашылмайтын қарық бар. Соларға еріп құр қалмай,Ислам жолын танып бар.
Ислам дінін білу сол,жаратқан хақты бір деңіз.
Жоқ пен барға шүкір ғып,қарам іске жүрмеңіз,
Аз тіршілік заманда,құлшылықсыз өмір сүрмеңіз.
Иман-көрдің шырағы,қарайып көрге кірмеңіз!
ххх
Ғылым- сәуле, нұр,жарық.Оқымай болмас құр қалып.
Термелі ғылым оқысаң,жүрегіңе тоқысаң,
Көрерсің сәуле бір жарық.Ата заңым деп қазақ,
Әр тараптан жүр қалып.Ай мен күнді ұға алмай,
Алысқа ұзап шыға алмай,неге мәз боп жүр халық?
Ақыттың педагогикалық ой –пікірі туралы сөз болғанда,оның адамтанушылық парасатын,бала тәрбиесінің ортаға байланысты екенін дұрыс пайымдағанын айтпай кету мүмкін емес.Мысалы, «Адам сыны»- деген толғауында, «жақсы,жаман» еркек-
3
әйел,үлкен- кішіні танып білу туралы,жаман мінезді жою жолдары сараланады.Бұл үрдіс
қазақ ақын-жыраулары мен би-шешендердің барлығында болған еді. М.Жолдас-беков:«Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді.Бірі-өмір,заман жайын терең толғанатын шешендік,фәлсафалық,данышпандық мектеп.Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан-қайғы,одан бұл өнер ғасырлар аттап Абайдың қолына тиді. Екіншісі-өле-өлгенше көмейі күмбірлеп жағы талмайтын дария -даңғыл жыраулар мектебі» Ақыт,аталмыш мектептерді өз бетімен оқып бітірген,білімді Шәкерім атамыздай талаптанып танып тапқан тұлға.Оның алғашқы хат танып,сауат ашқаны ауыл молласының дәрісі ғана.1908 жылы,Ақыт хажыға(Алтай,Қобданың алпыстай адамымен бірге) барып,жолдастары еліне қайтқанда,ол,ел-жер көремін деп қалып қояды.Бір жарым жыл дегендеМәдине,Шамды аралап,араб мәдениетін көзбен көріп,аз да болса үлгі-өнеге алып,араб тілін толықтап,елге қайта оралады.(Ғазез Ақытұлының естелігінен)Ал,Шәкерім атамыз 1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барадыБұл сапарында ол арнайы Парижге,Стамбулға барып,олардың бай да қазыналы кітапханарындағы асыл мұраларды оқуды,тарих тереңіне үңілуді мақсат еткен.(Жанат Әуелбек)Бұл ұқсастықтан шығатын қорытынды:Сол дәуірде,білім жетілдіру,көтеру, өз бетімен талпынып өнер-білім игерудің бір жолы қазақтар үшін қажыға бару болған.Білімге талпындырып,жас жеткіншек-терді,демеп,дер кезінде көмек көрсетуді,Ақыт имандылыққа тәрбиелеудің басы деп ұққан. «Сөзім тыңда, балалар:Сендерде де сана бар.Бала күнде ұмтылып.молдалардан сабақ ал.Тасқа басқан таңбадай,сәби күнде сауап ал.Ғылым деген бір гауһар,ақылға-ақыл жамалар.Көп оқыса ғылымды,тат баспай жүрек ағарар.Біз сабақты оқыдық,сендерде де шама бар.» немесе «Ата-анадан кейін-ақ,ұстаз түзер адамды.Балалы болсаң жігіттер,балаңды бер сабаққа.Қанша жақсы болса да,Надан бала қараңғы...»Сол дәуірде баланың көбі мектепсіз еді. «Сабақ оқып бала жүр,жетіле алмай,шала жүр.Сабақ тұрғой намаз жоқ,аудандысы қарап жүр!» Әсіресе адам есіне,зейініне діни білімді қалай қондыру керектігін терең ойлап,оның амалын оңды таба білген.Иассауи бабамыз зікірді музыкмен әрлеп өрнектесе,мұсылмандық ұғымдарды хикмет түріндегі жырға келтірсе,Ақыт халықтың өлең-жырға құштарлығына негіздеп,назира дастан,толғау –өсиетке айналдырып жұртқа ұсынған.Фараби бабамыз еңбектерін араб тілінде жазса,Иссауи араб қарпымен,түрік тілінде жазған.Ақыт атамыз төте жазуды да,крилшені де,латын ғарпын да қолданған. Ұйғыр жазуын да пайдаланған.Еңбектерін қазақтың көркем кітаби тілінде,көркем сөз қалыбында ұсынған.Ақыт,шығармаларында діннің негізгі қағидаларын:нысап, нәпсіні тыю, қайырымдылық, ғайбат сөз айтпау, кісіге қиянат жасамау, жоқ-жітік, кемтарларға садақа беру, ұрлық-қарлық жасамау, алдап-арбап, өтірік айтпау, ата-ананы ардақтау, жетім-жесірлерді налытпау, күш көрсетпеу т.б. жан-жақты талданып,адамдардың тату, бейбіт қоғамдасып өмір сүруінің мызғымас негізін көрсетеді, қоғамның көркеюіне, ғылымның заңдылығына, білім мен нақты өмір шындығына негізделген сенім адамдардың қолғанат көмекшісіне айналуын уағыздайды.Діни ғибадаттарды орындау әдебіне,оның маңызына,исламның адамзат қауымына әкелген ұлағатын жеке-жеке талдап өлең жазумен қатар,барлық шығармаларында (қысқа өлең-толғауларынан бастап қомақты дастан –жырларында) бұл ұстаным,әрқашан ескеріліп отырады.Анығырақ айтқандаАқыттың шығармалары- Құдай мен Мұхамбет пайғампардың ұлылығын дәріптеп,пайғампар сүннеті,мұсылман әдебін мүлтіксіз орындауды уағыздайды.Тағы бір,таңқаларлық жәй,Ақыттың имани ұғымдары түйін ойлары мақал-мәтелге жуық келеді,әрі ғибратты сөздерге айналып кеткен.Бұл жағынан Қорқыт ата мен Бауыржан атаның өсиет өнегелері мақал-мәтелге айналғаны тәрізді үрдіс аңғарылады.
...Саясат-надан болсаң,құрған тұзақ.
...Тіршілік -тірегі өнер,білім.
...Өнер ғылым үйреніп,бұлбұлдайын сайраңдар.Бала оқытып мектеп сап,Ағартып елді жайнаңдар.
4
...Ұлық болсаң әділ бол,шариғат ұстап кәміл бол
...Тәңір алды-таразы.
...Ақыл ойың –білімді,білім түбі-ілімді
...Шариғат жолы шамшырақ.
...Ұстасаңыз азбайсыз-Мұхаммед Расул сүннетті.
...Сүйер достың сұхбаты-шекер,мейіз өріктей.
...Ғылым –сәуле, нұр, жарық.Оқымай болмас құр қалып.
...Ақылсыз шынға сенбей,жоққа сенбек, Шынды қойып өтірік өсекке ермек.
Жалпы жұртқа имандылықты игерту үшін,ең алдымен олардың сауатын ашып,ағартушылықты кең өрістетіп,ғылыми және діни білімдермен сусындату керектігін
уағыздап,оны іске асыру үшін талпынған.
... Қала сал,іргені көм егін егіп.табиғат тарпаңдаса тарығасың.Тең басқар мал мен егін харекетін,енді оян,өнерлі елге жалынасың.Ғылым тап,мәдениет жолын ізде,теңдіктен бүйте берсең қағыласың.Бірлік жоқ мал артынан жүре берсең,бір күні тілсіз жауға шабыларсың.Жүретін қам-қайғысыз уақыт кетті,басқаға енді еріксіз бағынасың.
...Дамыған елдің халқынша,оқуға адам талпынса,молайып көңіл кетеді,оқып білім артылса.Қай жерде басы тең болар,таразыға тартылса.Атағыңды шығаршы,білімді жұрт-тың даңқынша.Оқыған жастар жарқырар,қайда жүрсе алтынша.
...Ақыл,талап, ой.зиын.Ұғынуға болар сеп.Жалынды жүрек,жас талап,өткізбе өмір босқа тек. Ақыттың өмірге келуінің өзі Қорқыт атаның жарық дүние есігін ашқан аңызына тым ұқсас,бірақ ол аңыз емес шындық.Ақыттың әкесі Үлімжі аты шыққан бай да,би-молда да емес,үпі-тәпі дәулеті бар,қарапайым шаруа.Үлімжінің тұңғыш алған әйелінің аты Жібек,жантекей руының ішінде тайлақ-Бәкежан деген адамның қызы.Жібек-ретті де салмақты,ақылды да,ажарлы,киімді өте келісті де әсем киетін адам болған.Жібек отыз үш жасқа дейін бала көтермепті.Ауыл жайлауға көшіп келе жатып,еру отырған бір ауылдың тұсынан өткен кезде,сол ауылдың екі әйелінің кеңесін естіп қалады.Бірінші әйел:
«Өзі де келісті келіншек еді.Киімді де әсем киінеді екен,қарашы,әне!,-дейді.Екінші әйел:
«_Өңі мен киімі неге тұрады,әлі күнге дейін пұшпағы қанаған жоқ»-дейді екен.Мұны естіген Жібек ауылдан сәл алыстаған соң жетектеген түйесін шөгеріп қойын,бір қара тасты құшақтап,налып зар еңіреп,аллаға мұңын шағып,үміт артып жылап жатып қалады.
Бір заматта көзі ілініп кеткен екен,түс көреді.Түсінде бір ақсақалды адам келіп: «Қатты зарығып кеттің ғой.Құдай көз жасыңды көреді,балам,көзіңді аш!»-депті.Ояна келсе екі емшегі иіп кетіп,қара тасқа ақ сүт ұйып қалған екен.Міне осыдан кейін ақ,Жібек бала көтеріп,Ақыт өмірге келген.Үлімжінің әкесі Қарымсақ ақсақал келіні Жібек бала көтермей жүріп қалған соң,Ақыт туардан сәл бұрын,Үлімжіге Бәкеш деген қызды алып береді.Жібек-жібек мінезді,жайдарлы,ағайын арасында беделді болса,Бәкеш ұрт тілді,шәркеш мінезді адам болыпты.-Сенің көнің мен келген соң жібіген.,бұрын ұл тусаң
қайда жүрсің,бері әкел, баламды!-деп Жібектің қолынан баланы жөргегімен жұлып алып,өзінің қыз емшегімен емізеді екен.Сонда,Жібек: -Е-е,сенің балаң. Балаңа таласым жоқ-деп күліп қана қояды екен.Молқыларда, «ертеден қыз емшегін емген бала ақын не өлеңші болады» деген ырым болған екен.Ауыл ақсақалдары мен кейуаналары Ақыт Бәкештің қыз емшегін еміп еді, өлеңші болды»-деп отыратын.(А.Ғазез естелігінен)
Ақыт ағартушылық ойын іске асыру үшін бар қазақты береке бірлікке шақырып, ынтымақтастыруды ойлап,өсиет-өнеге айтқан,үндеу жолдаған.Қобда бетінде әулеттік мектептер ұйымдастырған.
...Адамшылық қай жақта,көз салсаңшы жан-жаққа.Береке-бірлік құрасаң,құт қонады аумаққа.Береке-бірлік артық іс,берекесіздік- тантық іс.
...Жалқаулықтың жарасы,көңіліңнің аласы-надандықтың наласы.Алты миллион қазақ бар,бір атаның баласы
...Тұтас тұрып,жұмыр бол,бытырап кетпе оң мен сол.Түгел жүріп бет қойсаң,кезікпей ме табар жол.Тілек,жүрек бір болса,табылатын ақыл мол.Не табасың ойлашы,қаңғырып
5
кетсең оң мен сол.Көрінгенге телім боп,болма қазақ,босқа қор.Телім болған нашарға көрінгеннің бәрі зор.Бас-басыңа қаңғырып,бір-бірінен айрылған,қазаққа біткен қалың сор.Айырлмасаң тобыңнан,ел болар едің көрім боп.
Имандылықпен жұрт санасын нұрландырудың келесі жолы имандылық ұғымын,көркем сөзбен «тұздықтап» баршаның жүрегіне жекізуді Ақыт сенімді түрде қолға алған.
...Жұрт болайық өзгеріп,еңбексіз жүріп,емініп.әркімге көз сүзбелік,Бір қазақтан басқаның,бәрі де жатыр өзгеріп. . .
...Он екі айда ораза-ден қою иман намазға.Харамнан бір сәт тиылмай,құр тілек иман бола ма?
...Азды көпті болса да,зекетсіз мал арамды.Қылсаң қайыр жетімге,көп тиер соның сауабы.
...Көлделең тартпа алдында,сылтау қылып сынықты.Жаман адам өмірде, білмейді адамшылықты.Ақылсыздың ары жоқ,адам да жоқ сиықты.Айтқаныңды тыңдамас,салбыратып иықты.
...Жігіттер,иман –қымбат,күнә-тегін.Кигізер өлген күні жеңсіз кебін.Жатамыз қара жерге жалғыз түсіп,құлына құдай өзі берсін жөнін. .
...Ауызбен иман табылмас,жүректі түзу шын қылмай.Әулие болмас әр адам,көңілін ашып нұр құймай.Аяулап айтқан ақыл сөз,ар менен намыс бергендей.Түбі берік тура сөз,көздеп атқан мергендей.Сөзге жүйрік шешен бар,аяңдамай желгендей..
...Атадан алған ақылың-Ай санаған нұсқадай.Ұжымаққа түзу бара алмас –ғазиз жанды қыстамай.Үмітің болса ұғыңдар,кітап сөзін тастамай.
...Аяғыңды қажаса,былғары етік көнмен тең.Жалғанға пайда жақсы сөз,жүрекке жаққан еммен тең. .
...Көрде жарық-иманың.Құр қаларсың одан да,дінге наным қылмасаң.Ойласаңшы азамат,бола ма деп жан жолдас тіріде жиған иманым.Иман зекет,әм намаз,тІлмен айтып құлақ түр.Ораза намаз бек ұста,болмаңыздар бейнамаз.
...Бай мен жардлы теңелер,жаны бойдан шыққанда.Бай мен жарлы бәрі бір,ақиретке барғанда.
...Ескерусіз нәрсені алып жүрме олжалап,өтірік,ұрлық,өсекті,алып жүрме дорбалап,Ата-анаңды сыйласаң,ұстазыңды пір тұтсаң,басыңа қонар сонда бақ.
...Арақ ішіп, зинақор,ұрлық қылған зәлімдер,жақсылық сірә көру жоқ.Үйде отырса сондай паң,бопырас(папирос) тартып баптанып,кеткен жоқ па бұл мінез ,іші қарнын ақтарып.Әке-шеше мүгедек,баласынан жасқанып.Әкесі отыр балаға: -абайлап жүр,ондайдан,- деп қана, қақсанып!
Ақыт имандылық тәрбиесіне жалпының мойнын қаншама айтып бұрғанымен,барлығының жүрегіне жетіп,зиынынга қонуы өте шабан болатынын аңғарғандықтан,сол қауымдағы,сол дәуірдегі топтардың ,қатпарларының ерекшеліктерін айқындап барып ,әр санаттағы адамдарға сәйкес келетін үгіт насихаттың қажет екенін аңғарған.Сондықтан,адамдардың мінез-құлқына,адамгершілік парқына көз тастап баға берген.Олардың ішінде көп жырлағаны-әйел заты.Тәрбиелеу қазақ ілімі тарихында,әйел затының сынын айтып,олардың ортақ табыстары мен кемшіліктерін топтап көрсеткен адамтанушылар қашаннан болған.Мәселен Қорқыт атамыз төртке жіктесе,Шал ақын(Тілеуке Құлекеұлы) –да төртке бөлген.Ал,Ақан сері сегізге сиыстырған болса Ақыт хажы оларды беске топтаған.Ақыт әйел затын,әуелі,жақсы жаман деп екіге бөледі.Жақсы әйел туралы: ...Кей ұрғашы жарандар,еркектен артық ақылы.Адамды білер айырып,әдеппенен сөз байлап,бек біледі мақұлды.Анық білер айырып,алыспенен жақынды.Берсеңдағы жүз байтал жібермейді хақыңды.Баласы жаман болмайды,шешесі болса жатынды.Атағы жақсы қатынды,еркектен деме оны кем. Бапты қатын тамағы,балмен шекер асындай.Қылап болса қатының,келтіреді сыныңды.Мінезді болса қатының,мамық төсек көрпедей.Жақсы қатын қояма,алған ерін риза қып,мінезімен алдамай.
6
...Жаман қатын белгісі,бетіңе қарап күле алмас,жүз жыл жолдас болсаң да,мінезіңді біле алмас.Ер қарызы аманат,таза сақтап жүре алмас.Мейман келсе үйіне ,баласын ұрып жылатар,орағытып құманын,от басына құлатар.Өлшеусіз ішіп ас-суын,елден соғым сұр-атар.Сондай қатын ерінің бақ-дәулетін құлатар,балаға болса шарқая,мінезі болар тез қа-тар,теріс қарап теңкейіп,төсегінде ол жатар.Керегінде өз байын құлағынан тартып оятар. ...Сараң қатын сарғайтар.Дәнін құйып татырмай.
...Олақ болса қатының,кетіреді сыныңды.
...Қасаң қатын мінезі,қойға мінген керіктей
...Бошалаң қатын қимылдар,кешкі күнді ертедей.
Бошалаң қатын қалғиды;Көбірек қонақ қонғанда,отбасында бұлғақтап.
...Ақымақ болса қатының,көпшігі жоқ ермен тең.Қаһарлы болса кәрі енең,күнде соққан борандай.Баласы оның жүреді жадырап бойын жаза алмай.Қарғысшыл болса кәрі қатын,баласын қарғап озаңдар.Байы кәрі жас қатын,таныған соң шамасын,күнде би боп қожаңдар. Ақыттың бұларға айтқан өсиеті: ...Ораза, намаз ұстаңыз,жамандықты тастаңыз.Күн шығарып тұрмаңыз,ер әмірін бұрмаңыз.Өтірік ,өсек қумаңыз,шалқар түсте тұрмаңыз.Біреу өсек сөз айтса,оған көңіл бұрмаңыз.Күйеуіңе жағыңыз,өлгенше сыйлап бағыңыз.,өтер күнің қаша ма, болса дәулет-бағыңыз.Үлкендерден бата алып,әдепті келін аталып,көп сауапты табыңыз.Ата-анаңмен керіспе,жамандық қуып теріспе.Біріңмен бірің өш болып,кер биедей тебіспе.Күндесіңмен ұрыспа,абысынмен жұлыспа.Ала көзбен қараспа,жоқ нәрсеге таласпа.Жамандыққа ермеңдер,бұрыс жолмен жүрмеңдер.Әдепті болсаң жарайды,әдебіңе қарайды.Ыржиып күлсең біреуге,ойыңды бөтен санайды.Жалғанда күтпей дініңді,өлгенде көрме ғазапты!
Жігіттер жайын,олардың мінез-құлқына,болмыс-бітімін бажайлап жеті топқа бөледі. Адамтану қазақ ілімінде,бүгінгі жантану ғылымындағы адамдардың темпераменті тұралы ұғымнын,бастамалары осы бір жіктеу,топтаудан басталғаны анық(5. 18-б) Адамтанушы Шал ақын жігітті үшке топтаса,Ақан сері он үшке жіктейді,Ақыт қажы жетіге жеткізеді.
...Әуелі бір жігіт бар,мінез күткен.Асықпай әрбір іске сабыр еткен.Білгенін ішке сақтап қарауылдап,ілгері бағын сынап үміт еткен.Басқасы олай-бұлай сөз сөйлесе,тыңдайды абзал жігіт ойға жеткен.Жақмсылық пен жамандық тең бе екен деп,
сынатып ақылына қисап еткен.Екінші бір жігіт бар шапқан аттай,аптығар жүрегімен ақыл таппай.Желіккен нәпсіні тимай шіркін надан,зырылдар жерге қойса-жұқа тақтай.Үшінші бір жігіт бар тақылдаған, «Тең құрбы өз көңілмен жоқ-деп маған.Өзіне керекті сөз келмей тұрып,асаудай мінілмеген сақылдаған.Төртінші бір жігіт бар таудан асқан,зор кеуде,үлкен мінез әуел бастан.Бетімен бейпіл сөйлеп көп алдырған.өсірген ата-анасы бала жастан.Бесінші бір жігіт бар тұйықтанған,алакөз қалың шашты миықтанған.Өзіне өз білгенің жөн демесе,қорқылдақ,шошқа мінез сияқтанған.Алтыншы бір жігітке келді сөзі,Тоң мінез тоқырайған болады өзі.Адамға айбат қылған айдаһардай,қараса қас қақпайтын екі көзі.Жетінші бір жігіт бар сөзі келген,әр түрлі әр адамға мінез берген.Қой жайып,қоңыр өгіз мүйізін түйіп,қоржын сап,құрт қайнатып,,тезеқ терген.
Бұларға Ақыттың айтқан өсиеті;...Жігіттер иман- қымбат,күнә тегін,кигізер өлгеннен соң жеңсіз кебін..Жатамыз қара жерде,көрсетеді,құлына құдай өзі бар екенін.Намаз тұтпас надан бар,ақылсыз жігіт аптығып,арсыз жауды жеңгендей.Кейбір жігіт сөйлейді,гу-гу еткен көріктей,қолынан іс өнбейді.шамасы жоқ өліктей.Ұйқысы көп кей жігіт,жерден басын көтермес,жаңа толғақ жеріктей.Бір құдайдан басқаға,бас кессе де бас ұрма!Ұяттан өлмей ер жігіт,өсек сөзді тасыр ма? «Жаным,жаным» десе де,жат қотырын қасыр ма?Жігерің болса жігіттер жігіңді бөліп ашыл ма! ...Құдай берген ғұмырды босқа өткізіп не етесіз.Иман,намаз болмаса бас бірікпес шекесіз. Ораза,намаз-баласы, Иман оның анасы.Сыйлаған ұрпақ қор болмас,ата менен анасын.Қисық ағаш тұрмайды,ағашшының тезінде.Тар адамның ақылы,көріп тұрған көзінде.Жаман адам ойлайды жалғыз қарын тоқтығын.Айрылмастай жинайды сұм дүниенің боқтығын.
...Қатты сақтан, жігіттер,пәре беру алудан.Пәре берме кісіге,үміткер болсаң
7
жаныңнан.Бір Алладан басқаға,дұрыс емес жалынған.Жеті есе төмен кәпірден,дінін беріп кәпірге,дүние үшін бағынған.
...Түбінде құдай жеткізер,ойлай берсең алалды.Жүрегіңді тат басар,істей берсең харамды.Халал менен харамдық,құдыретше жаралды.Күнә,сауап екі жол,екі орынға барады.Сауап орны- ұжмақта,күнә орны-тозақта.
Ақыт хажы отбасылық имандық тәрбиесіне отағасының тура өзі жауапты екендігін түсіндірумен қатар,әке міндетін ерекше анықтап,бала мен жардың тәрбиесіне жұрт алдында,тіптен Жаратқанның алдында жауапты екендігін баса айтады. «Жігіт болсаң ақылды,тәрбиелеп таза өсір,бала менен қатынды.» «Ғылым сөзін көп тыңда,көрсең жақсы ақылды.Қайырың болса қыла жүр,бірдей көр алыс жақынды.Бағады әркім малын аз да болса.Сүйеді өз баласын таз да болса.Қатын бала қамы үшін,ары таза жаны үшін,ақыл,қайрат жұмсай біл,ұрпақтардың бары үшін.Ораза- пітір бермей қабыл болмас,малыңнан зекет бермей тағы болмас.Садақа қайыр беріп дін күтсеңіз,ұрпаққа үмітпенен үйретсеңіз,боласыз періштемен иман жолдас.»Бүгінгі таңдағы кей әкенің қатын,бала алдындағы беделі мен әулеттегі орнын пайымдау үшін Ақыттың осы ұлағатының көмегі тиері даусыз. Имандылықа тәрбиелеуде Ақыт ұлттық ғұрып,салттың тәрбиелік маңызына,оның жойылып кетпей сақталуына,ұлттық әдепті ұлағаттап,әулет мектебінде оның игерілуін үнемі қадағалап отыруды міндеттеген.Әдепсіздер мен көргенсіздерді қатал айыптап,оларды ар алдында жауап беруін талап еткен.
...Жақсы бала ер жетсе,елінге пана қорғаны.Жаман болса ер жігіт,жасқа жетпей алжиды.Қырық жасқа келгенде,ұйқылы-ояу маржиды.
...Әдепке көндір балаңды,жақсылық қайыр жолдасың,сыйласаң ата-анаңды.Өзіңді күтер артқы жан,өзің күтсең ағаңды ...Әдепті болсаң- иман сол,өнерлі болсаң –жиған сол.Жас өспірім,құрбылар,арамнан алып малданып,жын шайтанға алданып,жалғанда күнә қылмашы,дүние-жолдас деген деп,көрінгенді жесем деп,мұсылман дінін бұзбашы. ...Ұлық болсаң әділ бол,шариғат ұстап кәміл бол.Елдің ғұрпын жұрт білсін,бәрін де жайғап таныр бол.Басқалардан көнерек,керейдің әдет-ғұрпы бар.Оны ұмытпа есіңе ал.
...Әдеппен өсір жамағат,қызың болса тұлымды.Қараша надан демеңдер,қарашасыз хан бар ма?Қарашада жақсы әдеп бар,жан сүйіп бәрі,мадақтар.Әдебі жоқ әйелдер,әркіммен күлер ыржақтап.Ұятсыз болса қыз бала,кемпірдей сөйлер тайсалмай.Долы қатын сөйлейді атасына шаптығып.Көйлек киер жаман қыз,етек жеңін емермей.
...Тиымы жоқ тілінің,қызың өсті тұлымды.Жас қатындар сайрандап,еркеке таман тайраңдап,көрініс беріп көлделең,қасқайып қарап қоймаңдап,еркі қолға тиген соң,қуанады жайраңдап.Қынама киіп қылтиып,құйрығы шығып бұлтиып,омырауы ашылып,шашы бұрқырап шашылып,өңірі қашып тыртиып.
Қазақ әдебі -тым асыл,тым биязы.тым әсем.Иманды жан-әдепті.Ақыт үшін бұл екеуін айырып жіктеу артық.Сондықтан Ақыт хажы ұлықтардың, байлардың, билердің, молдалардың әдепті қылықтары мен мінездерін саралап жырлайды.Оларға жеке-жеке жыр арнайды.Ең соңында,жалпақ жұртты соңына ертіп,имандық нұрымен баршаны бақытқа апаратын осылар деп танып,имандылық тәрбиесін игертуді және іске асыруды соларға жүктейді.Әсіресе билер мен молдаларға ерекше сенім артады.

Әдебиеттер: 1.Ұлттық тәрбие үрдісі Қарағанды. 2014
2.Ақыт хажы Ғахылия Бай-Өлке 1994
3.Ә.Марғұлан Ежелгі жыр аңыздар Алматы 1985
4.Имам Бухари Имандылық қағидалары. Алматы 2008
5. Әулет мектебі Астана 2015
(Ақыттың ой-пікір үзінділері,автордың «Ақыт мұрасы» қаттамасынан алынды)
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы) Тәрбие.орг сайтынан ИМАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ЖАЛПАҚ ЖҰРТҚА ЖАЙҒАН ҒҰЛАМА Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы

зейнеткер мұғалім шет тіл мүғалімі

Пікірлер: 0

avatar