Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Көңілді балық аулау"
  • 21.01.2017
  • 89 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21164

Сыныптан тыс шара.
Тақырыбы: Көңілді балық аулау.
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге ынталары мен қызығушылықтарын арттыру.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Көңілді балық аулау» атты сайысымызғы қош келдіңіздер! Ортаға әр уақытта білімділігімен, алғырлығымен танылған сайысымыздың қатысушылары 7-сынып оқушыларын шақырамын. Оқушыларды жалпы ойын ережесімен және мақсатымен таныстырамын.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1. «Дағдылану» кезеңі.
2. «Балық аулау» кезеңі.
3. Дене шынықтыру минуттары.
4. Сөзжұмбақ шешу кезеңі.
5. Үйдің суретін салу кезеңі.

1. «Дағдылану» кезеңі
Экранға әр түрлі балықтар және Paint графикалық редакторы терезесінің элементтері бейнеленген сурет шығарылады. Оқушылардың берілген сурет бойынша балықтардың санын, экрандағы элементтер атауларын жұмыс дәптерлеріне жазып шығуына 2 минут уақыт беріледі. Уақыт біткен соң оқушылардың дәптеріне жазылған дұрыс жауаптар анықталады. Графикалық редактордың терезесіндегі ұғымдарының мағынасын көптеп (бірдей жауаптар сызылып тасталады да қалған жауаптардың әрқайсысы 1 ұпайдан есептеледі) көрсеткен команда анықталады.
2. «Балық аулау» кезеңі
Бұл кезеңде оқушылар көптеп балық ұстау керек. Мұндағы балықтардың ерекшеліктері бар. Әр балықтың артында сұрақтар жасырылған. Ал оқушылардың міндеті осы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинау. Топтан кез келген 1 оқушы шығып жасырылған сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 2 ұпай. Егер, жауап қате немесе толық болмаса сол топтың келесі оқушысы жауап береді. Ол кезде жауап 1 ұпайға бағаланады.

СҰРАҚТАР:

Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
Суретті сақтамай Paint редакторын қалай жабу керек?
Қате орындалған әрекеттің нәтижесін қалай болдырмауға болады?
Бұрынғы суретті өшіріп, жаңа бетті қалай ашуға болады?
Сызық түрлерін көрсет.
Әр түрлі сызықтар салатын құралды көрсетіңдер.
Тіктөртбұрыш пен квадрат қалай сызылады?
Қисық сызық қалай сызылады?
Тік және көлденең сызықтар мен 45ᵒ градусқа бұрылған сызықтар қалай сызылады?
Көпбұрыш қалай сызылады?

З. Дене шынықтыру минуттары
Мұнда ойын ойналады. Ойын «3, 13, 33» деп аталады. «3» деген кезде қол алға созылады, «13» деген кезде екі жаққа созылады, ал 33 дегенде қолды жоғары көтерілу керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе қолын ауыстырып созған оқушы ойыннан шығады.

4.Сөзжұмбақ шешу кезеңі.
Екі топқа бір сөзжұмбақ беріледі. Оң шешімін тауып тік бағытта жасырылған сөзді табу қажет. Шешімін алғашқы тапқан команда 1 ұпай алады.
1. Суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
2. «Вид» менюінің қазақшасы.
3. ... ... ... мен көздің ара қашықтығы 60-70 см болуы керек.
4. Аты бар бірқатар байттар тізбегі не деп аталады?
5. Қағазға басып шығару құрылғысы.
6. Көзбен ... ... ... .
7. Справка сөзінің қазақшасы.

ө ш і р г і ш
т ү р
э к р а н
ф а й л
п р и н т е р
к ө р у
а н ы қ т а м а

5. Үйдің суретін салу кезеңі
Бұл кезең компьютерде өткізіледі. Балаларға жеке-жеке салынатын үйдің суреттері беріледі. Салынған әрбір үй үшін 1 ұпайдан беріледі. Ал ең бірінші болып үйді салып бітірген топ тағы бір ұпай алады. Сосын соңғы үш кезең қорытындыланып, тақтағдағы турнир кестесіне жазылады.
Қорытынды. Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Көңілді балық аулау» ойынын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға алғысымызды айтамыз. Тәрбие.орг сайтынан "Көңілді балық аулау" Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Анебаева Ирина Орпабековна

"Бейнеу кешкі мектебі" Информатика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 89 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar