"Әй,жарайсың" сайысы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 361
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 07/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19922


Сыныптан тыс сайыс сабақ: «Әй, жарайсың!»
Мақсаты: Қазақстан туралы алған білімдері арқылы оқушылардың таным дүниесін кеңейту, ізденпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Мұғалім:Қазақстан – жүз ұлттың Отаны де,
Боздамайды бозінген боталы де.
Тілі, діні, салты бар, дәстүрі бар,
Еңбек сүйген ұлдары жоталы ел.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, мұғалімдер.
Бүгінгі демалыс уақытында 1-4 сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Әй,жарайсың!» сыныптан тыс ұйымдастырылған іс шараға қош келдіңіздер.
Сайысымызды қазақтың қара жорғасымен бастап денемізді бір қыздырып,желпініп алып,сайысымызды бастайық.
Ертеңгі елдің тірегі –
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар.
Сахнаға сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз.
Сәлем анам – алтын күн!
Сәлем қартым халқымның!
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылады жырымыз!
Бірінші сайысымыз «Сәлемдесу» сайысын бастайық.
Сахнаға бірінші команданы шақырамыз:
Бірінші команда:
Команда: «Жеңіс»
Ұраны: «Біз шаршамай,талмаймыз,
Жеңістерге самғаймыз»!
Мұғалім:Әйнегі – күн, шатыры – аспан.
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан.
Қазақстан – Республикам менің,
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте, досым, қазақ жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған.
Қазақстан – Республикам менің.
Мұғалім: Жақсы, «Жеңіс» командасы, сіздерге келесі сайысқа барып дайындалуға болады.
Сахнаға екінші команданы шақырамыз.
Екінші команда:
Команда: «Бірлік»
Ұраны: «Бірлік бар жерде, тірлік бар,
Бірлік болмай тірлік болмас».
Мұғалім:Білгім, білгім келеді
Көп нәрсені дүниеде.
Сол себепті тілдерді,
Жақсы білгім келеді.
Жүргізуші: Сахнаға Үшінші команданы шақырамыз.
Үшінші команда:
Команда: «Талапкер» .
Ұраны: «Талап – тұлпар,
Білім – сұңқар»
Жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Екінші сайысымыз «Сұрақ – жауап» сайысы.
Барлық командаларды сахнаға шақырамыз.
«Жеңіс» командасы, «Бірлік» командасы, «Талапкер» командасы.
«Сұрақ – жауап» сайысында әр оқушы қоржыннан асық алып, нөмірін айтады. Сол нөмірлі сұраққа жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстанның президенті кім?
3. Біздің тұратын қаламыз?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
5. Қазақстанда неше облыс бар?
6. Сен қай облыста тұрасың?
7. Бірінші қыркүйек қандай мереке?
8. Отбасы мүшелерін ретімен айтып бер?
9. Біздің облыста не өседі?
10. Сен нешінші сыныпта оқисың?
11. Сенің ауылың қалай аталады?
12. Қазақстанның рәміздері қандай?
13. Тудың авторы?
14. Әнұранның авторлары?
15. Елтаңбаның авторлары?
16. Қазақстанның үлкен қалалары қандай?
17. Тудың түсі қандай?
18. Бидайдан не алынады?
Командалар, сіздер сахнаның артына барып, келесі сайысқа дайындалыңыздар.
Құрметті оқушылар, қазір 4сыныптың қыздарының биін тамашалайық,содан кейін сіздерден осы өткен екі сайыстың қорытындыларын жариялауларыңызды сұраймыз.
Жүргізуші:
Алқа қотан той-думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу-маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
Үшінші сайысымыз «Шығармашылық» сайысы, Бұл сайыста командалар сурет сайысы.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
3-ші тур «Ғажайып алаң» Әрбір пәннен 3 сұрақтан.(Дұрыс жауапқа ұяшықта көрсетілген ұпай беріледі)
Қазақ тілі
10. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? Сын есім
20. Сөз құрамын зерттейтін сала? Морфология
30. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? Диалог
Математика
10. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут
ұстайды? 5 минут
20. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темірауырма?тең
30. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? Бұрыш
Дүниетану
10. күнге ең жақын орналасқан планета? Меркурий
20. Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.Жұмбақтас
30. Ең терең көл? Байкал
«Жеңіс» командасын шақырамыз:
Келесі сайыс. Мәнерлеп оқы
Бірінші команда:
Өлең: «Отан»
Отан сенің ата-анаң,
Отан досың, бауырың.
Отан өлкем Астанам.
Отан аудан, ауылың.
Отан тарих, отан тіл.
Жасаған елім, ер халқының
Отан өлең, отан жыр.
Көтерген көкке ел даңқын.
Ән: «Жалқаубек» 1 сынып оқушылары.
«Бірлік» командасын шақырамыз:
Екінші команда:
Өлең: «Туған өлкем». Тұрмажанов.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей даласы бар,
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Тілегі өскен алуан-алуан,
Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел үнінде бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ән: «Күн дидарлы Қазақстан».
3. «Талапкер» командасын шақырамыз:
Үшінші команда:
Өлең: «Қазақстан»
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп уанғам,
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Мұғалім:Бүгінгі сайысымыз әртүрлі бағытта болғасын қазір математикалық сайыс. Мұртты құмырсқалар.
Оқушылар кезектесіп тақтадағы есептерді шығару керек.
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де өшемін
Осымен сайыстарымыз аяқталды. Сөзді әділ-қазылар алқасына береміз. (грамоталарды марапаттау)
Келгендеріңізге рақмет, осымен «Әй, жарайсың» сайысымыз аяқталды. Қош-сау болыңыз Тәрбие.орг сайтынан "Әй,жарайсың" сайысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Түйтенова Айдана Еркінқызы

Озерный орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar