Көңілді тапқырлардың математика еліне саяхаты

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 295
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 28/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20253


Сабақтың тақырыбы:
Көңілді тапқырлардың математика еліне саяхаты
Мақсаты.
Сыныптан тыс жұмыс – жарыс сабағы арқылы оқушылардың математка пәніне деген қызығушылығын арттыру; Математика «қызықты», «көңілді», «қу» бола алатынын, «қалжыңы» да бар екенін көрсету; Математикадан алған білімдерін жетілдіре отырып шығармашылықпен пайдалана білуге үйрету.
Логикалық, шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ұйымшылдыққа, басқаны тыңдай білуге, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыбы түрлі-түсті қатты қағаздан қиылған үлкен әріптермен жазылады, т.с.с., т.б. керекті көрнекіліктер. (мүмкіндік болса интерактвті тақтаны пайдалану,слайдтар арқылы көрсету)
Сабақтың типі: дәстүрлі емес жарыс сабағы.
Сабақтың түрі: Ойын
Сабақты өткізу әдісі: ынталандыру мотивация әдісі, білімге ынталандыру.
Жарыс сабағының барысы:
Жүргізуші: Математика ғылымына барар кең, жазық, төте, оңай жол жоқ. Оның жарқылдаған биік шыңына, кедір-бұдырлы тасты жолынан, шаршаудан қорықпайтындар ғана жетеді.
8 «А» сыныбы мен 7 «Б» сыныбының ұшқыр ойлыларын ортаға шақырамыз!
8 «А» сыныбы: топтың аты, топ мүшелерін таныстыру, ұраны, таңбасы
7 «Б» сыныбы: топтың аты, топ мүшелерін таныстыру, ұраны, таңбасы
8 «А» сыныбы. Топтың аты: Ұшқыр ойлылар
Топтың ұраны: Математика – гранит, білім – балға. Жігерлі жас шағымызда балғамен гранитті сындырамыз!
7 «Б» сыныбы. Топтың аты: Математика әуесқойлары
Топтың ұраны: Талап, еңбек және де
Дарын деген төре бар.
Осы үшеуі біріксе,
Біз жеңбейтін не іс бар!?

«Зерделілер» аялдамасы
Себетте 4 алма бар. Әрқайсысы бір-бір алмадан алатындай 4 адамға беру керек, 1 алма себетте қалу керек. (Жауабы: бір адамға алманы себетімен беру керек)
Таңғы асқа екі әкесі мен екі баласы 3 жұмыртқа жеді және әрқайсысы бір бүтін жұмыртқадан жеді. Екі әкесі мен екі баласы 3 жұмыртқаны бөлшектемей әрқайсысы бір бүтін жұмыртқадан?! Қалай? (Жауабы: әкесі, ұлы, немересі)
Екі дос өзен жағасына келді. Өзен жағасында бір адамдық бір қайық тұрды. Олар еш қиындықсыз барғысы келген жағалауға жетті. Екі дос келесі бетке, жағалауға қалай жетті? (екеуі өзеннің екі жағасына келген еді)
Столда 6 стакан тұр, қатар тұрған 3-еуінде су бар, 3-еуі бос. Қолыңмен бір ғана стаканды қозғау арқылы суы бар және бос стакан кезектесіп тұратындай орналастыр. (Жауабы: қатар тұрған суы бар үш стаканның ортасындағының – екіншісінің суын қатар тұрған бос үш стаканның ортасындағы-екіншісіне құю керек)

Сұрақ белгісінің орнына сан жаз. (Жауабы: 5, сол жақтағы сандардың қосындысының жартысы)

Бек, Қанат, Нұр, Саят, Аян, мектептің асханасында кезекте тұр. Бек Қанаттан бұрын, бірақ Аяннан кейін, Нұр мен Аян қатар тұрған жоқ, ал Саят Аянмен де, Бекпен де, Нұрмен де қатар тұрған жоқ. Кім кімнен кейін тұр? (Жауабы: Аян, Бек, Нұр, Қанат, Саят)

«Арифметика» аялдамасы
100 санын бес 1 цифрын пайдаланып өрнекте. (Жауабы: 111-11)
100 санын бес 5 цифрын пайдаланып өрнекте.(Жауабы: 555-55)
100 санын алты 9 цифрын пайдаланып өрнекте. (Жаубы: 99+99:99)
100 санын алты 5 цифрын пайдаланып өрнекте.(Жауабы: 55+55-5-5)
100 санын бес 3 цифрын пайдаланып өрнекте.(Жауабы: 33×3+3:3)
100 санын сегіз 3 цифрын пайдаланып өрнекте.(Жауабы: 33+33+33+3:3)
100 санын жеті 4 цифрын пайдаланып өрнекте.(Жауабы: 44+44+4+4+4)

«Геометрия» аялдамасы
Үш түзудің көмегімен 12 бұрыш жаса.

12 шашканы әр қатарда 5-тен болатындай үш қатарға орналастыр.

12 орындықты әр қабырғада 4-тен болатындай орналастыр.

«Математика тарихы» аялдамасы

Алгебра, геометрия оқулықтарыңның авторлары кімдер?
Ғасыр сөзі нені білдіреді? (100 жыл)
1 карат неге тең және каратпен нені өлшейді? (Жауабы: қымбат тастарды өлшейді, 1 карат 1/5 грамм немесе 0,2 грамм)
1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі. (Жауабы: Рене Декарт)
«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы
(262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы. (Жауабы: Аполлони)
XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім?
(Жауабы: Лейбниц)
Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.
(Жауабы: Гарриот)
Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?
(Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323))
«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.
(Жауабы: Лейбниц)

«Математика қалжыңдайды» аялдамасы

Су астында қандай тас жоқ? (Жауабы: құрғақ тас)
Қайыңда он бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма? (Жауабы: Қайыңда алма болмайды)
Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (Жауабы: 8 шақырым)
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Жауабы: Түйеқұс ұшпайды)
Үш келуші өздеріне самсаға тапсырыс берді. «Әрқайсысы» өзінің самсасын жеді, екі самса қалды. Қалайша? (Жауабы: келушілердің бірінің есімі - Әрқайсысы)
Дәмханаға 11 адам келіп балыққа тапсырыс берді. Дәмхана иесінде 3-ақ балық бар еді. Ол өзінде 3 балық қана бола тұрып дастарханға 11 әкелуге уәде берді. Келушілер бұған таң қалды да ақшаларын төледі. Дәмхана иесі уәдесін қалай орындады. (Жауабы: балықтарды былай орналастырды: XI)
9 санының жартысын алып 4 санын қалай жазуға болады? (Жауабы: XI)
Жарты еденді жөндеу 2000 теңге, бүтін еденді жөндеу қанша тұрады? (Жауабы: Ешқандай. Бүтін еденді жөндемейді)
Тоғайға жақын шыбын- шіркейі бар шабындықта, 2 бірдей жылқы бірдей тәбетпен жайылып жүр. Айырмашылығы: олардың бірінің құйрығы екіншісінен екі есе қысқа. Жайылуды бір уақытта бастап бір уақытта аяқтаса қай жылқы шөпті көп жеді. (Жауабы: құйрығы ұзын жылқы көп шөп жейді, себебі ол құйрығымен шыбындарды қуды)

Төрешілердің қорытындысы. Жеңімпазды құттықтау. Тәрбие.орг сайтынан Көңілді тапқырлардың математика еліне саяхаты Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жабикенова Алмагүл Қайсарбекқызы

Балтабай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar